Топтық жұмыс ұтымды және тиімді (Эссе)

3 қазан 2014 - Зауре Мухаева

Мухаева Зауре Тюлюбаевна

Бастауыш сынып мұғалімі

Бестерек орта  мектебі

Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Талшық селосы

e-mail: azure-7172@mail.ru

                                                                 

                                                       

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсықұрбы, жақсы ұстаздан болады.

 

Абай.

 

Топтық жұмыс ұтымды және тиімді

        Жаңа  заман  ағымына   сай  білім  саласында  жаңа  технологияларды  қолданудың  маңызы зор. Қазіргі таңда білім берудің негізгі талаптарының бірі- білімді үздіксіз жетілдіру және оқыту үрдісін интенсивтендіру болып табылады.

       Әрине, мектеп оқушыларының білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу сабақтарының әр түрлі түрде ұйымдастыру аса қажет. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілерімен көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстардың пайдасы мен оның тиімділігін курстан кейінгі тәжірибемнен байқадым. Себебі, биыл мен 1 сыныппен еңбек етудемін, сондықтан мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндермен бірге өзім де өзгеріп, курстан алған білімімді тәжірибеме енгізіп, біраз өзгерістерге көзім жетті. Менің ойымша топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқушылардың белсенділігін жетілдіреді, қызығушылықтарын арттырады.  Өйткені, оқушылар топтық жұмыс кезінде ашылды деп айта аламын.

     Топтық жұмысты ұйымдастыруда курстан алған білімімнің тигізер пайдасы мол болды. Кішкентай бүлдіршіндер топтық жұмыс арқылы бір-бірімен тез тіл табысып, мектепке деген қызығушылықтары арта түсті. Бір-бірімен ақылдасып, пікір алмасып, араласып үйренді. Өздерін еркін ұстап, бір-бірін бағалай  білді. Тіпті сөздік қорлары дамып қолданысқа мынадай сөздер де енді: «Сен келісесің  бе...», «Сен қарсы емессің бе..», «Қалай ойлайсың..» т.б.

Топтық жұмысты енгізбес бұрын оқушыларға мысал ретінде бір топпен жұмысты үлгі ретінде көрсетіп мән-жайды түсіндірдім. Топқа бөлінудің әр түрін қолданып, оқушылардың әр топқа білім сапасына қарай тең түсуіне мән бердім. Топпен жұмыс жасағасын оның ережесі болатынына назарларын аудардым. Топ ережесін оқушылар өздері құруын талап еттім. Топпен жұмыс барысында оқушылардың дұрыс отыруын да назардан тыс қалдырмадым, тақтаға арқасымен отырмасын деп жағдай жасадым.Сонымен қатар қажетті сигналдарды, топтағы әр оқушының міндетін үйреттім. Топтағы жеке жұмысты да оқушының деңгейіне сай беруге тырысамын.

 Топтық жұмыс мынадай жетістіктерге жеткізетініне көзім анық жетті:

1.     Оқушылардың оқу және танымдық қабілеттері дамиды.

2.     Оқушылардың қорқыныш сезімі мен беймазалығы төмендейді

3.     Сабақтың уақыты тиімді үлестіріледі.

4.     Сыныптағы психологиялық ахуал жақсарады, жауапкершілік сезімі арта түседі.

5.     Берілген білім берік қабылданады, алған білімдерін іс-жүзінде іске асыра алады.

6.     Сыныптағы жұмыс сараланады.

Топпен жұмыс жасау дағдылары кейін есейген кезде де қажет болады деп есептеймін. Себебі күнделікті өмірде біз көбіне топпен жұмыс жасаймыз. Сондықтан өз пікірлерін, көзқарастарын және басқалардың ойларын дәлелдей біледі. Сондықтан мен топтық жұмыс өте маңызды деп шешіп, өзімді де, оқушыларды да өзгерттім деп ойлаймын.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151025

Пікірлер (2)
фиягуль # 5 қазан 2014 в 20:59 0
эссе маған ұнады. Мен де сабақтарымда, сыныптан тыс жұмыстарда оқушылармен топтық жұмысты жиі қолданамын, тиімді.
Нургиза # 8 қазан 2014 в 10:42 0
Дұрыс ұйымдастыра білсе топтық жұмыс өте тиімді. Себебі оқушылар топта бірін-бірі оқытып, бір - біріне үйретеді. Бос отыратын оқушы болмайды. Оқушылар топтық жұмысқа қызығады. Амал жоқ, арнайы кабинет болып, барлық жағдай болса нұр үстіне нұр болар еді. Топтық жұмысты әрі қарай жетілдіре беруіңізге тілектеспін.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар