Блоги
Жазбалар лентасы (345) Барлық блогтар Жекелік Ұжымдық
Мен ұстазбын!Сағат жетіспеушілік. Ауылдарда
Ауылдық жерлерде сабақ беру өте қиын. Себебі мұғалім көп, сағат аз. Өз пәнім бойынша айтып отырмын (химия,биология). Сіздерде менің пікіріме қосылады деп ойлаймын. мен химия сабағын топқа бөліп өткенін қалаймын, мысалыға шет тілдері сияқты.Қиын пән көп оқушы түсінбейді себебі сыныптарда бала саны көп. Топқа бөліп оқытса түсінетін оқушы саны көбейеді деген үміттемін. казіргі таңда қажет мамандық болып тұр. Бізгеде сағат табылар еді. Осы мәселе бойынша ой қозғалса екен деймін.Басшыларға білім министірлігіне жеткенін қалаймын.
НҰр+1Бір үйдегі "жемқор" мен "патриот"
Отағасы үйіне жұмыстан концтоварлар әкеліп қояды, әйелі мұғалім екен де оның әкелгендерін мектепке таситын көрінеді. Отағасы бір күні: Мен үйге тасимын, сен далаға тасисың - деп режіпті. Сонда әйелі "Сен жемқорсың, мен патриотпын"- деген екен.
Алға Әлем.Шамаң келсе...
Шамаң келсе...

Атынан айрылып жаяу атанса да жаны жасымаған Жаяу Мұсаның «Ақсисасын» білмейтін қазақ жоқ. Солардың көбі біліп қана қоймай, ойын- тойларында сол әнді шырқаумен келеді. Шырқай да бермек.

Сол әндегі:
-Жігіттер, шамаң келсе маған ұқса,- деген жалғыз тармақтың өзі неге тұрады. Осы күні халық композиторларының әндерінің өміршеңдігін сөз етушілер, себебін іздеушілер аз емес. Оның себебі неде? Оған әртүрлі жауап беруге болады.

Соны ықшамдап айтар болсақ, олардың әндері ойдан шығарылған байбалам емес. Күштіден көрген қорлығын күйіне, күйзеле сөз ете отырып өзін де, өзгелерді де зорлыққа көнбей, әзілдік үшін айбаттанып, қайраттанып күресуге үндеді. Ал рухы жасымаған еңселі ел мұндай сананы сілкетін асқақ әндерді әманда аялай бермек.

Бұл – өмір сынына суарылған сұрапыл шындық. Өткен тарихтың шаң баспас, жоғалып жойылмас өмірмен бірге жасай берер мәңгілік ізі.

Сүлеймен Баязитов
НҰр+1телефоным қайда???
Жас келіншектің бір кезде телефоны есіне түсіп, қараса телефоны жоқ. Содан қарайтын жердің барлығын қарап, бұлқан талқан болып жүрсе, жолдасы "Әй, құдай біледі, балаң жоғалса бүйтіп іздемессің, сірә?!" депті.
Алға Әлем.Немереме!
Немереме!

Нұртілеуім,
Сен туғанда шаттықтан бір түледім.
Уілдеген үніңнен айналайын,
Келіп тұрды сол сәтте күлші дегім.
Жөргегіңде жатырсың тырбаң қағып,
Қас-қағымда мына өмір өтер ағып.
Бала бүркіт секілді көкті аңсаған
Талап қылып ұшарсың қанаттанып.
Мына байтақ бабадан алған енші
Тылсымына құлақ түр, тебіренші.
Сенің алтын бесігің – Отаның бұл,
Бастауынан қанып іш, гүлін терші.
Балғыным, бұл – бабалар аманаты,
Туған жерің ұмытпа, жер жәннатың.
Ұланы бол сен оның сенім артар,
Бол еліңнің қатарлы азаматы.

Сүлеймен Баязитов
Алға Әлем.Газет және оқырман
Айтсын деп ақиқатты тіл берілген
Газет және оқырман

Тәуелсіздік таңы атқалы да 25 - жыл. Осы ақ түйенің қарыны жарылып, Еліміз Тәуелсіздік тойын есте қаларлықтай ұрпақтан ұрпаққа аңыз болып жетерліктей дәрежеде атап өтіп жатқан тұста әркім-ақ өткен жылдарға өзі куә болған жайларды есіне түсірген болар.

Дегенмен атқарылған істі бастан кешкен жайларды бір-ақ сәтте еске түсіру, бағамдап баға беру мүмкін бе? Тәуелсіздік жылдарында атқарылған игілікті істер ұшан - теңіз ғой. Білім беру, денсаулық сақтау, отан қорғау, индустрия т.б.

Салалардағы жетістіктерді айтып шығу тіптен де мүмкін емес және оның бір мақалаға сыюы да екіталай ғой. Толғаныс үстінде менің ойыма өзіміздің облыстық «Сарыарқа самалы» газеті орала кеткені. Сәл шегініс жасау артықшылық етпес.

Кешегі кеңес кезінде партияның айтқаны жүріп, айтқанымен тұрған көп газеттердің бірі еді. Ол тұста басқаны былай қойып, орталық комитеттің жоғары дәрежелі өкілінің облысқа келіп кеткенін облыстық газеттің оқырмандары тек ТАСС-тың КАЗтаг-тың қысқа хабарларынан оқып - білетін.

Ал олардың қандай мәселеге назар аударғаны, қандай шешім қабылдағаны жұмбақ күйінде қалатын. Бір сөзбен, облыстық газеттің (мұнан әрі газет) қызметкерлері үшін сөз бостандығы, хабар алу және оны тарату мүмкіндігі шектеулі еді.

Газет қызметкерлері тек сол аймақтың тұрмыс - тіршілігін ғана жазуға тиіс деген жазылмаған қағида, темір тәртіп, талай қаламының ұшынан от шашыраған таланттардың қиялын қыр асырмай қылтасынан қиды десеңші.

Сондықтан да болар «Сарыарқа самалы» газетінде бұдан бірер жыл бұрын журналист Сая Молдайыптың Алматы сапарынан жазған (газеттің редакторы А.Әбіш) сериялық сұхбаттарын оқығанда, қатты қуанған едім. Осы сериялық дүниелердің жалғаса беруін тілегем.

Сөйтсем, бұл редакция ұжымының арнайы жобасы екен. Енді осы жобаға еніп, жарық көрген сұхбаттарға аз-кем тоқталайық.

Мұзафар Әлімбаев, Әзілхан Нұршайықов, Қалмұқан Исабаев, Ахат Жақсыбаев сынды жазушылармен болған сұхбаттардың, қазақ ұғымына сәйкестендіріп айтсақ, әрқайсысы бір қаралық еді.

Мұзағаң мен Әзағаңның ұрпақ ертеңіне алаң көңілден туындаған толғамдары, отан үшін от кешкен бүгінгі жарқын болашақ ел тәуелсіздігін толымды ой толғақты сырлары газет оқырмандарын тәй басқан тәуелсіздік тұсындағы жетіп артылардай уақыт салмағын бір сәтке ұмыттырғандай еді-ау.

Ал қазақ үшін адам айтқысыз әдеби мұра қалдырған Қалекеңнің соғыс соқпағында Италия жерінде отан үшін опат болған қазақ партизандарының уақыт тозаңына көміле бастаған есімдерін Италиядағы қазақ елшілігі арқылы айдай әлемге паш етті. Оларға Италияда кесене тұрғызылды. Міне, осы жайларды газет тілшісі С. Молдайып жарқырата жазды.

Біздің жерлестеріміз үшін Сәбит Дөнентаевтың есімі аса ардақты, өйткені ол біздің өңірден шыққан шебер журналист. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы сатира сардарларының бірі. Оның Семей қаласындағы бейтінің мүшкіл халде екендігі туралы дабыл көтерген де - белгілі қаламгер Сая Молдайып.

ҚР Тағамтану академиясының академигі Төрегелді Шорман дәстүрлі әнші Қайрат Байбосынов, Құнанбай ролін сомдаған Д. Жолжақ-сынов сұхбатын оқып отырып, Саяның сұхбат алу тәсіліндегі бір ерекшелігіне назар аудардым.

