Ар соты алдында -2. Ынтызар!!!

Автор
Жарияланды: 223 күн бұрын ( 9 қаңтар 2017)
Өңдеу: 2 рет — соңғы кеше в 02:27
Көңіл күй: Керемет
+1
Голосов: 1
Ар соты  алдында -2. Ынтызар!!!

-Туа қалса аман-сау оралар күн,
Іздеп табар белгіден балаларың,-
Дегеннен соң шыққан ек біз де жолға,
Бастан кешіп бірталай қиын-кепті.
Үш күн өтті.
-Аманатын тапсырам бір Алланың,-
Деді дағы жарықтық өтіп кетті.
Аталары жан болыпты өте текті,
Аян берген болар ма Әбекеңе?
Аузына алды соңғы рет - «Хазіреті»
-Хазіреті - осы жер, бейіті- анау,-
Деп Айжан күрсінді.
Әне-міне дегенше пердесін қара түн түрді,
Тас төбеде бұларға тасырайа қарап күн тұрды.
Жер қойнына әкелерін тапсырып,
Қара таспен бетін жауып бастырып,
Дұға оқылып болған соң,
Кейуана аз-маз толғансын.
-Кімге болсын, жан Алла,
Әманда өзің қорғансың,
Айжан менен баласын
Әмсе өзің қолдарсың,-
Осылай деп
Кейуана балаларына бұрылды:
-Бабалардан қалған бұрынғы
Жол осы,- деді жайымен.
-Алланың ұзын құрығы
Мейірімдінің мерейін
Асырмақ түгел етіп кенейін.
Ал, Айжан, енді саған келейін,
Алып кетіп сендерді,
Қол ұшымды берейін.
Не салғанын Алланың
Пешенемнен көрейін...
-Апажан, мен не дейін?
Дегеніңе көнейін,
Тірі қалсақ бірге тірі қалып,
Ажал жетсе өлейін.
Осылай деп алыс жолға аттанған.
Өтті талай өзектен,
Өтті талай шатқалдан.
Өзенді өрлеп,
Орманды төрлеп,
Ашыққанда сыр бермей,
Зорыға жаздап шақ қалған.
Ақыры Алла жарылғап,
Деревняға тап болған.
-Асы бар елге жетеміз,-
Деген үміт ақталған.
Үш баласын кемпірдің,
Колхоздың малын бағуға,
Айжанды монша жағуға,
Алды колхоз қабылдап.
Қу жандары дамылдап,
Аштықтан аман қалған-ды.
Ал кейуана көз жұмған,
Қарғаумен қырсық жалғанды.
Қырсық, шіркін, торлаудай-ақ торлады,
Күйеуі анау болса деген қорғаны.
Ынтызары бір-ақ сәтте көтеріліп ыстығы,
Шырыл қақты, еш уанар болмады.
Есі шығып уатуға тырысты,
Ал баланың тарылды ма тынысы?
Сұлық қалды, өле қалса,
Не болады тіршілігі, жұмысы?
Жылауға да келмей тіпті мұршасы,
Түседі деп бір басыма мұнша сын
Кім ойлаған?
Тас түйін боп бекінді ол,
Дайын еді неге болсын сәтте сол.
Дәрігерге кеп «баня, баня» деп ым қақты,
Сонда жұмыс істеймін деп,
Қазақшалап тіл қатты.
Содан кейін баласын ол ымдады,
Дәрігер болса жалма- жан
Сұлық жатқан Ынтазарды тыңдады.
Сонан кейін бұған қарап: «Корь»,- деген.
-Көрің сенің балаң өлед дегенің бе?
Тұрған сәтте қауіп төніп,
Саған сеніп,
Айтшы өзіңе келмедім бе?-
Дегенінде
Медбике татар әйел мұның сөзін
Аударды дәрігеріне.
-Рахмет маған сендім дегеніне
Тек ...
Осы сәт Айжан оған жалынды,
Сақтап қал деп жалғызымды, жанымды.
Медбике әйел сәл ойланып тұрды да:
-Укол берсек ...
Олай етсек кетеміз ғой құрдымға.
Түсіндірді Айжанға айтып мән-жайды,
«Көндім» деді тағдыр жетіп өліп кетсе,
Жарты ауыз сөз болмайды.
Дәрігер дағы тәуекелге бел буып,
Мүсәпірдің жанын сол сәт тұрды ұғып.
Сырқатқа укол берген-ді,
Кенет бала жатқан сұлық.
Бор-бор боп терледі,
Тынысы да
Бірте-бірте жөнделді.
-Апа,- деді көзін ашып,-
Бері қарай жақынырақ кел,- деді.
Есін жиып, тамақ ішіп,
Ойнайыншы, ішім пысып
Кетті, апа,- дегенде,
Тұрды орнынан Айжан ұшып,
Бір Аллаға, дәрігерлерге,
Алғыс айтып жылады.
Міне осылай сол мұңлықтың
Сөнбей жанды шырағы.
Ал шалына ол кешірімменен қарады,
«Алла әмірі» оны есіне жиі алады.
Ана жүрек мейірімді ғой, мейірімді,
Мәңгіліке сөндірмеген,
Бықсып жатқан шаланы.
Ұрпағының білмей өткен,
-Бұл өмірде барлығын
Қасіретін бар мұның.
Көрге бірге алып түскен пақырды,
Құдай кешсе, мен де кештім кінәсін,-
Дейді дағы
Дұға қылад ауық-ауық ақырын.

Сүлеймен Баязитов
335
Теги: баллада

Читайте также:

  • Тіл туралы
    Тіл туралы

    "Адам атаулының мінездік болмысы ана тілі арқылы қалыптасады. Тіл... қоршаған ортаны дыбыстық образдар арқылы игерудің де құралы. Жалпы адамзаттық прогресс ең алдымен "жаратушының алдында...

  • Ар соты  алдында.
    Ар соты алдында.

    (Баллада) Теңіздей тербелген астықты алқапқа көз тіге тұрып осы өңірде 1931- 32 жылдары аштық болып талайлар көмусіз қалған дегенге сену де қиын. Бұл алайда тоталитарлық жүйенің, бұғаудың шеңгелін...

  • Машина алатын едік.
    Машина алатын едік.

    Отағасы ішімдікке әуес екен. Бір күні үйіне сау болып келсе, есік алдында мотоцикл тұр дейді. Үйіне кіре: "үйге кім келген, ана мотоцикл кімдікі?-депті. Сонда әйелі: ол біздікі, мен сатып алды...

  • Сен емеспе асықтырып...
    Сен емеспе асықтырып...

    1980 жылдары ауылда ет жеген кезде қолды газетке не майлық орамалға сүртетін. Салфетканың қарапайым ауыл тұрғындары атын да естімеген. Дүкенде ондай нәрсе болмайтын. Бір күні ауылдағы бір бастық со...

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru