НАЙЗА ТАПҚАН арасаны

Автор
Жарияланды: 1019 күн бұрын (11 тамыз 2015)
Көңіл күй: тамаша
+1
Голосов: 1
Алматы облсы, Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылының аймағында, таудың ішінде Жаратқан иеміздің құдіретімен осында табиғаттың керемет шипажайы бар. Наза тапқан арасаны баяғы жаугершілік заманында қазақ батырлары мен сарбаздарының емделетін орны болған көрінеді.
Қазіргі кезде сол қасиетті жерде емделіп жатқандармен тілдескенімізде арасанның бірнеше бастауының суы көптеген ауруға ем екен. Бір қызығы бастаулар бір-бірінен бірнеше қадам жерден шығып жатса да дәмдері, құрамы, температурас әр түрлі. Әр бастаудың өз шипасы бар. Бәрінің басына «қан қысымына», «асқазанға», «көзге», «жараға» - деген сияқты өз жазулары бар. Арасанның басындағы биік төбе басында көптеген балдақ қызметін атқарған таяқтар шаншулы тұр. Өз аяғымен жүре алмай келіп, арасанның емінен кейін сол төбенің басына өз бетімен шығуға шамасы келіп, шипа қонған жандар таяғын әдейі сол биіктің басына қалдырып кетеді екен.
Арасанның аумағына дәретсіз, дұғасыз кіруге болмайды. Бұлақ басында, балшыққа оранып жатқанда, жатын орын, дастархан басында әулекі сөзге, әдепсіз іске, ән айтып, даурығуға болмайды. Емделіп жатқан жандар осы жердің қасиетіне қарай осындай қағиданы жадында ұстайды. Кейбір емделушілердің сөзіне қарағанда: «Арасанның иесі бар, ол – жыландар. Арақ ішкен, ниеті жаман жандарға, иманы таза емес жандарға сол жылан көрініп, арасаннан қууға әрекет етеді екен. Тіпті, аяқ астын жел тұрып, ниеті бұзық жандардың шатырын аударып тастайды» - дейді. Арасанға келгендер өз шатырын,киіз үйін әкеліп, қазан-ощағын арқалап келеді екен. Келген күні арасан басында құрбандық шалады.
Арасанға ешқандай заманауи құрлыс, техника жасалмаған. Себебі, бірнеше жыл бұрын әкімшілік осындай бір әрекет жасамақ болғанда барлық бастаудың суы тартылып кетіпті. Сосын қайта шығыпты. Сондықтан жергілікті халық арасан басын сол табиғи қалпында сақтауға тырысады.
Арасанның бірнеше бастауымен қатар сүлікті балшығы, тері жарасына, тұз соруға арналған балшықтары мен сулары, нәресте сүйгісі келетін отбасына арналған орындары, табиған құдіретімен жасалған әр түрлі тастар, мүсіндер бар. Арасан суын өзіңізбен алып кетіп пайдалануға болмайды. Себебі, кез-келген суы арасан аумағынан шыққан соң күшін,қасиетін жоятын көрінеді.
Найза тапқан арасаны жөнінде қысқаша мағлұмат осы. «Мың естігеннен бір көрген артық» Барып көріңіздер, дертке шипа болсын!
""
Сурет кішірейтілген. Түпнұсқада көру үшін шертіңіз.
2445

Читайте также:

  • Диалогтік оқыту мектепте
    Диалогтік оқыту мектепте

    Диалогтық оқыту - нағыз тапқан мүмкіншілік, қалай ойлайсыздар, жолдастар

  • терезені төбеден шығарайық
    терезені төбеден шығарайық

    Жексенбі күні таңертең есік қағылды.Сөйтсем полиция, рұқсат сұрап кіргеннен кейін: "түнде Сіздердің үйлеріңіздің терезе жағында тұрған машинаның терезесін біреулер шағып кетіпті,сол туралы не ...

  • КЕЗІНДЕ ӨТІРІКТЕ ҰЯТ БОЛЫПТЫ
    КЕЗІНДЕ ӨТІРІКТЕ ҰЯТ БОЛЫПТЫ

    О, тоба! Кезінде өтірікте ұят болыпты, Ұятсыз қылық өтірікке жат болыпты. Құшақтасып қасыңда еріп жүрмей, Өтірік көзге түспес қат болыпты. Шындық та ол кезде шыңғырмапты, Әдемі даусы бопты, сыңғыр...

  • химиядан нобель сыйлық иегерлері
    химиядан нобель сыйлық иегерлері

    НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТТАРЫ Жылы Ғалымдардың аты жөні Тақырыбы 1901 « Ерітінділердегі химиялық динамика және осмостық қысым заңдарының ашылуының жоғары маңыздылығын құрметтеу белгісі ретінде» 1...

Пікірлер (1)
Askar Naymantaev # 12 тамыз 2015 в 20:32 +1
Иә, айта берсе таң қалдырар аңыздары көп, қасиетті жер.
Здесь нет никого ;-)

Блогтағы жазбалар