Ағзамның ақыр заманы...

Автор
Жарияланды: 670 күн бұрын (19 қаңтар 2017)
Өңдеу: 1 рет — кеше в 12:57
Көңіл күй: Керемет
0
Голосов: 0
(Сықақ)

Ағзамның ақыр заманы...

-Аздап ішеді айыбы,
-Әйтпесе...
-Деп күрісінетін зайыбы.
Соңғы күндері Ағзамды
Танымай қалды.
Сап тыйып жүз грамды,
Құран кәрімді қолына алды.
Төр алдында жүгініп,
Белі бүгіліп,
Еріндері жыбырлап.
Кейде көзі жұмылып отырғаны.
Жүзінен өткеніне опынғаны сезіледі.
Түн баласында жайнамазға жайғасып,
Таң атқанда көз іледі.
-Дәл мендей мінажат етпес сопы-дағы
Шамалы ма дерсің оқығаны.
Оқыса да,
Не керең, не соқыр-дағы.
Әйтпесе ақыр заман болады дегенде,
Неге шошынады
Әлгі молда біткен осындағы?
-Деп тамағын кенеген
Ағзам отырғандарға қарады.
-Тақсыр, сонда жинаған мал-мүлік
Кімге қалады?
-Деп сойдақ шал тіл қатқан.
Ағзам айтарын айта салмай, бірден
Бір мүләйім күйге кірген.
Сонан соң орағытып әріден:
-Қорықпаған бір Алланың кәрінен.
Қозғалақтап ырғалып.
-Құр қалмақшы бәрінен,
Ең бастысы, Иманнан
Пайда жоқ дүние жиғаннан.
Жұмаққа кірмекші өз жанын өзі
Қиған жан.
Өртеңдер мал-мүлікті
Ақыр заман...
-Дей бергені сол еді.
-Кім қашан өледі,
Ақыр заман қашан, қалай келеді,
Оны бір Алла біледі,
-Деп ақырғанда әлдекім
Әйелінің құм болып жігері.
Еңіреп жылап жіберді.
Онсыз да әрең шыдап жүр еді.
-Ақырзаман болад деп,
Мал-қораға ілдіріп қара құлыпты,
Істеп жүрген жұмысын тастап,
Жан-жақтағы балаларын шақыртып,
Жұмыстарын тастатыпты бақырып.
Бір жосын қылық бастап:
-Өлсек, бірге өлеміз.
Ақырзаманды бірге көреміз,
-Дегенді желеу етіп.
Тұрмысы күннен-күнге кері кетіп,
Құруға шақ қалған.
Есік қаққалы тұр деген ақырзаманы
Есік түгілі тесіктен сығаламай...
-Әуелден –ақ жарым ес ең
Ақылың шамалы,
-Деп әйелі, бала-шағасының
Сол сәтте жалтырады табаны,
Жоққа сеніп барынан айырылған-ды.
Кей жандарға не шара?!
Жаңбыр жаумай су болған
Аз емес-ау бейшара.
Тұманданар ақыл-есі, жігері,
Азаматтың ада болса айбыны.

Сүлеймен Баязитов
991
Теги: сықақ

Читайте также:

  • БЫЛШЫЛ
    БЫЛШЫЛ

    "БЫЛШЫЛ"- деген атпен біраз сатиралық және әншейін ойға келген әзілдерді жариалап жүр едім. Соның біразын назарларыңызға ұсынып отырмын. ЖАҚСЫЛЫҚ ҚАЛАЙ КЕЛЕДІ? Бәкірбайда ұйқы жоқ. 2020...

  • Біз сөкті деп...
    Біз сөкті деп...

    Мына жарық дүниеге келген әр адамның діттегені болып, ойлағанның орайы келіп, асығы алшысынан түсіп, қайғы - мұңсыз өмір кешуі ежелден - ақ екіталай дүние екені талас тудырмасы анық. Алайда ...

  • Оятқан мені ерте шығыс жыры...   Жалынайық Абайға
    Оятқан мені ерте шығыс жыры... Жалынайық Абайға

    Сандаған жылдар бойы кеңестік кезеңнің шілтерлі шымылдығы өскелең ұрпақтың көзінен таса, санасынан аулақ ұстауға тырысқан. Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі әдебиет әлеміне қайта оралуы, оның шығ...

  • Майлыаяқ
    Майлыаяқ

    (әңгіме) Үлкендігі кішігірім тайшадай қара төбет құдайдың құба жонында салдыртып келе жатыр. Қайдан шықты, қайда барады оны иттің өзі білмесе білетін жан жоқ екендігі талассыз. Ара - тұра тоқта...

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Блогтағы жазбалар