Ол кейбір әріптестеріміз сияқты сұхбаттасушының өмірбаянын, қол жеткен жетістігін тізбелеп жаза келіп: «Сіз біздің қалада бұрын болып па едіңіз? Қала сізге ұнады ма?» - деген жаттанды сауалдардан бойын аулақ ұстауы, жазушының, ғалымның, актердің шығармаларындағы көптеген кейіпкерлердің атын атай, іс-әрекеттеріне тоқтала отырып қойған сауалдары сұхбаттасушысын өзіне ынтықтырып, нақтылы жауапқа бастайды.

Ал бұл газет оқырманын қызықтырмай қоймайды. Әттең оқырманға олжа салған дүниелер туралы газет көлемі (жариялана қалса) көшірмейтіндіктен тартына сөйлеуге мәжбүрмін.

Әйтсе де журналист Фархат Әміреновтің, (Бас редактор Н.Жайықбаев) Бауыржан Момышұлының келіні белгілі жазушы Зейнеп Ахметовамен «Қазақтың кіндігі жерден ажырап қалды» атты сұхбатына атүсті болса да тоқтала кетуді жөн көрдім.

Бұл біздің газеттің оқырмандарымен қатар исі қазақты толғандырған небір зауалды жайларға жауап берерліктей дүние екен. Солардың ең бастыларына аз-маз тоқтала кетейік.
Журналистердің: «Жастардың адасуының себебі неде? Қай жерден шалыс бастық?»- деген сауалына Зейнеп: «Ең басты себеп – біздің 70 жыл бойы Құдайсыз қоғамда өмір сүруіміз. Ал адасып жүрген жастар басқа қоғамнан келген жоқ.

Өз ортамыздан шықты...Шекараны айқара аштық, ал оларға керегі жер асты, жер үсті байлығы еді. Сөйтіп, қазақты батыс жалаңаштады, шығыс тұмшалады»,-деген еді.

Сол сияқты Зейнептің дін мен дәстүрге байланысты: «Қазір дін жолында жүргендердің дені қандай бір мәселе жайлы ой айтылса, бұл шариғатта жоқ дегенді алға тартады... Біздің иман- молдалар дін мен дәстүрді дұрыс түсінбейді...

Құдай сені қазақ қып жаратты сол ұлттың тілі, дәстүрі,салты жөн-жобасы, әдебиеті, мәдениеті, тарихы, елі, жері – бәрі саған тиесілі деуді де естен шығарып алады»,- дейді.

-Тіпті қазақтардың бойындағы бауырмалдық, мейірбандық, дархандық сынды қасиеттердің барлығы өзінің бастау көзін ұлттық салт- дәстүрден алатыны жөнінде де жұмған ауыздарын көп аша бермейді.

Газет еліміздің өткенін, бүгінгісін бүкпесіз жазып, оқырманға жеткізе білсе ғана күнделікті өмірдің жылнамасы бірте-бірте тарихқа айналмақ. Жазушылар мен ақындар өнер шеберлері шашасына шаң жұқпайтын Республика ғылымын дамытқандар туралы «Қазақ әдебиеті» газеті, т.б.

Республикалық басылымдар жазсын деп күтіп отырмай, өз оқырмандарына қазір де көп айтылатын тосын сый ұсынып, бірталай білімдарлардың ой маржанына ортақ еткені үшін, «Сарыарқа самалы», саған шексіз алғысымды айта отырып , журналист әріптестеріме: «Жазар көбейсін, бауырлар!» -дегім келеді.

Сүлеймен Баязитов
Алға Әлем.Есепке қалайсың?...
Есепке қалайсың?...

Әжем менің төрт сиыр,
Екі ешкіні сауады.
Неше емшек сауғанын,
Қане кім тез табады.

(жиырма)


Неше мүйіз танада,
Неше табан шанада.
Айта қойшы сана да.

(екі мүйіз танада, екі табан шанада).


Неше көз бар қарғада,
Доңғалақ нешеу арбада.

(екі көз, төрт доңғалақ).


Әкемде де бар көлік,
Шешемде де бар көлік.
Екеуінің нөмірі
Сексен бестен бірі кем.
Қанша сонда болады,
Айта қойшы білсең сен.

(әрқайсының нөмірі қырық екі).


Әнегүні Желтауға үш сағатта шығып ем,
180 - минут жұмсадым сол сапарға бүгін мен.

(екеуінде де үш сағаттан).


Қарақаттың литрі 25 - теңге тұрады,
75 - литр сатсаң сен
Қанша ақша шығады.

(1,875)


Сан басында бір тұрады білесің,
Содан кейін әр ондықтан алады бір үлесін.
Жүзге дейін неше бір бар екенін,
Қане, қайсың білесің?

(бір он рет келеді).


-Еу жұрнағы, - ау жұрнағы
Кей сандарда кезігед.
Атай қойшы сол сандарды
Тұрғаныңда кезі кеп.

(бірден жетіге дейін).


Әр ондықты түгендеп,
Әр жүздікті түгендеп,
Әр мыңдықты жүгендеп,
Тұратұғын бір сан бар.
Нешесі бар жүздікте,
Ал, қанекей, табыңдар!

(нөл жүздікте, 10 - рет кездеседі).

Сүлеймен Баязитов
Алға Әлем.Қара нан
Қара нан

Қышқыл дәмді қара нанды,
Жаратпаушы ем жасымнан,
Ауру шалды ағзамды,
Берекемді қашырған.
Дәрігерлерге амалсыздан қарандым,
Көңілімді сары уайым жайлады.
Дәрігер маған қара нанды қарағым,
-Көп жеу керек деді, бір сәт жайдары,
Сонда білдім қара нанның қуатын,
Дәру екен көп ауруға ол деген,
Бірте-бірте қалпына кеп саулығым,
Бірте-бірте арта берді қуатым
Қара нанды жесін-дер ем сенбеген.

Сүлеймен Баязитов
Алға Әлем.Жасыл ел
Жасыл ел

«Жасыл елдің» мүшесімін мен деген,
Дегенінде ағама мен сенбеп ем.
Ерте тұрып, шайын ішіп, күрек ап,
Шыққанында мен соңынан ерген ем.
Бір көшені кесіп өтіп көлденең,
Көк жиекке ұштасқандай көлбеген.
Көп ұзамай шықтық ауыл шетіне,
Осында екен кәрі мен жас ел деген.
Кеткен екен іске әбден беріліп,
Жалқауланып тұрған жан жоқ керіліп.
Көшеттерді егіп жүрген жұртпенен,
Балаларда мен сияқты елігіп.
Шелек-шелек су әкеліп құяды,
Жұмысшылар, ел ағасы зиялы.
“Жасыл елдің” келешегін сөз етіп,
- Қара шаңды асау желді тияды.
Әрі пана, әрі ауаны тазалап...
Жасыл елдің келешегі ғажап ақ.
«Жасыл елге» қалай үлес қосам деп,
Тұрған ойдан күн ұзаққа мазалап.
Бірақ сәтте ойда жоқта арылдым,
-Сенде мұнда екенсің ғой жарығым.
Шелекке мына ие болда су тасы - деген
Жанды айтқызбай ақ таныдым.
Әпке, әпке-деп, шелекті алдым қолынан.
Су тасыған еріп жұрттың соңынан,
Көшеттерді жұртпен бірге суардым,
«Жасыл елдің» мүшесімін мен енді.
Сөйтіп айым туды бірден оңынан,
«Жасыл елдің»
Игілігін көреді елім соңынан.

Сүлеймен Баязитов
Алға Әлем.Тарих
Тарих

Біздің тарих шиырлы,бұралаңды.
Қызыл қан мен
Көз жастан құралады.
Өзекті өртер өксікті ашып айтпай,
Келе жатыр
Айырылмай мұнар әлі.
Қайран шындық қанша рет тұралады.
О, тәңір-ай, әлдекім тарих десе.
Көз алдыма келтірем мұнараны.
Кавказдағы шыңдардың біріндегі,
Күнді бағып көзі оның ілінбеді.
Сол мұнара секілді біздің тарих,
Құдіретке бас иіп күлімдеді.
Қалған шындық құдірет тасасында,
Сәті түсіп сырыңды ашасың ба.
Бет-бейнеңді мәңгілік өзгерттің бе,
Ұлылықтардың айналып асасына.
Біздің тарих шиырлы,бұралаңды,
Қызыл қан мен
Көз жастан құралады.
Өзекті өртер өксікті ашып айтпай,
Келе жатыр айырылмай мұнар әлі.

Сүлеймен Баязитов
Беттер: 1 2 3 Келесі Соңғы

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru