Немереме!

Автор
Жарияланды: 55 күн бұрын (30 қаңтар 2017)
Көңіл күй: Керемет
0
Голосов: 0
Немереме!

Нұртілеуім,
Сен туғанда шаттықтан бір түледім.
Уілдеген үніңнен айналайын,
Келіп тұрды сол сәтте күлші дегім.
Жөргегіңде жатырсың тырбаң қағып,
Қас-қағымда мына өмір өтер ағып.
Бала бүркіт секілді көкті аңсаған
Талап қылып ұшарсың қанаттанып.
Мына байтақ бабадан алған енші
Тылсымына құлақ түр, тебіренші.
Сенің алтын бесігің – Отаның бұл,
Бастауынан қанып іш, гүлін терші.
Балғыным, бұл – бабалар аманаты,
Туған жерің ұмытпа, жер жәннатың.
Ұланы бол сен оның сенім артар,
Бол еліңнің қатарлы азаматы.

Сүлеймен Баязитов
232
Теги: өлең

Читайте также:

  • Неге үнсізсің?..
    Неге үнсізсің?..

    Өңімде мен бұл жерді кезбегенмін, Шынын айтсам, бар-жоғын сезбегенмін. Ал түсіме осы шың жиі кіред, Сезем, сезем, жері емес өзгелердің, Төскейінен қанша жыл, ғасыр өтті, Қаншама ұрпақ алмасты ...

  • Астана
    Астана

    Жер жөргекте сен жатқанда-ақ іңгәлап, Әлемге атың кетті «Астаналап». Ырымшыл қазақ біткен тәуба дескен, Тәй басқан қадамыңды қадағалап. Тұрғанда әлем сенен алмай көзін, Саясат саңлақтары арна...

  • Шымшымалар
    Шымшымалар

    Бар арман Жұмыр басты пендеңіз, Ішіп-жеуге жаралған. Сондықтан да жемқорлық, Қан тамырдай таралған. Қорықпайсыз ба дегенмен, Құрылар деп тор алдан? Оны ойлауға уақыт жоқ, Молырақ қарпу бар ар...

  • Дұрыстап оқы
    Дұрыстап оқы

    Ит сабалады, Жаңбыр абалады. *** Кеме балтырға өрмеледі, Кене теңізде тербеледі. *** Жылан көктен құлады, Қыран інде тұрады. *** Инемен киім пішіп, Қайшымен тіктім ішік. *** Қоян қойды ж...

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru