0 RSS-лента RSS-лента

Әдістемелік жетістіктер

Блог авторы: Амантай Абитаевич
Мақсатқа және күтілетін нәтижелерге жетуді жүзеге асыру жоспары
Мақсатқа және күтілетін нәтижелерге жетуді жүзеге асыру жоспары
Мектептің даму жоспарының басымдықтары
Сабақта топтық жұмыс пен кері байланыс әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабылеттерін арттыру:
Мектептегі мұғалімдердің оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдануға қатысты жеке түсініктерін дамыту;
Оқушылардың өзін-өзі дамыту және өз білімін жетілдіру қажеттілігін қалыптастыру.
Мақсаты:
Оқу үдерісіне кері байланысты, бірлесіп жұмыс істеуді, формативті бағалауды енгізу арқылы оқыту сапасын арттыру

Міндеттері:
Оқушылармен тиімді кері байланыс орнату.
Оқушыларды өздерінің оқу үдерісіне қызу араластыру.
Оқыту мен бағалау нәтижелері арасында байланыс орнату.
Оқушылардың бірлесе жұмыс істеу барысында сабақтарына деген қызығушылықтарын, ынтасын, ойлау деңгейін, сөйлеу дағдыларын дамыту.
Өз жұмысын өзі бағалау және өзін өзі жетілдіру жолдарын түсіне білуді дамыту.

Өзгерістерді енгізу үдерісін басқару бойынша төменде көрсетілген ұйымдастыру жоспарын құрамын:
Мектеп әкімшілігін , қоғамдастық мүшелерін іс-тәжірибеге арналған жұмыс жоспарымен таныстыру;
Мектептің бастапқы жағдайын анықтау мақсатында мұғалімдер, оқушылар, ата-аналармен сауалнама, сұхбат сұрақ-жауап жүргізу;
Мектеп тәжірибесін түрлендіру жоспарын анықтап, екінші,үшінші деңгей мұғалімдері таңдап алған басымдылықты іске асыруда дамыту жоспарын дайындау;
Даму бағыты бойынша 1 Тәлім алушымен( ІІ деңгей) Коучинг жоспарын құру, кәсіби білім беру;
Коучинг өткізетін тәлім алушы мұғалімдерді «Жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану», «Жеті модуль» бағыттары бойынша кочингке дайындық;
Таңдалған даму бағытына сәйкес Коучинг сабағын өткізу. Рефлекциялық есеп.
Коучингке қатысқан мұғалімдер сабақтарын бақылау.
Мектеп жетекшілері, әдістемелік бірлестік жетекшілері, мектептің желілік қоғамдастық мүшелерімен бірлесе отырып «Іс-әрекеттегі зерттеудің қорытындысы» тақырыбында дөңгелек стол өткізу.
Өзгерістерді енгізу үдерісін басқаруды ұйымдастыру жоспары
Өзгерістерді енгізу үдерісін басқаруды ұйымдастыру жоспары
Мектептегі әріптестеріме оқыту мен оқудағы тиімді тәсілдерді, қажетті дағдыларды дамыту мен көмек көрсету бағытында «мектептегі тәжірибе» бағдарламасы бойынша коучинг сессиясы өткізіледі. ІІ-ші, ІІІ-ші деңгей мұғалімдері оқытудың әр-түрлі педагогикалық стратегияларын қарастырып, әр-түрлі тақырыптарда коучинг, ашық сабақтар өткізеді, онда оқудағы келесі жаңа әдіс-тәсілдер қарастырылады:
Қалай оқу керектігін үйрену
Өзін-өзі реттеу (метатану)
Диалогтық оқыту әдісі
Топта орын алатын әңгіме түрлері
Сұрақты қою
Сыни тұрғыдан ойлау
Шығармашылық ойлау
Дарынды оқушылар
Талантты оқушылар
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
АКТ-ны қолдану.

Мұғалімдер әріптестерімен ынтымақтастықта оқу ортасын құру, жүргізу, басқару және жоспарлауға үлес қосу үшін өзінің мүмкіндіктерін барынша жетілдіріп отыруға тиіс.
Аталған проблеманы шешудің бірден-бір жолы:
Мектепте әдістемелік кеңестер өткізе отырып мұғалімдерге коучинг жүргізу әдістемесін пайдалана отырып, мектепте шағын шығармашылық топ құру, коучинг жүргізу, жаңа бағдарлама және жеті модульмен таныстыру қажет.
Онда негізінен мектеп тәжірибесін түрлендіру жоспарын (бір басым бағыт бойынша), сондай-ақ коучинг және тәлімгерлік бағдарламаларын әзірлеу жолдарын қарастыру қажет. Әріптестермен,әкімшілікпен, әдістемелік секциялар/бірлестіктер/кабинеттер/ кеңестердің басшыларымен, Үшінші және Екінші деңгей бағдарламасы бойынша оқыған мұғалімдермен оны іске асыру тәсілдерін талқылау қажет. Мектептің оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу үшін қолданылатын тәсілдері мен әдістерде қарастырылады.
Осындай ынтымақтастықта мұғалімдердің өз мүмкіндіктерін жетілдіру жұмыстары барысында мұғалімдер коучинг жүргізу идеясына талдау жасай отырып, саралау жүргізу арқылы коучинг жүргізу идеясын, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар жасап үйренеді.
Мектепте нақты өзгерістерді жүзеге асыру үшін қажеттіліктер қалай анықталады?
Мектепте нақты өзгерістерді жүзеге асыру үшін қажеттіліктер қалай анықталады?
Бізге ұсынылып отырған біліктілікті арттыру деңгейлік курсының бағдарламасы- мұғалімнің оқыту мен оқытудағы әдістерін өзгертуге жасалған жаңа бастама, бұл бағдарламаның мазмұны сындарлы оқыту теориясының негіздерін қалайды.

Нақты мақсат қоюдың бірден-бір негізі:
Мектептің бастапқы жағдайынан байқағанымыз:
ХХІ ғасырда өмір сүру үшін оқушылардың өзін-өзі дамыту және өз білімін жетілдіруді талап ететін өзгерістерді енгізуді жобалау қажеттілігін;
Мектептегі мұғалімдердің көпшілігінің оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдануға қатысты жеке түсініктері баяу дамығандығын;

1. Мектепте нақты өзгерістерді жүзеге асыру үшін қажеттіліктер:
Жоғарыда көрсетілген бұл проблеманы шешудің бірден-бір жолы оқыту мен зерттеуге ынта жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін мұғалімдерді қалыптастырып «Оқу үдерісіне кері байланысты, бірлесіп жұмыс істеуді, формативті бағалауды енгізу арқылы оқыту сапасын арттыру», яғни «Оқушылардың шығармашылық қабылеттерін арттыруда топтық жұмыс пен кері байланыстың тиімділігі» тақырыбындағы мектептің даму жоспарын іске асыру.
Мектептің бастапқы жағдайы мен мектептің даму жоспары айырмашылығын жою үшін «мектепте қандай өзгеріс енгізу қажет?» деген сұрақ туындайды.
Мектепте мұғалімдердің көпшілігі жаңа оқыту технологиясы бойынша әр-түрлі курстардан өтіп, сабақтарында пайдаланса да оқыту сапасының артпағаны байқалады. Сондықтан да мектеп мұғалімдеріне көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдерді араластырып қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты әдістер мен стратегияларды қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білім қажет. Педагогика жаңалықтарының бірі - оқытудың іс-тәжірибесіне жаңа әдіс-тәсілді енгізу. Біздің басты мақсатымыз – мұғалім іс-тәжірибесіне өзгерістер енгізу. Бастысы ол өзгерістер мұғалімге де, оқушыға да оң нәтиже беруі тиіс. Әрине, оқытудың барлық әдістері оқушыны дамытуға құрылып келеді. Дегенмен дәстүрлі оқыту түрлерінде оқулық пен мұғалімнің пікірін нысана етумен шектелу басым болды. Бүгінгі оқыту оқушы қабілеті, оны жан-жақты дамыту, даму әрекеттерін ұйымдастырудың қажеттігін дәлелдеп отыр. Біздің әрекетіміз – баланың сабақ үстіндегі әрекетін ұйымдастыру, әрекет нәтижесін байқау, қабілетімен еркін атқара алатын ісі, соның нәтижесіндегі тұжырымына көз жеткізу.
Мектеп тәжірибесіне өзгеріс енгізу қажеттілігі:
Неліктен әлем елдері білім беру жүйесіне реформа жүргізіп жатыр? Толықтай алғанда бұл реформалар Қазақстанға қандай дәрежеде өзекті және қолданбалы (жарамды)?
Қазырғы әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. ХХ ғасырдың соңғы ширегінде әлемде білім революциясы құлаш жайды. Алғашқыда оған жанама құбылыс, ғылыми-техникалық революцияның «әлеуметтік салдарларының» бірі ретінде қарап келді. Білім беру революциясындағы бірінші көрініс білімді түбегейлі демократияландыру болды. ХХІ – ғасырда талап ететін дағдылардың негізі – білім беру саласында оқушылар үшін білім де дағдылар да тең дәрежеде болуға тиіс. Оқушылар алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білулері керек.
Неліктен осы секілді өзгерістер менің мектебіме қажет және қолданылуы мүмкін?
Білім беру саласындағы бағдарлы мектептердің пайда болуы, лицей, мектеп-гимназиялардың білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеру үшін жүргізіп жатқан жұмыстары, ондағы оқытудың жаңа әдістері-дистанциялық оқыту, электронды оқыту жүйесі, тағы басқалары да елеулі жетістігіміз. Білім берудің жаңа парадигмасы бойынша, күннен күнге кең етек алып отырған білімді жүйелі түсіндірумен бірге, өз бетінше ізденіс әдістеріне басты назар аудару да орын ала бастаған. Бұл білім берудің әлемдік стандарттарына сәйкес келеді. Мұндағы ең басты міндет-оқушы алған білімін өз бетінше дамытып, іс-жүзіне асыруға қабілетті тұлға ретінде қалыптасуын ұйымдастыру.

Басты міндетіміз - оқушы алған білімін өз бетінше дамытып, іс-жүзіне асыруға қабілетті тұлға ретінде қалыптасуын ұйымдастыру. Бұл басты міндетті атқару үшін «ХХІ ғасырда нені оқыту керек?» және «мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?» деген сұрақтар туындайды.
Осы реттен келгенде орта және жоғары мектеп жүйесін белгілі бір бағытқа бұрып, оқу-ғылым ісін ортақ мақсаттар төңірегінде топтап, қатар дамыту-іргелі ізденістерге, нәтижелі істерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда бұл іс өз деңгейінде дамып, оңды нәтижесін беріп тұр деп толық айта алмаймыз.
Сондықтан да осы секілді өзгерістер бүкіл Қазақстан мектептеріне соның ішінде менің мектебіме өте қажет.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru