Блоги
Жазбалар лентасы (359) Барлық блогтар Жекелік Ұжымдық
НҰр+1данышпандық
Данышпаннан бір адам:"дүниеде не оңай, не қиын"- деп сұраған екен. Сонда данышпан: "ең оңайы біреуге ақыл айтқан, ең қиыны соны өзіңнің орындауың" - деген екен.
СакидаХабарласайық,неге байланыс жоқ,түсінбедім?...
Қазақша порталды ынжықтанбай сайратайық та, әріптестер! Неге байланыс жоқ, түсінбей жатырмын?... ФБ-ны,мой мир-ді қатырып жатырмыз ғой ,әйтпесе,шулатып...
НҰр+1күш атасын танымас
Детсадтан кейін 1 сыныпқа барған Олжас мектепте өзін еркін ұстады, оның үстіне әкесі мектепте завуч еді. Сабақта орнынан тұрып, барам деген балаға барып, алам дегенін алып мұғалімнің отыр дегенін құлағына да ілмеді. Мұғалім неше түрлі әдіс қолданса да бұл әдетін қоймады. Бір күні сабақта әдетіне басып орнынан тұрып жүрген Олжасты мұғалім апайы қолынан жетектеп "өзің сөз ұқпайды екенсің"- деп партасына нығарлап күшпен отырғызып жатса, "мұғалім шығасыз ба?" - депті. "Шығам"-депті мұғалімі. Орнынан тыпырламайтындай етіп қол-аяғын мықтап ұстап тыпыр еткізбеген мұғаліміне "жеңілдім, жеңілдім" - депті. Содан бастап тәртіпке көніпті. Содан 11 сынып оқып жүргенде әкесінің жанында машинада келе жатып, көшеден бастауыш сыныптағы мұғалімін көріп: "әке мұғалімді жекпе-жекке енді шақырсам қалай болады"-депті мәз болып.
НҰр+1халқым
«Қазақ деген халқымнан айналайын! Қазақ деген халық болмаса оның мен сияқты Нұрсұлтан деген президенті де болмас еді. Менің басымды иіп тағзым ететінім осы»

Н.Ә. Назарбаев
СакидаҰстаздар,әу деңдер!
Неге байланыса алмаймыз, түсінсем бұйырмасын?...
НҰр+1Пай-пай, қазағым-ай!
Халқыңның сырын өзің білесің де,
Ісіне күйесің де күлесің де;
Қаласың кейде кейіп, кейде мәз боп,
Әйтеуір, сол халқыңды сүйесің де!
*Ілияс Жансүгіров*
СакидаБисмилла рахмани рахим...
Ұстаз болдым талаптың мініп тұлпарын,
Шәкірттерді биік шыңға шыңдармын.
Халқымыздың бар асылын жинақтап,
Шәкірттердің өн бойына құярмын!!!
НҰр+1шындық туралы
... Мың намыссыз жағымпаздан құлдық ұра құлаған
Артық маған қасқайып кеп шындықты айтқан бір адам...

М. Шаханов

Өтіріктің балын ішіп өмір сүргенше,
Шындықтың уын ішіп өлген артық.

Б. Момышұлы
НҰр+1сабақтағы жас маман
Сабақтағы жас маман

Математикадан сабақ беретін жас маман 6 сынып оқушыларына ұрсып жатыр:"ертең департаменттен комиссия келіп сендерден бақылау алады, мен келетін кісіні білемін, өте қатал, қиын кісі, сендер жаман жазсаңдар алдымен менің шашымды жұлып қолыма береді, сонан кейін сендердің де шаштарыңды жұлып қолдарыңа береді"-деп қорқытып жатса, Темирлан: - мұғалім онда ертең бәріміз шашымызды тақырлап алып келеміз деді.
НҰр+1Кіріспе сабақ
Кіріспе сабақ

Мұғалім оқу жылының басында алғашқы сабақта: "Балалар оқулықтарыңды ашыңдар Кіріспе сабағымызды бастайық" - деді. Сонда бір оқушы тұрып, мұғалім "Кіріспе" деп тұр ғой кіріспей-ақ қойсақ қайтеді - депті қуланып.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар

Қазақ пен арақ
Қазақ пен арақ
7 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Коррупция
Коррупция
5 қазан 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Әнші Шақтай -  Айдындағы аққулар.
Әнші Шақтай - Айдындағы аққулар.
21 қыркүйек 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Тек ақылмен...
Тек ақылмен...
21 қыркүйек 2017 - Алға Әлем. - 0 - 0
Askar Karabshayev
Өз ойым
4 қыркүйек 2017 - My diary - 0 - 0