Н н дыбысы мен әрпі

19 қаңтар 2014 - Админ
Н н дыбысы мен әрпі

 

Авторы: Айтпаева  Ардақ  Асылбекқызы

 Үшінші (негізгі) деңгей

 Рудный орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі,

Мұғалімнің аты-жөні:

Айтпаева Ардақ Асылбекқызы

Үшінші (негізгі) деңгей

 

 

 

Шағынкомплекті   мектеп

 

1 сынып

 

Сабақтың тақырыбы 

Н н дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: алған білімдерін кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.       Ол арқылы  сөзерді оқу және жазуға үйрету.

Дамытушылық:  оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін, танымдық ойын қалыптастыру,  танымдық ойын дамыту.

Тәрбиелік:  ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.       

 

Қолданған

модулдер:

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ,талантты және дарынды балаларды оқыту,оқушылардың жас ерекшелігіне  сәйкес оқыту,диалог арқылы оқыту, талантты және дарынды балаларды оқыту

Оқушылар үшін оқыту нәтижелері:

 

Үйренеді:

  •  Өзара түсіністікке, бірлесе жұмыс жасауға үйренеді
  •  Суреттердің айырмашылығын айтуға  үйренеді
  •  Өз ойларын  айта алады ,сурет арқылы әңгімелейді

Сабақта  қаралған негізгі  идеялар:

 

Ұйымдастыру:

Сабақтың шарты:  әртүрлі түстер арқылы топқа бөлінеді.

Белсенді қатысқан оқушы өте жақсы, жақсы деген бағамен бағаланады.

Сабақтың көрнекілігі

Заттық суреттер, Нн әрпінің баспа, жазба түрлері, интер белсенді тақта.

 

Сабақтың әдіс-тәсілдері

 

 ой- қозғау,

 кластер, , ойын элементтері, сұрақ-жауап

      

                                   Сабақтың жоспары

                         І кезең         Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, зейінін сабаққа аудару

Әр түрлі түстер арқылы топқа бөлу . 2 топқа бөлінді           

 

Психологиялық дайындық.  Оқушылармен шеңберге тұрып шаттық шеңберін өткіземін.                                                       Қайырлы таң досым!

Қайырлы күн деп айтамыз,

Түсте бірге қайтамыз.

Отбасының гүліміз,

Көңілді өтер күніміз!

 

«Топтастыру» стратегиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңа сабақ

 

 

 

 

III. Ой қозғау

Өткен сабақты пысықтау.

Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? Ол қандай дыбыс?    

 Ойын: Қай топ әдемі жазады?  Өткен әріпке шолу

 «Ас атасы –нан»  деген мақалды пайдаланып сабақты бастадым.

Бірде Науан әжесіне еріп, егіс даласына келді. Ол шашақты басы иіліп тұрған бидай  сабақтарын көріп, әжесінен:

-Мынау өсіп тұрған не?- деп сұрады.

- Науанжан, бұл пісіп тұрған нан,- деп ,жауап берді әжесі.

- Нан болса, таба наны қайда?

-Таба нан да  осы дәннің  ішінде.

- Ақ тоқаш ше?

- Ол да осы дәннің ішінде .

- Бауырсақ ше ?

- Бауырсақ та дәнге сиып тұр.

- Әже, кіп-кішкентай қауызды  дәнге осынша көп нан қалай сыйып тұр? – деп Науан таңғалды.

- « Ас атасы –нан, нан атасы –дән! деген. Осынша мол дүние ,тоқшылық әрбір дәннің ішінде, - деді әжесі.

Осы жерде  оқушылардың назарын  нан, дән деген сөздерге аударту. Нн дыбысының әрпімен таныстыру.

 Н әрпі неше элементтен тұратынын аңғарту  

Жұмбақ арқылы ашу

  Ас біткеннің анасы,

Қасиетті нан осы.

