«Қазақ деген....»

Автор
Жарияланды: 1324 күн бұрын ( 2 ақпан 2015)
Көңіл күй: Қазақтікіндей
+3
Голосов: 3
Асқар Наймантаев.
«Қазақ деген....»
(Ұлықбек Есдәулетов ағаға еліктеу)

Қазақ деген біреу бар - министрлеу,
Сіп-свежи бет-аузы,к...ті кірлеу,
Өз ұлтына паң болып, өзгелердің,
Табанында жататын болып сүрлеу.

Қазақ деген біреу бар - әкімірек,
Сыбайлас пен жемқордан жақыны көп,
Көпшілікке көсемсіп, аттан салып,
Жым болатын «Әй!»-десе, қатыны кеп.

Қазақ деген біреу бар - ақынырақ,
«Ақынмын»- деп халқына жакынырақ,
«Елдін жайын жырлашы кане»- десең,
Көк сарайды мақтайтын отырып ап.

Қазақ деген біреу бар - депутаттау,
Көбісінін міндеті заңды баптау,
"Қазағым" деп біреуі шаршап жүрсе,
Біреуінің міндеті көкіп,оттау.

Қазақ деген біреу бар - намыстырақ,
Қанқу сөзге тігетін қамыс құлақ.
Дау-дамайдың ошағын үрлеп беріп,
Жеме-жемге келгенде қалыс тұрад.

Қазақ деген біреу бар - оқығандай,
Әр нәрсені бір тартып,шоқығандай,
Бас сұқаны әр жерге ұқсап кетед,
Жүрген жанға «дәретке» отыра алмай.

Қазақ деген біреу бар- мұсылмандау,
Түрін көрсең ойлайсың "ұшынғанбау"
Тозағыңа тірідей әкетеді.
Келгендей ақ дәл өкпе тұсыңнан жау.

Қазақ деген біреу бар – көсемірек,
Мінбелерге шығатын, шешенірек.
Ана тілін өзінің білмесе де,
Ебін тауып әйтеуір өсе білед.

Қазақ деген осындай ел бар екен,
Байқамаппын ішінде мен бар екем.
Артық кетсем ағайын кешіріңдер,
Бір жеріме қарамай нем бар екен!

""
Сурет кішірейтілген. Түпнұсқада көру үшін шертіңіз.
906

Читайте также:

  • халқым
    халқым

    «Қазақ деген халқымнан айналайын! Қазақ деген халық болмаса оның мен сияқты Нұрсұлтан деген президенті де болмас еді. Менің басымды иіп тағзым ететінім осы» Н.Ә. Назарбаев

  • "Қазақ деген біреу бар" (Ұлықбек ағаға еліктеу)
    "Қазақ деген біреу бар" (Ұлықбек ағаға еліктеу)

    Асқар Наймантаев. «Қазақ деген....» (Ұлықбек Есдәулетов ағаға еліктеу) Қазақ деген біреу бар - министрлеу, Сіп-свежи бет-аузы,к...ті кірлеу, Өз ұлтына паң болып, өзгелердің, Табанында жататын болы...

  • Қазақ болғың келе ме?
    Қазақ болғың келе ме?

    Монғолиядан ауылға көшіп келген оралман қазақ жігітке: "Ей монғол хал қалай?" -депті танысы. Мен монғол емеспін, қазақпын - дейді ашуланып.Сонда ана жігіт: "Сен кеше келе салып қазақ...

  • Қазыбек бидің айтқаны
    Қазыбек бидің айтқаны

    "Қазақ деген мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Ешбір дұшпан басынбаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзымызды сақтай білген елм...

Пікірлер (3)
0 # 2 ақпан 2015 в 22:41 +1
Ұлықбек аға біле ме бұл пародияны?
Нургиза Кульджина # 4 ақпан 2015 в 09:37 +1
Халқыңның сырын өзің білесің де,
Ісіне күйесің де күлесің де;
Қаласың кейде кейіп, кейде мәз боп,
Әйтеуір, сол халқыңды сүйесің де!
*Ілияс Жансүгіров*
0 # 11 ақпан 2015 в 09:51 +1
""
Сурет кішірейтілген. Түпнұсқада көру үшін шертіңіз.

Үздік авторлар

1

Блогтағы жазбалар