Эссе

18 қараша 2015 - Несипкул Утебаева
Эссе

Халжанқожа Сауле,

Некрасов атындағы№9мектеп-гимназия мұғалімі,

Түркістан қаласы.

Өзім туралы. Эссе.

Өзге емес, өзім айтам өз жайымда,

Жүрегім жалын атқан сөз дайында.

Тереңде тұнып жатқан дауыл күйді,

Тербетіп, тулатып бір қозғайын да.

(Қ. Аманжолов.)

«Адамға ең керегі – өзіне деген сенімділік пен жігер. Жасықтық адамды құлдыратқан үстіне құлдырата түседі» — демекші қиыншылығы мен қуанышы қатар жүретін ұстаздық мамандығында тек сенім мен жігер болуы керек. Абайдың:

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтап – дегендей ұстаз болу оңай мамандық емес. Осы қиын мамандықты таңдауыма себепші болған — менің асыл ұстаздарым. Мұғалім мамандығы мені бала кезімнен өзіне тартты. Үйдегі іні-сіңлілеріме сабақ үйретіп, ұстаз болдым. Ойын ойнағанда да мұғалім рөлін атқаратын едім. Ал пән таңдауға келер болсам, қазақ тілінен дәріс берген Айгул апайым мұғалім болуға қатты талпындырды. Әр сабағы қызыққа толы болатын. Көп материалдарды газет-журналдардан іздейтінбіз. Ауылда өскендіктен, ауылдың керемет суреті, тоғайдың симфониялық әуені, желдің ызыңы, малдың маңырауы, құстың сайрауы бәрі – бәрін танумен болдым. Сөйтіп үнемі білімнің отын үрлеумен жүрдім. Соның арқасында орта мектепті үздік бітірдім.

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Өзгент ауылында 1979 жылы дүние есігін аштым. Қызыққа толы балалық шағым шағын ауылда өтті.

1986 жылы алғаш №224 «Өзгент» орта мектеп табалдырығын аштым. Мектепте белсенді оқушылар қатарында жүрдім. Мектеп қабырғасындағы «Үздіктер тақтасында» суретім әрдайым ілулі тұратын. 1996 жылы аталмыш мектепті «Қызыл аттестатпен» бітіріп шықтым. Шу етіп ХҚТУ-нің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына оқуға қабылдандым.

2000 жылдан бастап Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназияға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қабылдандым. Ұстаздық – мәртебелі мамандық. Біреудің баласының проблемасы ұстаздың жүрегін ауыртады. Сондықтан ұстаз – барша халық үшін аяулы жан.

Өз мамандығымды өте жақсы көремін. Қызықты грамматика арқылы оқушыларымның пәнге деген қызығушылығын арттырып, сатылай комплексті талдау жасаймыз. Оқушылар да талдау жасағанда бір-бірімен жарыса талдайды.

Сынып жетекшілік еткен сыныбымды қатты бағалаймын. Балалардың таланттары ашылып, бір шығарған өлеңі еске түсіп отыр.

Менің мектебім.

Мектеп бар Некрасовтың атында

Тыңдаңдар кәріңменен жасыңда,

Бұл мектептен үздіктер ғана шығады,

Шәкіртінің ақылы көп басында.

Мектептің тарихы бар жетпіс жылдық,

Мектебінің тарихын білмеу, асқан сұмдық

Сол себепті оқуға көңіл бұрайық,

Сұрағанда демеңдерші білмей жүрдік.

Айтқанымдай оқуға көңіл бұрайық,

Жарқын болашаққа көпірді біз құрайық,

Білімді боп, тәртіпті боп өскен соң

Еліміздің белгілі азаматы болайық.

Мен бұл сөзді оқушыларға арнаймын,

Тек мұны айтып қана қоймаймын,

Некрасов атындағы бұл мектептің

Болашағы жарқын болсын әрдайым.

Бұл мектептен мен де білім алып жүрдім,

Білімді боп өсу үшін жеңді түрдім,

Білімі мол ұстаздардың арқасында

Білмейтін жерлерімнің бәрін білдім.

Ал енді сыныбыма келсем дағы,

Естен кетпес бұл сыныптың қызық шағы,

Бұл сыныпта оқығаныма өкінбеймін

Сыныбым жайлы айта берем тағы-тағы.

Ғажайып бұл сыныптың жетекшісі,

Ұстаздардың ішіндегі ерекшесі,

Білімді де мейрімді Сауле апай

Сауле апайсыз бұл сыныптың керек несі.

Бұл апай шәкіртінің көңілін табар,

Қасиеті бар болған жайтты сезіп қалар,

Сауле апайдан білім алған шәкірттері

Мүмкін президент, әлде бастық болып қалар.

Осы апайдан алып жүрдім білімді,

Үйретеді Сауле апай, сүюге ана тіліңді,

Шәкіртімін Сауле апайдың жолым болды менің де

Ұмытпаспын Сауле апайдың шәкірді болған күнімді.

Серікбай Жақсыбек.

Халжанқожа Сауле,

Некрасов атындағы№9мектеп-гимназия мұғалімі,

Түркістан қаласы.

Осыған ұқсас жазбалар:

Сайт туралыПортал туралы аз сөз

ЖаңалықтарОқулық сапасының жыры әлі де жалғасуда

Ұстаз үніҰЛТ БОЛАМ ДЕСЕҢ, ҰСТАЗЫҢНЫҢ ХАЛІН БІЛ!

Ұстаз үніБІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ АЛАЛАУ НЕМЕСЕ ІРІКТЕУ МЕ, ӘЛДЕ ІРІТУ МЕ?

Ұстаз ұйымдастырушыПедагогикалық шеберлік

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147887

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар