Малайсары Тархан тас тұғырда

Автор
Жарияланды: 99 күн бұрын (12 мамыр 2017)
Көңіл күй: Керемет
0
Голосов: 0
(Ойтолғам)

Малайсары Тархан тас тұғырда


... «Малайсары Тархан» қоғамдық қоры құрылып, облыстық әділет департаментінде заңды тұлға ретінде тіркелді. 2015жылдың 21қаңтарында оған бас құрылтайшысы болуға кең байтақ қазақ еліне есімі кеңінен мәлім ел тәуелсіздігін табандылықпен қорғап, ыстығына күйіп, суығына тоңып, өркенді істерімен танылған Тито Уақапұлы Сыздықов мырза келісім берді.

Ол бұрында ел тарихы оның еңіреп өткен ерлеріне ұлы тұлғаларына әманда жүрегінің төрінен орын беріп, оларға байланысты атқарылатын әр істің көшбасшыларының қатарынан табылатын. Сонымен қатар қор мүшелерінің арасында талай игілікті істің басы- қасында болған, басқарған Қуат Есімханов ағаның, т.б. азаматтардың болуы ел сенімін арттыра түскен еді.
-Қоғамдық қор мүшелерінің ұсыныс-тілектері, ортақ ұйғарым шешімдері бойынша жұмыс жоспары жасалып, бекітілді,- деп еске алады.

«Малайсары Тархан» қоғамдық қорының атқарушы директоры Ермат Байғұрманов.
Ерекең айтса айтқандай облыстық «Сарыарқа самалы» газеті (сол кездегі бас редакторы Асыл Әбішев) «Ел мұраты, ердің ісі» атты дөңгелек үстел шараларын ұйымдастырды. Оған қоғамдық қордың президенті Т.Сыздықов, мүшелері А. Меңдібеков, Б.Сағындықұлы,
Е.Байғұрманов, зиялы қауым өкілдері: ақын А.Қани, тарих ғылымдарының кандидаты Е.Жүсіп, ұлттық руханияттың жанашыры, кәсіпкер С. Байбола-товтар қатысты.

Сол дөңгелек үстелге қатысушылардың ой тұжырымдарын елеп, екшеп ой түйген газет қызметкері Сая Молдайып еді. Ол өзінің жасаған түйінінде Малайсары Тарханның есімін ұлықтау туралы басқа да көптеген ұсыныс-пікір айтты.
-Теріс - бұрысы жоқ, барлығы да қазақтың тарихы, елдің бірлігі, жастар тәрбиесі, ұлттық патриоттық сезімді қайткенде оятамыз деген тақырыпты қамтиды», –деген екен. Біздің бұған алып қосарымыз жоқ. Тек «Сарыарқа самалы» газетінде Сая Молдайып қарындасымыз үйлестіретін «Айналайын» қосымшасы байқау ұйымдастырып, оның қортындысы қосымшаның 2015 жылдың 11 шілдесінде жарияланды.

Онда балалар жазған өлеңдер, ертегі, әңгімелер жарық көрді. Жүлдегерлер арасында Лебяжі, Май, Ақтоғай, Шарбақты аудандарының, Екібастұз, Павлодар қалаларының, Кенжекөл орта мектебінің талапты балғындары жеңімпаз атанды. Ал «Айналайынды» балалармен қатар ата-аналар да қызыға, сүйсіне оқитынын еске алсақ, қуанышымыз еселеп арта түседі. Малайсары батырдың кім екенін күні бүгінге дейін жете біле алмай келген ондаған адамдар (балалар, үлкендер) оны ендігі жерде мына байтақ даланы жоңғарлардан азат етушілердің бірі.

Бір болғанда бірегейі жау жүрек батыр жерлесіміз деп білетін болды. Май, Ақтоғай аудандарында,- деді бізге қордың атқарушы директоры Ермат Байғұрманов әңгімесін онан әрі сабақтап, -көшпелі ғылыми - тәжірибелік конференциялар ұйымдастырылды. Жергілікті ғалымдар Б. Сағындықұлы, Айман Зейнуллина, Қ. Батталов, Б. Мұзафаров, Б. Қожахметов баяндамалар жасады.

Айта кету керек дегеннен шығады. Тіпті кезінде күні кешеге дейін облыстық «Сарыарқа самалы» кезінде «Қызыл ту» газетінде ұлтымыздың ұлыларын ұлықтауының олардың қазақ халқының тарих сахнасында сақталып қалуына қосқан үлестерін ұрпақ есіне дүркін-дүркін салып отыруды азаматтық парызы санайтын журналистер аз болған жоқ.
Ал ұлт оның бас көтерер бағландарына кеңестік саясаттың екі тізгін, бір шылбырын ұстау бақытына ие болған бауырларымыз шошына қарап, ерлерін бауырына алып, бастарына әңгір таяқ ойнататын, тіпті тағдырларын от боп шарпитындай шара қолданудан да тайынбайтын біле тұрса да, журналистер оқырман хатын жариялап жататын.

Сонан соңғы жерде саясаттың майын ішкендер өздері көрінбей, бәленбай ардагерлерге, түгенбай озат депутаттарға айтып отырып қарсы мақала жаздыртатын. Малайсарының ерлігін жоққа шығаруға жақындап, тіпті ол біздің жерлесіміз емес деуден де тайынбайтын. Соларды оқығанда, апыр-ай, бұлар ел ішінде «атам қазақ» деген аталы сөздің сақталғанын білмей ме? Білсе, жерлесіміз емес деулері қалай?

Жүзбен-жүз, ру мен ру басшылары жүз жыртысып қалғанның өзінде ел шетіне жау кірген тұста жүз ру басыларының айтқанымен жүріп, айдауына көніп келген көпшілікті қалың қазақты жарға жығар жалған намысты қоя тұрып, атам қазақ деп атқа қонуына түрткі ұйытқы болған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Бәсентиін Малайсары, т .б. батырлар емес пе? Олардың қай-қайсы болмасын жауды тойтару үшін ханның жарлығын күтпегеніне тарих куә. Бірақ бүгінгінің білгірлеріне мұның барлығы аздық етті.

Малайсарыға көше, аудан атын беру туралы бастама көтеріле қалса, улардай шулап келетіндерін қайтерсің?! Мұндай жай Малайсарының алдынан талай рет шықты. Тіпті «Малайсарыдан май артық па?» деп шырылдаған Ақын Арман Қанидың да үні жоғары жақтағыларды селт еткізбеген.

Талайлар өзіміз деуде жазған мақалаларымызды ертең басамыз, бүрсігүні басамыз деп уақыт оздырып, ақыр соңында, журналшы бауырларыңыздан жоғарыдағылар бұл тақырыпты жабыңдар деп жатыр дегендердін де құлағымыз сан шалған. Сондайда құлазыған көңілімді Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әнінде көрер ем... «күнім туса» деген жалғыз ауыз сөзі жұбататын. Сол күннің туатыны да деген сенім бәрі алда деген үкілі үмітке ұласатын.

Ақыры, ел президенті Н. Ә.Назарбаевтың дана басшылығының нәтижесінде Республика Тәуелсіз ел атанды. Халқымыздың келешегінің кемел екендігіне сан рет көз жеткізген небір айтулы оқиғалар Республика жұртшылығының біртұтастығын онан әрі нығайтып, біріне-бірі ұласып өтіп жатты. Көкірекке сенім құсын ұялатып тәуба дегізген мұндай қазақ тарихының тереңінен шым болатынын той мерекелерден біздің облыста кенде емес еді. Оған облыс орталығында Баян батырға ескерткіш, Лебяжіде хакім Абайға бюст қойылуы айғақ. Аудандар арасында тас тарихымызды түгендеуде Баянауыл ауданы көш бастады.

Баянауыл ауданының орталығында айтулы актер, режиссер киноактер Шәкен Аймановқа ескерткіш қойылды. Ал бұдан бірер жыл бұрын алаштың тарихында аттары қалған қазақтың Шоң Шорманына ескерткіш қойылған еді. Сонымен қатар ал қара көк аспанда қалықтаған аққу үніне ілесіп әсем әні арқаны әлдилеген әнші Жарылғапбердінің және Үкібай бидің мазарлары қалпына келтіріліп, бастарына ескерткіш тақта орнатылды.

Бұған ұйытқы болған Баянауыл ауданының құрметті азаматы, ел ақсақалы Мұрат Дүйсенбайұлы Рахметовтің есімін құрметпен атай кету артық болмас. Күні кеше қазақ тарихы тек ауызша шежіреде ғана сақталған. Тас тарихы жазылмаған деген жел сөзге таптырмас тойтарыс болғанын айтсақ та жеткілікті.

... Сол күні «Баянтау» ойын-сауық орталығы алдындағы көшеге жиналған халық өте көп болды. Бейнелеп айтсақ, еңбектеген бала да, еңкейген қарт та, көктемдей көрікті қыздар мен айбарлы да айбынды жігіт- желең де осында. Облысқа қарасты аудандардан алыс - жақын шет елдерден ат терлетіп, арнайы келген қонақтар да жетерлік.
Міне, облыс әкімі Болат Бақауов, қоғам қайраткері «Малайсары-Тархан» қоғамдық қорының президенті Тито Сыздықов салтанатты жағдайда ескеркішті ашты. Сол сәт алаңда ұзаққа созылған шапалақ үні бір мезгілде аспанға дүр етіп көтерілген мың сан көгершіннің қанат қағысын еске салғандай еді. Тек бұл араға үш жүз жыл салып туған еліне ат басын тіреген Малайсарыдай біртуар ұлына деген қалың елдің шадыман - шаттық үстіндегі лүп-лүп еткен жүрек қағысы еді.

Бұл елдің ерін ұмытпау, ұлықтау сынды ұлы дәстүрін есте ұстай білген өз ортамыздан шыққан ойлы да іскер азаматтарға қолдау көрсеткен аймақтың әкім қарасына, қор демеушілеріне деген облыс, қала берді Республика жұртшылығының риясыз көңілден ақтарылған ақ алғыстары дер едім. Ескеркіштің ашылуына немерем Нұрфарабиді ертіп барған едім.

Малайсары Тарханның тас тұғырындағы бейнесіне таңырқай қараған ол:
-Ата, бұл кім?- деп сұрады.
-Бұл батыр бабамыз – Малайсары.
-Менің бе?
-Тек сенің ғана емес, бүкіл қазақ балаларының батыр бабасы.

Сол сәт ескерткішке қарай беттеп бара жатқан Тоқтар Әубәкіровті көзі шалып қалған ол:
-Ата, ата, космонавт Тоқтар ата, - деді жымың қағып.
Сол сәт бұдан былайғы жерде ұрпақтарымыздың Тәуелсіздіктің арқасында өз тарихын, ел қорғаны болған хандар мен билерді, батырларды, діни тұлғаларды танып- біліп өсетіні біршама көңілімді көкке көтерген еді.

Сүлеймен Баязитов
Қазақстан Жазушылар және
Журналистер одағының мүшесі.
269
Теги: әңгіме

Читайте также:

  • Айдарбектің қасиетті Бала қыраны
    Айдарбектің қасиетті Бала қыраны

    Ертеде өмірі өкінішпен, өксікпен өтіп жатқан Айдарбек атты кедей болыпты. Кедей болғанда да байғұстың өмір бойы табағы майланбаған. Тақымы атқа тимей, нағыз сіңірі шыққан кедей болса керек. Жан ...

  • Жастық шақтағы – сырласым, қартайғанда – мұңдасым
    Жастық шақтағы – сырласым, қартайғанда – мұңдасым

    Бастау көзін күні кешегі «Лениншіл жастан» алатын қаймана қазақтың жасындай жарқылдаған «Жас Алашы» – 95-те... Көңілді қуанышқа бөлеген осы бір сәтте өткеніңді ой көзімен шолып, осы мен қаламг...

  • Біз де бала болғанбыз.                                                Менің Жазағам
    Біз де бала болғанбыз. Менің Жазағам

    (Әңгіме) Оқу жылы аяқталысымен жұмыс істеуге жараған балалардың көпшілігі шабындықты алқапқа шалғы түсер күнді асыға күтеді. Жылдағы әдет бұл. Ақыры ол күн де келіп жетті. Балалар жағы Жазаға...

  • Газет және оқырман
    Газет және оқырман

    Айтсын деп ақиқатты тіл берілген Тәуелсіздік таңы атқалы да 25 - жыл. Осы ақ түйенің қарыны жарылып, Еліміз Тәуелсіздік тойын есте қаларлықтай ұрпақтан ұрпаққа аңыз болып жетерліктей дәрежеде а...

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru