Қып-қызыл...

Автор
Жарияланды: 178 күн бұрын (24 қаңтар 2018)
Көңіл күй: Керемет
+1
Голосов: 1
Қып-қызыл...


Қаттыбаланың көзі осы қыстауға қарай көсілтіп келе жатқан салт аттыны қиядан шалған. Атқа бір жамбастап қисая отырысынан, ат желігенде қопаң-қопаң етіп, бір орыннан екінші орынға ұшып-қонған сауысқандай шоқаң-шоқаң етісінен, мұның қой фермасының меңгерушісі Сәруар екенін бірден танып, қозы көш жерден алдынан шығып қарсы алған.

Амандықтан соң: «Біздің үйдегі ағаң төсек тартып жатқанына жарты айдың жүзі болды. Колхоз бастығына өзім арнайы барып жолықтым. «Көлік жіберемін.

Аудан орталығына апарып дәрігерге көрсетіңіз»,- деп еді. Оған да бірнеше күн өтті. Сізге ештеңе деген жоқ па?»- деп сұраған .Ол мұның сәлемін салғырт алып, манадан үнсіз келе жатқан ферма меңгерушісінің сол сәт талағы тарс айрылды.

-Әй, алжыған қақбас, сенің зәредей болсын партияның саясатынан хабарың бар ма, жоқ па? Жоқ, әлде партияға қарсысың ба? (бұл сөз оның бісмілләсі еді). Сол сәт ол Қаттыбалаға қаһарын тігіп, кәрлене қарады.

-О, несі ей?!- деді сөзін одан әрі сабақтап,- партия үшін сенің шалың ыз-ыз етіп ұшып, қоқыстан-қоқысқа қонып жүрген қара маса! Ұқтың ба? Қаттыбала басын изеді.

-Ол бүгін өле ме, ертең өле ме партияға бәрібір. Осы сәт өзіне-өзі риза болған кейіпте партия үшін сенің шалыңдай шалдардың оны өлсе түк емес, ал бір тоқты өле қалса... Коммунист Сәруар Шалдуарұлы, қайда қарадыңыз?- деп сұраудың астына алады.

-Е-е, солай де, - деді Қаттыбала мұның ыңғайына көшкен сыңай танытып.
-Әйтеуір бір сұрау бар екен ғой.

-Енді қалай деп едіңіз?- деді анау екіленіп. -Бүгін ауыл орталығында ауданның бірінші хатшысы жиналыс өткізбек. Сағатына қарап: «Әне- міне дегенше келіп те қалар»,- деп аудан орталығынан ауылға өтетін жолға көз тастаған.
-Содан соң сіздің ферма жолда тұр.

Соған соға қалса, ондағылар әлденені көйтіп жүрмесін. Сен бақылау жаса, ауыздарын аштырмайтын бол,- деп колхоз бастығы мені күн ілгері осында жіберді. Бұл – партиялық тапсырма. Ал сен болсаң... аузыңа келгенді оттап... бері таман жақындашы!

Оның не айтқалы тұрғанын түсінбеген Қаттыбала бір басып, екі басып бұған жақындай берген. Сол сәт Сәруар қамшысын үйіріп: -Иттің қатыны!- деген ақырып, - ана хатшыға аузыңнан қағынып, бірдеңе дедің бар ғой, ажалың менен!- деп қамшысын сілтей бергенде, Қаттыбала денесіне дарытпай қолын ұстап үлгерген.

Осы сәт абалай үрген иттермен жарыса сәлем берген ауыл адамдары оның сөзін бөлген. Ол атынан түсіп, өзін қарсы алған қойшылармен бірге мал қорасына кірген тұста. Бұл меңгерушінің атына қарғып мініп, айдау жолға қарай ағыза жөнелді.
- Лағынеттің басынуын- ай! Тіпті қамшысын сілтеп!..- осылай деп ол даланы басына көтеріп, аңырап жылап жіберді. Ызалы еді.

Жол жиегіне жеткен тұста аттан түсіп, алға қарай жаяу беттеді. Ағып келе жатқан қара волганың алдын кес-кестеп:
-Тоқта, тоқта!- деп ышқына айғайлай ұмтылды. Әлден соң ауданның бірінші хатшысы машинасынан түсіп, бас изеп:
-Жайшылық па, жеңгей?-деп сұрады.

-Жайшылық болса, алдыңнан шығып жолыңды кесер ме едім? Иттен туып, іннен шыққаным жоқ, қазақы қалыпты тәрбие алған жандардың бірімін,- деді ол.
- Ана фермада менің күйеуім сіздің қып-қызыл коммунисіңіз қара тышқақтан өлгелі жатыр.

Соған бір көмегі болмас па екен?- деп алдыңыздан шығып едім.
-Ол кісінің аты-жөні кім?

-Ол кісі соншалықты жуас адам. Содан ба ауылдың басшы-қосшылары «Қаттыбаланың күйеуі» деп атайды. Сіз де ...
Ал Сәруар жайлы жақ жазбаған. Жазасын Алла берсін деумен шектелген еді.
Байғұстың көрер жарығы бар екен. Бірер күннен кейін сырқатынан айыға бастады.

Қаттыбаланың тілегі қабыл болды ма кім білсін, ферма меңгерушісі қойшының әйелінің көрпесін былай қойып, етегін түріп, әйелдің енесі үстінен түсіп, айғай-шудан басы арыла алмай қалды. Келіншектің айтысына қарағанда, мұны да «партияға қарсысың ба?» деп қорқытып дегеніне жетсе керек.

Ісін партия жиналысында қаралып, қызметінен босады. Сол тұста ғой ауыл ақсақалдарының бірі: «Қара тышқақ партия, ойнасқор партия мыналар өзі партияны қолжаулық қылып бітті-ау!»- деп ренжіпті. Бұл енді жалғыз оның емес, көпшіліктің кейісті көңілін меңдеген түйне түйткілі еді.

Сүлеймен Баязитов
452
Теги: әңгіме

Читайте также:

  • Тарих
    Тарих

    Біздің тарих шиырлы,бұралаңды. Қызыл қан мен Көз жастан құралады. Өзекті өртер өксікті ашып айтпай, Келе жатыр Айырылмай мұнар әлі. Қайран шындық қанша рет тұралады. О, тәңір-ай, әлдекім...

  • Жарылыс
    Жарылыс

    Біз тербелеген тал бесік талқанданып, Жарылыстан Жер-ана жатты талып. «Неткен қуат, Тәңірім-ау?!»деп таңданды, Қыр төсінде мал баққан аңқау халық. Аңқау халық, Мейлінше адал халық. Сәбиіңді ту...

  • ҚЫЗЫҚ ҚОЛТАҢБА.
    ҚЫЗЫҚ ҚОЛТАҢБА.

    Көкшетау театрында ЕрБай деген АЗАМАТ бар. Біраз жыл бұрын "Теріс кітап" алғаш шыққан кездері ЕрБай театр сахнасына сол кітаптың өзі айтқандай "сыртқы мұқабасына дейін" сахнаға ...

  • Айдарбектің қасиетті Бала қыраны
    Айдарбектің қасиетті Бала қыраны

    Ертеде өмірі өкінішпен, өксікпен өтіп жатқан Айдарбек атты кедей болыпты. Кедей болғанда да байғұстың өмір бойы табағы майланбаған. Тақымы атқа тимей, нағыз сіңірі шыққан кедей болса керек. Жан ...

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Здесь нет никого ;-)

Блогтағы жазбалар