Неге үнсізсің?..

Автор
Жарияланды: 299 күн бұрын (29 қараша 2016)
Көңіл күй: Керемет
0
Голосов: 0
Неге үнсізсің?..


Өңімде мен бұл жерді кезбегенмін,
Шынын айтсам, бар-жоғын сезбегенмін.
Ал түсіме осы шың жиі кіред,
Сезем, сезем, жері емес өзгелердің,
Төскейінен қанша жыл, ғасыр өтті,
Қаншама ұрпақ алмасты өңіріңнен,
Қар көмкерді, жаңғыртып жасын өтті.


Оны қазір тап басып айта алар кім?
Тап басса да, есесін қайтарар кім?
Осы шыңға өрлеймін түсімде мен,
Түн түндігін түргенде айқара күн.

Қазына іздеп сабылам үңгірлерден,
Тосын үннен сескеніп күңгірлеген,
Өз-өзіме жатқаным сауал қойып,
Іздегенім алтын ба, мүмкін, өлең?..

Сан үңгірді сабылып шарлап-шарлап,
Түк таба алмай көзімнен жасым парлап.
Оянамын, о, тәуба-ай, ертең тағы
Түс сапарға шығамын
Маған арнап

Іздемек боп тығылған қазынаны,
Қанағат қып аз дәулет, аз мұраны,
Жүрген жан ем, бұл сырым Аллаға аян,
Жоқ іздетіп неге үңгір қаздырады?

Не десең де
Тылсым сыр ашылмаған,
Көрінеді көп жайдан басым маған.
Іздеп жүрген қазынам өлеңім бе,
Жазылмаған,сонан соң басылмаған,
Жыр шашуым жұртыма шашылмаған?..
Неге үнсізсің, мәңгі жас, жасыл ғалам?

Сүлеймен Баязитов
238
Теги: өлең

Читайте также:

  • Ұстаздар,әу деңдер!
    Ұстаздар,әу деңдер!

    Неге байланыса алмаймыз, түсінсем бұйырмасын?...

  • Хабарласайық,неге байланыс жоқ,түсінбедім?...
    Хабарласайық,неге байланыс жоқ,түсінбедім?...

    Қазақша порталды ынжықтанбай сайратайық та, әріптестер! Неге байланыс жоқ, түсінбей жатырмын?... ФБ-ны,мой мир-ді қатырып жатырмыз ғой ,әйтпесе,шулатып...

  • Ұстаз болу  - өмірдің батырлығы
    Ұстаз болу - өмірдің батырлығы

    Құрметті Ұстаздар ! Неге оқушыларымыз мұғалім болғылары келмейді,осы жайында сөз қозғайық.Неліктен?! Қоғам өзгерді ме,жоқ әлде адам өзгерді ме?!Қайтсек қоғамымыз мұғалімдік беделді жоғары қояды еке...

  • Өз-өзіңді жаттай сыйла жат жанынан түңілсін.
    Өз-өзіңді жаттай сыйла жат жанынан түңілсін.

    Неге қазақтілділер марғаумыз,фейсбук, @mail.ru дегенде алдымызға жан салмаймыз ғой.Қазақша сайтқа өз үлесімізді қосайық, көбейейік, "Жалғыз ағаш орман емес" Қаулап өскен орман болайық! Се...

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru