Оятқан мені ерте шығыс жыры... Жалынайық Абайға

Автор
Жарияланды: 72 күн бұрын (17 сәуір 2017)
Көңіл күй: Керемет
0
Голосов: 0
Оятқан мені ерте шығыс жыры...   Жалынайық Абайға


Сандаған жылдар бойы кеңестік кезеңнің шілтерлі шымылдығы өскелең ұрпақтың көзінен таса, санасынан аулақ ұстауға тырысқан. Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі әдебиет әлеміне қайта оралуы, оның шығармашылығы мен әуелден - ақ азды - көпті таныс аға буын өкілдерін ақыр соңында әділеттің салтанат құрғанына тәуба дегізсе, жаңа талап жас өскіндердің санасын дүр сілкіндіріп, таным көкжиегін кеңейте түскен, солай болу да заңдылық еді.

Осы тұрғыда философия ғылымдарының кандидаты Асан Омаров: «Бүкіл алаш жұрты Шәкәрімді рухани ұстаз, екінші Абай деп құрмет тұтқан»,- дейді. Сол құрметке арада өткен белгісіздік жылдары да көлеңкесін түсіре алмады. Ақын Шәкәрім есімі ақталғаннан кейін көзі тірісінде иеленген өзінің тарихи тағына қайта жайғасты. Бұл тұста оны кейбір қалам ұстағандар: «Шәкәрім ә, дегеннен – ақ не жазса да өзінше жазған, тіпті ақын ретінде қалың қауым Абай екеуін қатар таныған»,- десе , енді бірі Шәкәрімнің алғашқы өлеңдерінен Абайдың тіл мәдениеті, сөз үлгісі анық байқалатынын айтады.

Күні кешеге дейін кеңестік кезең қалыптастырған бір ізділіктен арылып, Абай және оның ізін ала шыққан ақындардың шығармашылығы төңірегінде пікірдің сан алуандығы қалыптаса бастағанын байқаймыз. Бұл, біздіңше, аз олжа емес.

Қалай десек те Шәкәрімнің Абайды ұстаз тұтқаны, оны өзінің ғана емес, жалпы қазақ жастарының ұстазы ретінде танығаны ақиқат. Тіпті Абайды сол тұстағы қазақ қоғамындағы «Бір білімді данышпан» деп атап көрсетеді. Өзінің «Жастарға» атты өлеңінде:
Өшпес өмір, таусылмас мал берейік,
Бір білімді данышпан жан табайық,- деп ортаға ой тастай келіп:
Ал енді олай болса кімді алайық,
Қазақта қай жақсы бар көз саларлық,
- деп сауал қояды.
Сақ болайық бір шоқып, бір қаралық,
Қарауылдар мезгіл ғой тұр қаралық
Жүз айтқанмен өзгенің бәрі надан,
Жалынайық Абайға, жүр барайық.
Осы шумақтағы «жүз айтқанмен өзгенің бәрі надан» деуі оның Абайдан басқа қараңғылық тұманына тұмшаланған жұртты жарық сәулеге бастай алатын жан жоқ екенін ашық айтуы уақыт дертіне шипа- дәру болатын жанды тамыршыдай тап басуы көрегендік емес пе?!

Ал :
Өмірзая болмастық өнер үйрет,
Ақылыңды аяма бізге ұқпас деп
Бізден үміт үзбе делік.
Арамдықпен, алдаумен күн өткізбей,
Өтірікке өлгенше шынға өлейік.

Бұл тек Шәкәрімнің ғана емес, тіршіліктің көзге түртсе көргісіз қалың тұманына тұмшаланып, тығырыққа тіреліп, қараңғылық, надандық шырмауындағы қам көңілді ондаған, жүздеген қазақ жастарының арман - мүддесі, ет - жүрегі «елім» деп соққан, ақ ниетті, адал жанды қазақ жастарының жан сыры, басқаша айтсақ, көздеген мүддесі ғой.

Шәкәрім «өмірзая болмастық өнер үйрет» деу арқылы Абайдың өздері өмір сүріп отырған қоғамдағы ордалы ойдың тұнық тұнбасы болумен қатар өнеге шашар өнікті істің бастауы екендігіне көз жеткізіп, өнер үйретер жөн сілтер кісі болса, қазақ жастарының бас шайқамасына деген нық сенімін айғақтай түседі.

Өзіміз де алданып, өзгені де алдаумен күн өткізбейік. Өтіріктің түтініне тұншығып, өлгенше шындық үшін басымызды бәйгеге тігейік деп үндейді. «Оңамыз ба Абайдан бата алмастан?» - деген сауал тастай отырып, жастардың жүрегінде намыс отын тұтатып, жігер - жалынын алаулатуды мақсат тұтады.

Бұған әсте шүбә келтіруге болмас. Оған Шәкәрімнің өнер - білімге ынтыққан жастарды Абай төңірегіне топтастырып қана қоймай, солардың көшбасшысы болуы айғақ емес пе?! Бұған Тұрлығұл естелігіндегі: «Біздің ішіміздегі ең үлкеніміз Шәкәрім болды», - деуі айғақ.

Шәкәрімнің біз сөз етіп отырған «Жастарға» атты өлеңі 1897 жылы Абайдың көзі тірісінде жазылып, жұрт арасына тараған. Сол тұстағы Абайдың қадір - қасиетін жете түсінбейтін көзі соқыр замандастарының көпшілігі осы өлең арқылы оның қоғамдағы орнын бір сәт ойша зерделеп, тың көзқарас қалыптастырған да болар.

Әйтеуір Шәкәрімнің жастарға: «Жалынайық Абайға, жүр баралық»,- деп ой тастауы сол тұстағы қазақтың көзі сәл - пәл ашық, көкірегі сәл - пәл ояу бөлігін бір сәтке дүр сілкінтіп, Абайды рухани сарқылмас сарқырамасынан сусындауға, шөл басуға, өнер - білім қууға ықпал еткені талассыз.

... Жалпы Шәкәрімнің «Жастарға» атты Абайға арналған осы өлеңі, меніңше, қазақ оқырмандарына (өткеніне де, бүгінгісіне де, ертеңгісіне де) олжа салған, сала бермек екі ерекшелік бар. Оның алғашқысы - көзі тірісінде - ақ Абайды ұлтымыздың ұлы ұстазы ретінде тануы, екіншісі - Абайтанудың алғашқы алтын әрпі болып жазылуы.

Сүлеймен Баязитов
446
Теги: әңгіме

Читайте также:

  • туылған жылым...
    туылған жылым...

    Үйлерінде балалары әркім өзінің шығыс күнтізбесі бойынша туған жылдарын айтып жатты. Мен қой жылы, мен сиыр жылы, мен тауық жылы туылғанмын деп аға-апайлары айтып жатқанда 4 жасар Арман өзінің жылқ...

  • Ақпараттық технология әлемі шақырады!
    Ақпараттық технология әлемі шақырады!

    Қымбатты сайт оқырмандары және сайт әкімшілігі! Сіздің сайтқа "IT әлемі жайлы" материалдар барма екен деп іздеу кезінде кез болдым. Сізде осы тектес "айдар" бар екен, бірақ онда...

  • Ересектерге ертегі
    Ересектерге ертегі

    Ерте,ерте, ертеде, соно-о-оу келмеске кеткен кеңес дәуірінен жұптары жазылмаған екі дос болыпты. Әлқиса, күндердің күнінде соның бірі үлкен бастық болып, екіншісі жүрегі жарылардай қуанып, екі өкпе...

  • дөңгелек үстел
    дөңгелек үстел

    Сурет кішірейтілген. Түпнұсқада көру үшін шертіңіз. Саттар Ерубаевтың 100жылдығына орай мені басқа мектеп әкімшілігі құрметтеп шақырды.Аллаһ бұйыртса барамын.

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru