Коррупция

Автор
Жарияланды: 18 күн бұрын ( 5 қазан 2017)
Көңіл күй: Керемет
0
Голосов: 0
Коррупция


(сықақ)

– Әй, шөпжелке албастылар!
Мен сендердің жындарыңды басқалы келдім,
Білімсіздіктеріңді...
Беттеріңе басқалы келдім
Тойыс, арттарыңды ашқалы келдім,-
Деген еді.
Директордың осы сөзі
Мұғалімдерді жіпсіз көгендеді.
Жөнге көнбегендерді
Айтқанына еріп
Жолында өлмегендері
Директордың қаһарына ілігіп,
Әртүрлі бапқа ілініп,
Жанынан кетті түңіліп.
Беттілердің беті күйді,
Иіндері бүгіліп.
Осы болар директордың күткені.
Анаған деп,
Мынаған деп,
Алым алу бітпеді.
Көлденең жатқан көк тиынды
Көзін жұмып «үп» деді.
Көріп келген ілдалдалап ептеп күн
Қазандығы қақ айрылды мектептің
Сол- ақ екен
Аудандағылардың зәре-құты қалмады.
БАҚ біткен
Кейбірі тіптен
«Құрыдық»,- деп зарлады.
Басқармадан, Министрліктен
Келмеген комиссия қалмады.
Сөйтіп,
Қаражат та табылды.
Ал директор
Тиын-тебенді қағып ап,
Астанаға аттанды.
Әкелед деп қазандық
Естіген жұрт шаттанды.
Сөйтіп жүргенде жаз өтті,
Бұл қырсықты қарашы
Ізім- қайым
Ғайып болды директордың қарасы.
Шулап қалды
Артында бала – шағасы.
-Өлсе қайда моласы?-
Дегендер де табылды.
Бір сөзбен, бірі емес бәрі
Күпінің битіндей жабылды.
Дамыл таппай отбасы
Қақты дерсің дабылды.
Заң орындағы көкелер
Директорды іздеп сабылды,
Өкпелері қабынды.
-Шетелге қашып кеткен,- деп,
Сонымен іс жабылды.
4 -5 жылдан соң әлгі қу
Көрші ауданнан табылды.
Қала берді әйтсе де
Жабулы қазан жабулы.
Білетіндер
Қиялымен қияға асып,
Көктен жұлдыз ілетіндер:
«Коррупция!»- деп тілдерін тістеді.
Суға батып, отқа түс мейлі
Олар осылайша қолынан
Келгенін істейді.

Сүлеймен Баязитов
132
Теги: сықақ

Читайте также:

  • Ағзамның ақыр заманы...
    Ағзамның ақыр заманы...

    (Сықақ) -Аздап ішеді айыбы, -Әйтпесе... -Деп күрісінетін зайыбы. Соңғы күндері Ағзамды Танымай қалды. Сап тыйып жүз грамды, Құран кәрімді қолына алды. Төр алдында жүгініп, Белі бүгіліп, Ерінд...

  • Тек ақылмен...
    Тек ақылмен...

    (Әңгіме) -Өй, мынаның терлеп-тепшіп ұйықтап жатқанына қарағанда, келгеніне біраз уақыт болған-ау, шамасы,- деп бұл жатқан кереуетке қарай беттеген. Ақаштың даусын естіп жатса да, ол әлі де ме...

  • Өз ойым
    Өз ойым

    Бұл сайтта алғашқы күнім! Бәрі ойдағыдай Жаңа идеялар, түйінді ойлар, жаңалықтарды күтемін. Ағылшын мұғалімдерді әңгімелесу үшін іздеп жүрмін олармен ағылшын тілінде сөйлесуге шақырамын тілді да...

  • Жан айғай!!!    «Шанин» атын ауылдың жөн сақтаған
    Жан айғай!!! «Шанин» атын ауылдың жөн сақтаған

    Ұстазым Қабдолла Кәлиұлы Смағұловқа Кешегі Абылайдың заманында Батқан сәт су болды ма дала мұңға. Сарыарқа жатты талай қанға бөгіп, Қазақ қыры жаулардың табанында. Білесіз езілгенін, жаншылға...

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар

Қазақ пен арақ
Қазақ пен арақ
7 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Коррупция
Коррупция
5 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Әнші Шақтай -  Айдындағы аққулар.
Әнші Шақтай - Айдындағы аққулар.
21 қыркүйек 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Тек ақылмен...
Тек ақылмен...
21 қыркүйек 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Askar Karabshayev
Өз ойым
4 қыркүйек 2017 - My diary - 0 - 0