Қайсы әріптен басталып

Аяқталған қарашы. (Н)

Екі тіреу, басқышы біреу.  (Н)

 Әуеден күбі түсті,

Күбінің түбі түсті. (найзағай) .     

Маса, мол, алма,  тақта, мал, мамыр.

Нан мәтінінде не туралы айтылған? Мәтінді тізбектеп оқыту.

 

 

 

ІІ кезең

                                                      Жаңа тақырыпты  меңгерту

                                 Суретпен жұмыс.  Ата мен бала.

 

Неге нан жерде жатыр?

 Суретке қандай ат қоюға болады? 

Тірек сөздер: Санат, ата, нан, тастама, Алмат, аула, ал.

Тіл дамыту. Нан болса- ойнап- жүреміз

Нан болса-еркін жүреміз.

Нан- қасиет,

Нан- береке,

Нан- мереке,

Сергіру сәті:

Нан қоқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар.

Теріп алып қастерлеп,

Тоғайларға тастаңда!

 Буындармен жұмыс. Шарларда жазылған буындарды оқу, олармен сөз құрастыру.Тақтада жұмыс. Су, на, шу, ма, ну, ал, ра, ор, ау, са.

Ал-ма, ор-ма, са-на, ма-са.  Сөз, сөйлем құрастыру

Н-ның бас әрпі жазып,  нар сөзіне дыбыстық талдау жасалып, боялады.  Шынар сөзін көшіріп жазады.

Бекіту.Диктант.  ата, нан, нар. ыдыс, аула.

Оқушылар нан туралы тақпақтарды айтады.

Ойын «Ұйқасын тап!» Дан-дан-дан. Жасадым ұя тақтайдан. Са-са-са шағып алды маса.

Ойын «Сөз құрастыр» Тақтадағы буындардан сөз құрастырады..

Ойын «Жалғастыр» Алғашқы буынды айтамын, оқушылар сөзді айтады.

Оқулықпен жұмыс

Әліппе серігі  13 бет, Нанды қадірлейік..

Суретке қарап , белгілі бір жүиемен  әңгіме өрбіту.

Оқулықтағы « Нан» мәтінімен жұмыс жүргізу. Ондағы сызылған сөздерге дыбыстық талдау жасату.

 

 

Дәптермен жұмыс 40-41бет

Оқулықпен жұмыс 42-43 бет

 

Тыныш оқушымен жұмыс түрі

 

Шығармашылық жұмыс

Тестік жұмыс

 

 Тыныш оқушылармен тақтаға шығып суретпен жұмыс жүргізу.

          

І- топқа   «Н» әрпі бар сөздер айту

ІІ- топ   «Н»  дыбысы бар сөздерге  сөйлем құрау

1.Н әрпінен басталған сөздерді  табу

А)жапырақ

Ә) Нан

Б)көктем

2. «Нар» сөзіне дыбыстық талдау жасау

   Талдау.

 

Комбайн, трактор , наубайхана , бидай сөздеріне талдау жасау.

 

 

«Бағалау»

 

Рефлексия

 

 

Үйге тапсырма:

 

               2 жұлдыз, 1-тілек

    

 

 

 

 

                                                                                            

 

Сабақтан күтілетін нәтижелер:.

Оқушылар топ арасындағы ынтымақтастыққа үйреніп,өз ойларын айта алады,әртүрлі деңгейде тапсырмалар орындай алады.

 

 

       

Солтүстік Қазақстан облысы  Айыртау ауданы 

 Новоукраинка селосы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1103625

Пікірлер (2)
асем # 19 қыркүйек 2014 в 19:37 0
жоспар жаксы жасалгаг укыпты,тусиникти. Енбегиниз жана берсин,шыгармашылык табыс тілеймін.
МАНШУК # 20 қыркүйек 2015 в 09:10 0
Jartilai korinip tur ,tolik kalay korige boladi??aitip jibersenizder,otinish.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар