Бас ақын

Автор
Жарияланды: 179 күн бұрын (23 қаңтар 2018)
Көңіл күй: Керемет
0
Голосов: 0
Бас ақын


Тойда шамадан тыс қызып отырған ел ағаларының бірі арнау өлеңін оқып, онысын мерейтой иесіне табыстап отырған орнына қарай маң басып бара жатқан ақынды тоқтатып: «Сен қазірден бастап осы облыстың бас ақынысың!
Мен солай ұйғардым!»- деп салды.

Сол сәт ду қол шапалақтау құттықтауға ұласып, арагідік бірер өлеңі жергілікті газетке қырналып,тырналып, күзеліп, түзеліп басылып тұратын пақырыңыз бір-ақ сәтте аймақтың бас ақыны болып шыға келді.
Сол күннен бастап «аймақтың бас ақыны» деген алып- қашпа атақ әлгіге қара күйеше жабысты.

Газеттің бөлім меңгерушісі, әдебиет бетін әзірлей қалса, редакторы: «Әлгі бас ақынның өлеңдері бар ма?»- деп сұрар еді.
-Бар,- десе...
-Дұрыс!- деп бетке батасын беретін.
- Жоқ,- дей қалса...
- Сен өзі... не тантып тұрсың?
Пәленшенің тойында облыстағы екінің бірі оны бас ақын дегенін естіген жоқ па ең? - деп түлкі көрген бүркіттей түйілер еді.

-Жазбаса, заказ беріп жаздырт. Мына бетті содан соң әкелерсің!- деп шығарып салатын болды.
Еңбегі осылай бірнеше рет еш болған бөлім меңгерушісінің күйіп кетіп: «Қазақтың бас ақыны – Абай, мұны айтқан мен емес – Ахмет Байтұрсынов.

Ал сіздер айтып жүрген облыстың бас ақыны – қазақ әдебиетіндегі дауасыз дерт, сыздауық. Шекпен киген данышпан Абай ғана, Макентожды миғұла жетіп жатыр,- деп Қадыр ақын текке айтты дейсіз бе? Бұл да сол миғұланың бірі мінез танытамын деп мәдениет бөлімінен өндіріс бөлімінің әдеби қызметкерлігіне төмендетілгені.

Бұл байғұс мәдениет бөлімін ұршықша үйіргенімен өндіріс деген пәленің неден басталып, неден аяқталатынын біле қоймайтын. Қаламақыдан қала берді бірі аға, бірі ініден құрақ ұшып тұратын мәдениет саласының қызметкерлерінен көз жазды.

Әсіресе «Жырыма қанат беріп, ұшырған сен» –деп жұрт алдында мерейін асқақтата көтеретін ақындардың бірден-ақ суып сала беруі арқасына аяздай батып, еңсесін езген.

Ал аймақтың бас ақыны мұнымен әлдеқалай кездесе қалғанда алара қарап, іркіле қалса, кірерге тесік таппай пүшәйман күйге түсетін.

Бас ақынның ішімдікке салынып, маскүнемге айнала бастағанын көргенде бір түрлі айызы қанып: «Өлең киесі қойсын ба, бұл итке сол керек»,- дер еді іштей кіжініп.

Ақыры, редакторға кісі салып жалынып, жалпайып жүріп мәдениет бөлімінің әдеби қызметкерлігіне ауысқан. «Қырсыққанда қымыран іриді» демекші, дәл сол тұста Алматыдан Алмағайып атты ақын келіп, аймақ оқырмандарымен кездесу өткізді. Бірер жас ақын өлең оқыды.

Солардың бірінің өлтірсең де өлең деуге келмейтін өлеңсымағы Алмағайып ақынға ұнап қалса керек . Кездесуге ұйтқы болып отырған үшінші хатшыға қарата: «Сіздердің аймақтарыңызда мына жігіттен басқа ақын жоқ.

Анау ақын, мынау ақын деп жүргендеріңіз – далбаса», -демесі бар емес пе?.. Ол мұның бастығына, бастығы бұған иек қақты. Естідің бе дегені болар?.. Ал мұның бойын «осының соңы немен тынар екен?» деген түйне түйткіл меңдеп бара жатты.

Сүлеймен Баязитов
459
Теги: бес ақын

Читайте также:

  • Аузы қисайыпты
    Аузы қисайыпты

    Белгілі суырып салма ақын Надежда Лучникова: баласын түйе табаны жазылсын деген оймен төркініне ауылға жіберіпті, келгенде баласы қазақшаны ұмытып орысша сөйлесе керек. Сонда апамыз: баламның аяғы ...

  • М.Мақатаев. Фантазия.
    М.Мақатаев. Фантазия.

    Қазақ әдебиеті. 5- «а» сынып. Күні: Сабақ тақырыбы: М.Мақатаев. Фантазия. Сабақ мақсаты: Күтілетін нәтиже: Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Қамтылатын модульдер: М.Мақатаев өмірі мен шығармашылық жолын...

  • МҰҚАҒАЛИ ТУҒАН КҮНІНЕ ДАЙЫНДЫҚ.
    МҰҚАҒАЛИ ТУҒАН КҮНІНЕ ДАЙЫНДЫҚ.

    9-ақпан, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні екені мәлім. Қадірлі ұстаздар! Сіздерге Мұқағали жырларынан жасалған композициялар немесе жеке орындаушылар қажет болса осында хабарласыңыздар! А...

  • Тіл таным - Иран тілінен енген сөздер
    Тіл таным - Иран тілінен енген сөздер

    Аспан Аспан ашық, күн тымық, Күредік қарды құлшынып. Осы аспан сөзі де, Біздің тілге кезінде. Кіріпті Иран тілінен, Мағынасы “әуе” екен. Осыны бүгін білдім мен. Арай Ғасырлар бойы сандаған, ...

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Здесь нет никого ;-)

Блогтағы жазбалар