+58 RSS-лента RSS-лента

НҰр+1

Блог авторы: Нургиза Кульджина
Сабақтағы күлдіргі сәттер
Жүгіріп өт
60 жастан асқан апайына бауыры: светофорсыз жаяулар өтетін жерден жүгіріп өт, себебі асықпай шіреніп өткендерді машинаның ішіндегі жүргізушілер: " жүрісін қарашы, шіреніп әкең, шешең .." деп боқтайды депті.
Аузы қисайыпты
Белгілі суырып салма ақын Надежда Лучникова: баласын түйе табаны жазылсын деген оймен төркініне ауылға жіберіпті, келгенде баласы қазақшаны ұмытып орысша сөйлесе керек. Сонда апамыз: баламның аяғы түзелгенмен, аузы қисайып кетіпті ғой - депті.
Бір үйдегі "жемқор" мен "патриот"
Отағасы үйіне жұмыстан концтоварлар әкеліп қояды, әйелі мұғалім екен де оның әкелгендерін мектепке таситын көрінеді. Отағасы бір күні: Мен үйге тасимын, сен далаға тасисың - деп режіпті. Сонда әйелі "Сен жемқорсың, мен патриотпын"- деген екен.
телефоным қайда???
Жас келіншектің бір кезде телефоны есіне түсіп, қараса телефоны жоқ. Содан қарайтын жердің барлығын қарап, бұлқан талқан болып жүрсе, жолдасы "Әй, құдай біледі, балаң жоғалса бүйтіп іздемессің, сірә?!" депті.
Асаба өз ойын айтты, ойланып көрейік!
Жақында келін түсірген тойға бардым, сондағы асабаның қалжың шыны аралас бір сөзіне әбден күліп едім. Соны жазып отырмын. Асаба:"бұрын тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың деуші едік қой, қазір ол 12 жылдық оқуда өзгерген. Ол қазір "биттей болып кіресің, иттей болып шығасың" -деп айтылады. Сол сияқты келінге осы үйге келін болып кіресің, кемпір болып шығасың-демекпін - деп еді.
"Женщинаға" жеткізсін
Кеңес өкіметі заманына 18 жастағы жас қыз қалаға келіп,автобусқа отырса, біреулер оған "женщина" деп сөйлеген ғой. Себебі толық, беті жалпақ. Басында көңілім түсіп, ренжідім дейді. Келесі күндері құлағым үйрене бастады, құдай осылар айтқан "женщинаға" жеткізсін! деп өзімді-өзім жұбаттым-деп күледі.
Мода
Әкесі мен анасы қонаққа баруға дайындалып, киініп жатады. Әкесі: осы костюмді кисем сүмірейіп қалатын сияқтымын, өйіткені иығым жоқ қой деді өзіне көңілі толмай. Оны естіп отырған қызы: Папа қазір иық жоқ модада-деді. Сонда иығы барлар мода деп иықтарын шауып тастай ма? деді күліп әкесі.
Кімге не айтып едім?
Бір әйел норка шуба алған ғой. Соның бағасын жолдасыма, балаларыма төмендетіп айттым, әйтпесе олар келіспейді. Ал көршілеріме біраз қосып айттым, жолдас келіншектер мен ұжымдағыларға бөсу үшін жоғарлатып айттым. Аяғында Шубамның шын бағасын ұмытып қалдым. Келе-келе кімге қандай баға айтып едім деп ойланатын болдым - дейді, күліп.
Мұғалім бәріне керек.
Мұғалім келіншек жолдасымен банкке несие алуға барған ғой. Жолдасына несие бермей, мұғалім келіншекке беріпті. Сонда жолдасы Бұларға да мұғалім керек екен ғой. Мұғалімдерді табу да, олардан ақша өндіруде оңай ғой тегі деп ренжіпті.
Ауылдан қаладағыларды телефонмен құттықтау
Ауылдағы ұлы Алматыдағы анасын 8-наурыз мерекесімен құтықттайын деп ұялы телефоннан таңертең сағат 8-ден кете хабарласса, телефонды немересі алыпты. Апа қайда?-десе ұйықтап жатыр дейді. Мамаң қайда?- десе ол да ұйықтап жатыр дейді. Сонда Алматыда әлі таң атқан жоқпа?-деген ғой. Жоқ таң аттқан-депті.
Беттер: 1 2 3 Келесі Соңғы

Блогтағы жазбалар