"Қазақ деген біреу бар" (Ұлықбек ағаға еліктеу)

Автор
Жарияланды: 1253 күн бұрын (13 қаңтар 2015)
Өңдеу: 1 рет — бүгін в 07:06
Көңіл күй: Шүкір, әйтеуір.
+1
Голосов: 1
Асқар Наймантаев.
«Қазақ деген....»
(Ұлықбек Есдәулетов ағаға еліктеу)

Қазақ деген біреу бар - министрлеу,
Сіп-свежи бет-аузы,к...ті кірлеу,
Өз ұлтына паң болып, өзгелердің,
Табанында жататын болып сүрлеу.

Қазақ деген біреу бар - әкімірек,
Сыбайлас пен жемқордан жақыны көп,
Көпшілікке көсемсіп, аттан салып,
Жым болатын «Әй!»-десе, қатыны кеп.

Қазақ деген біреу бар - ақынырақ,
«Ақынмын»- деп халқына жакынырақ,
«Елдін жайын жырлашы кане»- десең,
Көк сарайды мақтайтын отырып ап.

Қазақ деген біреу бар - депутаттау,
Көбісінін міндеті заңды баптау,
"Қазағым" деп біреуі шаршап жүрсе,
Біреуінің міндеті көкіп,оттау.

Қазақ деген біреу бар - намыстырақ,
Қанқу сөзге тігетін қамыс құлақ.
Дау-дамайдың ошағын үрлеп беріп,
Жеме-жемге келгенде қалыс тұрад.

Қазақ деген біреу бар - оқығандай,
Әр нәрсені бір тартып,шоқығандай,
Бас сұқаны әр жерге ұқсап кетед,
Жүрген жанға «дәретке» отыра алмай.

Қазақ деген біреу бар- мұсылмандау,
Түрін көрсең ойлайсың "ұшынғанбау"
Тозағыңа тірідей әкетеді.
Келгендей ақ дәл өкпе тұсыңнан жау.

Қазақ деген біреу бар – көсемірек,
Мінбелерге шығатын, шешенірек.
Ана тілін өзінің білмесе де,
Ебін тауып әйтеуір өсе білед.

Қазақ деген осындай ел бар екен,
Байқамаппын ішінде мен бар екем.
Артық кетсем ағайын кешіріңдер,
Бір жеріме қарамай нем бар екен!
""
Сурет кішірейтілген. Түпнұсқада көру үшін шертіңіз.
827

Читайте также:

  • «Қазақ деген....»
    «Қазақ деген....»

    Асқар Наймантаев. «Қазақ деген....» (Ұлықбек Есдәулетов ағаға еліктеу) Қазақ деген біреу бар - министрлеу, Сіп-свежи бет-аузы,к...ті кірлеу, Өз ұлтына паң болып, өзгелердің, Табанында жататын болы...

  • ЛИБОП!
    ЛИБОП!

    ЖҰМЫҚ: О, либоп, либоп, либоп! Ти мая радост, полный жибот! Ти мой сләдки сироп, Кәгдә думыйу ә тибе, Сердсе к кеңирдеку идот! О, либоп! ЫЗДЫЙ: Не дейсің, жаным ұқпайым, «Сүйемін» - деші, құптайын...

  • АЮМЕН АЛЫСҚАНЫМ.
    АЮМЕН АЛЫСҚАНЫМ.

    Алдымен келісіп алайықшы? Осы менен қыз- келіншек туралы әңгіме сұрай бермеңдерші. Хәтә бі бүгін! Бүгін қыз туралы әңгіме айтпайық. Менен «Одан басқа қандай әңгіме бар сенде?» - деп сұраңдаршы? Сұр...

  • "Мәдениет" журналы 10 жаста! Концерт болады!
    "Мәдениет" журналы 10 жаста! Концерт болады!

    Сурет кішірейтілген. Түпнұсқада көру үшін шертіңіз.

Пікірлер (2)
Таланттар мектебі # 13 қаңтар 2015 в 09:42 +1
Askar Naymantaev # 13 қаңтар 2015 в 09:46 +1
Есімнен шығып кетіпті, басқа бірдеме іздеп отырып тауып алдым. )))

Үздік авторлар

1
1

Блогтағы жазбалар