Әжуа:

Автор
Жарияланды: 250 күн бұрын ( 8 қараша 2017)
Өңдеу: 1 рет — 14 шілде 2018
Көңіл күй: Керемет
0
Голосов: 0
Әжуа:


Ұрыны қонаққа шақырсаң
Қораңа көз салып отырады. (Мақал)
Ұры, шіркін, көз салумен тынар ма,
Ұрлық деген кәсіп пе әлде құмар ма?
Кім біліпті жетер ме оған миымыз,
Ұры түсіп қорамызға, төмендеді күйіміз.
Ақыры, оны тұтқындаған
Полицейлер қырағы.
Деген еді бар артында «бірағы»
Сол бірағы
Әлгі неме боп шықты,
Бір дөкейдің өлгенде көрген шырағы.
Сол келді де:
-Босатыңдар мынаны!
Ал мынаны...
Иегімен мені нұсқап тұр еді.
Бейшараңның қылп етті жүрегі,
Талып қалды табанда.
Ес жиғанда полицейлер
-Қайқай,- деді.
Кәуек басың аманда
Алғыс айтқын өлтіртпеген адамға...
Риза едім
Мына жарқын заманға.

*** *** ***

«Өзін - өзі мақтаған өліммен тең» (Мақал)
Өзін- өзі мақтағандар-
Тірілердің тірісі,
Ірілердің ірісі.
Өзгелерден өзгешелеу
Тұрысы мен жүрісі.
Әттең, әттең,
Маңдымайды бір ісі.
- Өлгені ме
Мұнысы?
-Шаға бермей миымды,
Маңымнан әрман құрышы.

Сүлеймен Баязитов
619
Теги: мақал

Читайте также:

  • Жақсы адам тек жақсылықты көреді
    Жақсы адам тек жақсылықты көреді

    "Жақсы адам тек жақсылықты көреді"- үнді мақалы. Қандай керемет айтылған сөз десеңші.

  • Коррупция
    Коррупция

    (сықақ) – Әй, шөпжелке албастылар! Мен сендердің жындарыңды басқалы келдім, Білімсіздіктеріңді... Беттеріңе басқалы келдім Тойыс, арттарыңды ашқалы келдім,- Деген еді. Директордың осы сөзі Мұ...

  • Иассауидан қалған сөз
    Иассауидан қалған сөз

    Бисмиллаһ - деп сөз бастап, хикмет айтып, Шәкірттерге дүррі гауһар шаштым міне. Тақуалық жолын тұтып, қайғы жұтып, "Дафтар сәни" беттерін аштым міне. Ахмет Иассауи

  • Аузы қисайыпты
    Аузы қисайыпты

    Белгілі суырып салма ақын Надежда Лучникова: баласын түйе табаны жазылсын деген оймен төркініне ауылға жіберіпті, келгенде баласы қазақшаны ұмытып орысша сөйлесе керек. Сонда апамыз: баламның аяғы ...

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Здесь нет никого ;-)

Блогтағы жазбалар