Астана

Автор
Жарияланды: 115 күн бұрын (29 қараша 2016)
Көңіл күй: Керемет
0
Голосов: 0
Астана


Жер жөргекте сен жатқанда-ақ іңгәлап,
Әлемге атың кетті «Астаналап».
Ырымшыл қазақ біткен тәуба дескен,
Тәй басқан қадамыңды қадағалап.

Тұрғанда әлем сенен алмай көзін,
Саясат саңлақтары арнап сөзін,
Көбік ауыз кей сыншы ауыз жаппай,
Аласапыран күй кешіп ұмытты өзін.

Нұрекең бастап өзі көштің басын,
Қалады Астананың алғаш тасын.
Аязға бет қарыған шыдай алмай
Көп жұрттың түсіп кеткен ұнжырғасын

Көтерді күнделікті ісіменен,
Сенімнің, тәуекелдің күшіменен.
Іргесін кей күдікшіл аулақ салған,
Ұлы ойын Нұркеңнің түсінбеген.

Астана –сенің қалаң, менің қалам,
Сеніммен болашаққа басқан қадам.
Жемісі Нұрекеңдік кемел ойдың,
Самғай бер ғасырларға, ақ шағалам!

Сүлеймен Баязитов
127
Теги: өлең

Читайте также:

  • Тіл таным - Иран тілінен енген сөздер
    Тіл таным - Иран тілінен енген сөздер

    Аспан Аспан ашық, күн тымық, Күредік қарды құлшынып. Осы аспан сөзі де, Біздің тілге кезінде. Кіріпті Иран тілінен, Мағынасы “әуе” екен. Осыны бүгін білдім мен. Арай Ғасырлар бойы сандаған, ...

  • Астанаға келдік
    Астанаға келдік

    5 сынып оқитын ұлы мектептен келген соң ата-анасына: "мектепте оқушылар Астанаға барады, мен де барайыншы!" - деп өтінді. Әкесінің жазда барамыз дегеніне көнгісі келмеді. Әкесі қалжыңбас ...

  • Балтабек, Раиса Жұмағұловтар еске түскенде.
    Балтабек, Раиса Жұмағұловтар еске түскенде.

    КОНЬЯК пен ШОКОЛАД. "Тамашада" жүрген кезіміз. 90-ның аяқ кездерінде көптеген қалаларда артистерге сахнаға гүл емес, коньяк пен шоколад сыйлайтын бір "мода" пайда болды. Үнемі е...

  • "Таланттар мектебіне" қабылдау кастингі
    "Таланттар мектебіне" қабылдау кастингі

    Өткен жылдан бері Асқар Наймантаевтың «Таланттар мектебі» көпшілікке танымал болып үлгерді. Бұл мектептің шәкірттері «Қазақстан» Ұлттық арнасының балалар мен ересектерге арналған бірнеше хабарына, ...

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар