Тіл таным - Иран тілінен енген сөздер

Автор
Жарияланды: 258 күн бұрын ( 2 желтоқсан 2016)
Өңдеу: 1 рет — кеше в 00:28
Көңіл күй: Керемет
0
Голосов: 0
Аспан

Тіл таным - Иран тілінен енген сөздер


Аспан ашық, күн тымық,
Күредік қарды құлшынып.
Осы аспан сөзі де,
Біздің тілге кезінде.
Кіріпті Иран тілінен,
Мағынасы “әуе” екен.
Осыны бүгін білдім мен.


Арай
Ғасырлар бойы сандаған,
Көнеріп, ұмыт қалмаған.
Көп сөздің бірі Арай-ды,
Тамсандырған талайды,
Қосады ақын жырына,
Білгенің жөн мұны да.
Осы сөз қазақ қырына,
Жетіпті Иран жерінен.
Шұғыласын төгіп тұр бүгін,
Тілімнің асқақ төрінен.


Ас
«Ас адамның арқауы,
Сабырлық керек затында».
Бұл мақал Алтай, Арқаға,
Бейтаныс емес затында.
Тағам ғой асқа балама,
“Ас” сөзін жат санама.
Аруақ ырза болсын деп,
Ас берді ел Бабаға.


Алау
Алаулап жанған оттайын,
Жалындап біраз тоқтайын.
Жылылық жұртқа тарасын,
Қызуы қайтпас шоқтайын.


Астана
«Астана»
Басқа да
Сөздердей
Тіліме өң берген,
Шыққанын қай тілден.
Білуді жөн көргем,
Іздедім сөздіктен,
Сонда ғой сөз біткен.
Таптық та,
Таласпа.
Аптықпа,
Сіңіскен Алашқа,
Сөзі бұл Иранның.
Астана- бас қала,
Мемлекет кіндігі.
Бағынар аймақтар.
Деген-ді айғақтар.

Сүлеймен Баязитов
515
Теги: өлең

Читайте также:

  • Аналар мерекесімен!
    Аналар мерекесімен!

    Құрметті ұстаздар 8 наурыз Халықаралық аналар мерекесімен баршаңызды құттықтаймын. Мерекеде көтеріңкі көңіл-күй тілей отырып, жақын- туыстарыңыздан, жарларыңыздан, оқушыларыңыздан жақсы сөздер есті...

  • Аузыңа абай бол...
    Аузыңа абай бол...

    Көне замандағы мәдениет ошақтырының бірі саналып жүрген ШУМЕРЛІКТЕРДІҢ тас табақтарына мынадай сөздер қашалыпты: ..."АУЗЫҢА АБАЙ БОЛ, КӨКЕЙДЕГІ ОЙДЫ АЙТУҒА АСЫҚПА, ОЙЛАНБАЙ СӨЙЛЕСЕҢ ОПЫҚ ЖЕЙСІ...

  • Орыс тілі сабағында
    Орыс тілі сабағында

    Мектепте орыс тілінен семинар болып жатты. Ауданның әр ауылынан мұғалімдер, аудан әдіскерлері 5 сыныптың сабағына қатысып отыр. Сабақ тақырыбы "Нан дастарханға қалай келеді?". Сабақты пыс...

  • Оятқан мені ерте шығыс жыры...   Жалынайық Абайға
    Оятқан мені ерте шығыс жыры... Жалынайық Абайға

    Сандаған жылдар бойы кеңестік кезеңнің шілтерлі шымылдығы өскелең ұрпақтың көзінен таса, санасынан аулақ ұстауға тырысқан. Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі әдебиет әлеміне қайта оралуы, оның шығ...

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru