зАМАНАУИ ҰСТАЗ СИПАТЫ

Автор
Жарияланды: 74 күн бұрын ( 7 қаңтар 2019)
Көңіл күй: тым көтеріңкі
Ойнау: Ұстазыма әні орындалады
0
Голосов: 0
Заманауи ұстаздың атқарар міндеті,игерер қабылеті
Ел болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеу сияқты жауапкершілігі мол, ізгі де игілікті іс Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Бекет Өтетілеуов сынды ұлы ұстаздардан бастау алады.Осы ұлылардың ұлағатты істерін жалғастырушы ретіндегі бүгінгі заман талабына сай, жаңа тұрпатты мұғалім қандай болуы керек? Оған жүктелетін жауапкершілік пен қойылатын талап қандай? Кәсіптік деңгейіне арқау болатын кәсіп құрылымы (профессиограммасы) — жеке басының сапалық негізгі қасиеттері: мемлекеттің, әлеуметтік ортаның идеясын насиахттаушы; өз кәсібіне жан-тәнімен берілгендік; маман ісіне адалдық, ұжымшылдық, кәсіптік-педагогтік бағыттар Сапалық белгілер: мұғалімдік қызметке бейімділік, қабілеттілік, баланы сүю, байқағыштық, ұйымдастырушылық, орынды талап кою, ұстамдылык, әдептілік, сенім арту, бедел, мақсатты айқындау, ізгілік. Педагог қызметкер:
- өзінің кәсіптік құзіреті саласында теориялық және практикалық білімді және оқыту дағдыларын меңгеруге;
- білім алушыларды жоғары имандылық, ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсету рухында, қоршаған дүниеге ұқыпты қарауға тәрбиелеуге;
- білім алушылардың өмірлік дағдыларын, біліктіліктерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға;
- өзінің кәсіптік шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және ғылыми деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға;
- педагогтік әдеп нормаларын сақтауға;
- оқушылардың, тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. (ҚР Білім туралы заңы. 7 тарау,50 –бап 3б).
Мектептану ғылымында ғалымдар педагогтық еңбектің ерекшеліктері мен,олардың қарым-қабылеті жайында көптеген түйіндер келтіреді. Т.А. Ильина мұғалімнің кәсіби маңызды сапа -қасиеттерін міндеттік себептеріне байланысты бірнеше топқа жіктейді:
а) міндетті ә) өте маңызды б) мүмкіндігінше болуға тиісті в) мұғалімге қажетсіз сапа – қасиеттер. Міндетті деген сапа – қасиеттерге тоқталатын болсақ, олар кәсіптік қызметпен тікелей байланысты сапа-қасиеттер. Маңызды сапа- қасиеттер тобына адамгершілік, имандылық сезімдердің жоғары дәрежеде қалыптасқан деңгейі; балаға деген сүйіспеншілік; ізгілік; педагогикалық байқағыштық; кез келген құбылысқа бейімделе алу қабілеті, педагогикалық оптимизм; танымдық қызығушылық пен жалпы жан-жақтылық; мейрімділік пен әділдік; талап қоя білу мен сезімталдық; ұстаздық борыш пен жауапкершілік; іс- әрекет нәтижесін алдын-ала болжай білу; сөйлеу мәдениеті; байсалдылық жатады. Мамандық қасиеттері : - Дидактикалық қабілет; - Академиялық қабілет; - Перцептивті қабілет;
- Сөйлеу қабілеті; - Ұйымдастырушылық қабілеті; - Коммуникативті қабілет;
- Конструктивті қабілет; - Қолданбалы қабілет . Ресейлік зерттеушілер С.Л. Рубинштейн, Б.М. Теплов қарастырған ахуалдардың негізінде педагогикалық қабілеттердің тұтас бір жинағын іріктеді.. Олардың ішіндегі Н.Д. Левитов пен Ф.Н. Гоноболин анықтаған негізгілерін қарастырайық. Н.Д.Левитов негізгі педагогикалық қабілеттер ретінде : балаларға білімдерді қысқа және қызықты формада беру қабілеті; бақылампаздыққа сүйенетін, оқушыларды түсінуі қабілеті; ойлаудың өз бетінше және шығармашылық қалыбы; тапқырлық немесе шапшаң және дәл бағдарлану; мұғалімнің өзінің жұмысын, және де жақсы оқушылар ұжымын жасауды қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық қабілеттер. Оқу материалын оқушыларға қол жеткілікті қылу қабілеті және оқу материалын өмірмен байланыстыру қабілеті екеуі бірігіп өзіндік бір дидактикалық қабілеттер тобын құрайды, олар білімдерді неғұрлым қысқа және қызықты формада беру деген неғұрлым жалпы қабілетпен байланыстырылады. Мұғалімнің оқушыны түсінуі, балаларға деген қызығушылық, жұмыстағы шығармашылық, балаларға қатысты бақылампаздық – бұл адамның рефлексивті-гностикалық қабілеттерімен байланысты қабілеттердің екінші тобы. Балаларға педагогикалық еріктік әсер ету, педагогикалық талап қоюшылық, педагогикалық әдеп, балалар ұжымын ұйымдастыра алу қабілеті – бұл, қазір атап жүргендей, интерактивті-коммуникативті қабілеттер. Ф.Н. Гоноболин бөлген қабілеттердің өте маңызды төртінші тобы - мұғалім тілінің мазмұндылығын, ашықтығын, бейнелілігін және сенімділігн сипаттайтын қабілеттерді қамтиды. Неғұрлым жалпыланған түрде педагогикалық қабілеттерді В.А. Крутецкий көрсеткен, ол оларға сәйкес жалпы анықтамалар берген.
1. Дидактикалық қабілеттер – шәкірттерге оқу материалын неғұрлым ұғынықты қылып беру қабілеті, оларға материалды немесе проблеманы айқын және түсінікті түрде келтіру, пәнге қызығушылық тудыру, шәкірттерде белсенді өз бетінше ойды қоздыру. Дидактикалық қабілеті бар мұғалім қажет жағдайда оқу материалын бейімдеп, қиынды жеңіл, күрделіні – қарапайым, ұғынықсыз, түсініксізді – түсінікті қыла алады. Кәсіби шеберлік, бүгін біз түсініп отырғандай, тек білімдерді бала санасына жеткізе біле беру, материалды белгілі және түсінікті мазмұндау қабілетін ғана емес, сондай-ақ шәкірттердің өзіндік жұмысын, өз бетімен білім алуын ұйымдастыру қабілетін, шәкірттердің танымдық белсенділігін ақылмен және нәзік «дирижерлеп», оларды керек жаққа бағыттап отыру қабілетін қамтиды.
2. Академиялық қабілеттер – ғылымның сәйкес аймағына деген қабілеттер (математикаға, физикаға, биологияға, әдебиетке және т.б.). қабілетті мұғалім пәнді тек ғана оқу курсының көлемінде ғана емес, елеулі терең және кең түрде біледі, ол үнемі өз ғылымында жаңалықтарды бақылап жүреді, материалды абсолютты еркін игереді, оған үлкен қызығушылық көрсетеді, кем дегенде қарапайым зерттеу жұмысын жүргізеді.
3. Перцептивті қабілеттер – оқушының, тәрбиеленушінің ішкі дүниесіне ене білу қабілеті, оқушы тұлғасын және оның уақытша психикалық күйлерін түсінумен байланысты психологиялық бақылампаздық. Қабілетті мұғалім, тәрбиеші елеусіз белгілер арқылы, болар болмас сыртқы көрінулер бойынша оқушының ішкі дүниесінде болып жатқан өзгерістерді байқап қалады.
4. Тілдік қабілеттер – өз ойлары мен сезімдерін тілдің, мимика және пантомимика көмегімен айқын және нақты білдіре алу қабілеті. Қабілетті мұғалімнің тілі сабақ кезінде қашанда шәкірттерге бағытталған. Мұғалім жаңа материалды хабарласын, оқушы жұмысына түсініктеме берсін, мақұлдау немесе сөгіс айтсын, қашанда оның сөзі ішкі күшпен, сенімділікпен, өзі айтып тұрған нәрсеге қызығушылықпен ерекшеленеді. Ойын оқушылр үшін түсінікті, айқын, қарапайым түрде білдіру.
5. Ұйымдастырушылық қабілеттер – бұл, біріншіден, оқушылар ұжымын ұйымдастыру қабілеті, оны жаңа міндеттерді орындауда топтастыру және дем беру, екіншіден, өз жұмысын дұрыс ұйымдастыру қабілеті, өз жұмысын ұйымдастыру дұрыс жоспарлау және өзін бақылау іскерлігін ұйғарады. Тәжірибелі мұғалімдерде өзіндік бір уақытты сезіну қалыптасады – жұмысты уақытқа дұрыс бөлу, белгіленген мерзімде үлгеру ептілігі.
6. Авторитарлық қабілеті – шәкірттерге тікелей эмоционалды-еркін әсер ету қабілеті және осы негізде олардың алдында беделді бола білу қабілеті (бірақ, әрине, беделдік тек осы негізде ғана жасалмайды, мысалға, білімді өте тамаша білу, мұғалім сезімталдығы мен әдебінің негізінде де және т.б.). Авторитарлық қабілеттер мұғалімнің тұлғалық сапаларының бірқатар жиынына байланысты, соның ішінде оның ерік сапалары (шешімділік, төзімділік, табандылық, талап қоюшылық және т.б.), және де оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуге жауапкершілік сезіміне, мұғалімнің өзінің дұрыстығына сенімділігіне, осы сенімділікті өз шәкірттеріне бере алу іскерлігіне байланысты.
7. Коммуникативтік қабілеттер – балалармен қарым-қатынас жасау қабілеті, олармен қарым-қатынас жасауда дұрыс тәсіл таба алу, олармен, педагогикалық көзқарас тұрғысынан, орынды өзара әрекеттесуді орнату іскерлігі, педагогикалық әдептің болуы.
8. Педагогикалық қиял (немесе, болжам жасау қабілеттер) – бұл, өз әрекеттерінің салдарын алдын ала көруден, оқушыдан болашақта кім шығатынын елестете отырып, оның тұлғасын тәрбиелеуді жобалаудан, тәрбиеленушілердің қандай да бір сапаларының дамуын болжай алу іскерлігінен көрінетін арнайы қабілеттер.
9. Зейінді бір мезгілде бірнеше іс-әрекеттерге тарату қабілеті мұғалім жұмысы үшін ерекше мәнге ие. Қабілетті, тәжірибелі мұғалім материалды мазмұндаудың мазмұны мен формасын, өз ойының (немесе оқушы ойының) өрісін мұқият бақылайды, сонымен бірге оқушылардың барлығын көз алдында ұстайды, шаршау, назар аудармау, түсінбеу белгілерін, тәртіп бұзуды байқап отырады, және де өз мінез-құлқын қадағалап отырады (тұрысы, мимикасы және пантомимикасы, жүрісі). Келтірілген педагогкиалық қабілетттер анықтамасынан көрініп отырғандай, олар өз мазмұнында, біріншіден, көптеген тұлғалық сапаларды қамтиды, және екіншіден, белгілі бір әрекеттерде, іскерліктерде ашылады.
Кәзіргі 12 жылдық мектептегі оқыту үрдісін тұлғалық бағдарлы мазмұнда жүргізу үшін мұғалімдерге қойылатын қосымша талап та бар:
- білім беру үрдісі ізгіліктік және демократиялық заңдылықтарға негізделеді;
- барлық деңгейдегі педагогикалық әрекеттер оқушыларға басы артық жүк,санасына салмақ түсіруі тиіс емес;
- педагогикалық қызметтің тиімділігі қажетті құрал –жабдықтарды жаңартудан емес, субъектаралық қатынастардың жаңаша ұйымдастырылуынан көрінеді;
- білім берудің тұлғалық бағдарлы мазмұны оқыту үрдісіндегі тұлғалардың оқушы, мұғалім- тәрбиеші, ата – ана өзіндік дамуын қамтамасыз ететін жаңа әдістемелер арқылы жүзеге асырылады;
- мұғалім өз әрекетіндегі қандай өзгерістердің қажет екенін сезіне алады, өз қызметінің бүгінгі күн талабына қоғам, ата- ана, оқушы сұранысына сәйкестігін біледі;
- тұлғалық бағдарлы білім беру бағытында жаңалықтар ендіруге ұмтылу, авторлық бағдарламалар құру, тәжірибеде бар жаңалықты өз тұрғысынан өзгерте алу.
Қазіргі заман мұғалімі –рухани дамыған əрі əлеуметтік тұрғыдан есейген,педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін-өзі əрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Мұғалімнің кəсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық қабілетінің дамуының кепілі жəне өзіндік жеке педагогтік тəжірибесінің дамуының алғы шарты болып табылады. Педагогикалық қабілет - мұғалімнің педаготтік қызметте жоғары нәтижелерге жетуін қамтамасыз ететіндей даралық-психологиялық ерекшеліктері мен кәсіптік тұрғыдан маңызды қасиеттерінің жалпылама жиынтығы. Мұғалімнің кəсіби құзіреттілігі –нəтижелі білім берудің негізі, оның жан-жақты білімімен,ұстаздық шеберлігімен,оқытудың жаңа əдістерін меңгеруімен өлшенеді.
Кəсіби құзыреттіліктің төрт түрі: 1. Арнайы, немесе қызметтік кəсіби құзыреттілік;2. Жеке кəсіби құзыреттілік;3. Әлеуметтік кәсіби құзыреттілік 4. Дара (индивидуальды) кəсіби құзыреттілік Мұғалімнің кəсіби құзіреттілігінің негізгі шарттары:1. Тұлғааралық жəне еңбектегі байланыс. 2. Қызметтің экономикалық, əлеуметтік, құқықтық,адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі.3. Қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы. 4.Практикалық кəсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық əлеуеті 5. Нақты жағдайларға байланысты қандай да бір əдістерді пайдалану біліктілігі 6. Тиімді шешім қабылдау қабілеті.Оқыту деңгейін халықаралық стандартқа жеткізуге қадам жасау.Осындай биік нəтижеге қол жеткізуді –кəсіби құзіреттілігі жоғары мұғалім ғана жүзеге асырмақ . ХХІ ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптар :Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар жəне соны қорғай білетін жігерлі тұлға жəне маман мұғалім болуы қажет.Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім жалтақ болмайды.Өз ісін жетік біліп, сабағын креативті жүргізетін мұғалім ғана түпкі нəтижеге қол жеткізе алады.Екіншіден, педагогтік, психологиялық білімін жетілдіріп үйренумен қатар, сол білімін күнделікті ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек.Дүние жүзінде ғаламдану үрдісі жүріп жатқандықтан,ақпараттар ағыны көбейді.Мұғалім қай пəннен сабақ бермесін, ол баланы өмірдің əр саласына қатысты кез келген сұрағына жауап беруге даяр болуы керек.Әр мұғалімнің педогогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы тиіс. Психологиялық басты заңдылық «Адам өзінің шығармашылық өзгерушілік қызметі арқылы адамдармен қарым – қатынас жасайды жəне жеке ойлау қабілеті зор жеке тұлға болып қалыптасады» дейді. Көп білу үшін көп оқу, «Интернет» жүйесін меңгеру қажеттігі туындайды. Үшіншіден, инновациялық оқыту, ақпарат құралдарының, мультимедиалардың көбеюі мұғалімнің еңбегінде оқулықтарды жалаң пайдалануды артқа тастады. Енді білім негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр.Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нəтижеге қол жеткізе алмайды. Жан – жақты даму үшін осы салада мұғалім ғана көмектесе алады.Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдылық, бейімділік сарапта-малық қабілеттер мен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды, дəйектерді, құбылыстарды талдай білуі жəне солардың пайда болуының себеп – салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт.Соның негізінде күрделі жағдайларда шешім таба алатын дəрежеге жете алады..Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси идеялық ұстанымдарды бала тəрбиесіне негіз етіп алуы тиіс. Оқушы ықпал ету обьектісі емес , ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы қажет. Кез келген адам жақсы ұстаз бола алмайды. — «Бізді оқытатын адамдар мұғалім деп аталады, бірақ, бізді оқытатындардың бәрі бірдей бұл атаққа лайық емес» деген екен неміс ойшылы Гете. Қай салада да мамандардың кәсіби дайындық деңгейі бірдей емес. Мұғалімдер арасында да білім деңгейіне көңілі тола бермейтін жақтары бары рас. Мектеп дайын товар өндіретін завод емес.. Білім саласының басты мақсаты – білімді, тәрбиелі ұрпақ қалыптастыру. Балалардың рухани дамуына жол ашу. Мұғалім балалардың оқу қызметінің кәсіби басқарушы Сабақ үстіндегі мұғалімнің басқарушылық қызметі — өнер. Ол — балалардың ақыл – ойын, қабілетін, дағдысын мақсатқа сай пайдалана білу өнері. Мұғалім еңбегіне тек белгілі бір функцияларды орындаудан тұратын қызмет түрінде қарауға болмайды. Педагогикалық қызметте тікелей адам тағдыры жатқандықтан, оны нұсқаумен орындалатын нормативтермен өлшеуге келе бермейтіні тағы бар.
.Қазақстандық педагог дайындауда заманауи жүйе қалыптасуы тиіс
Ұстаз –жамағат айнасы,оны дұрыс дайындамасақ үлкен қателікке ұрынамыз.Кезінде көне грек философы Платон былай деген еді: «Егер кебіс тігуші олақ болса, мемлекет бұдан көп зардап шеге қоймайды – бар болғаны азаматтар біршама нашар киінер, ал егер ұстаз өз міндетін нашар орындаса, онда елде надандар мен бұзақылар көбейіп кетеді».
Д. В. Луначарскийдің сөзі де осы ойға үндес: «Егер алтын ісінің шебері алтынды бүлдірсе, онда алтынды қайта құюға болады. Егер бағалы тас бүлінсе, онда ол жарамсыз болып табылады, алайда ең бағалы деген гауһар тастың өзі, жаңа туған адамнан қымбат емес. Адамның бұзылуы – не үлкен қылмыс, немесе орны толмас өкінішке айналады. Сондықтан бүл материалмен мүлтіксіз, одан не жасай алатыныңды күні бұрын біле отырып жұмыс істеу қажет» – деген. Түптеп келгенде, қоғам мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Мұғалім тәрбиесіне ең көнгіш кезіндегі адам сеніп тапсырылады. Мұғалім баланың білімін, икемділігін, әдетін, мұратын және өмірлік мақсатын қалыптастырады, яғни оның қолында адамның өмірлік тағдыры тұр.Ал,мұғалімдердің дамып жетілуі,мамандығының хас шеберлігі, толысып кемелденуі мемлекеттің қолында,бұл істі абыроймен атқару мемлекеттің абзал борышы.Қай елде,қай өркенниетте болсын, ұстаздық мамандығына лайықты,талантты жандарды тауып сұрыптап, оларға оқытып білім беріп,кәсіби шеберлік игертіп дайындау,олардың кәсіби шыңдалуына,білім-біліктілігін арттыруға жағдай жасау,өздік ерекшелігіне сай жүйе құру мемлекет саясатының шымбайлы құрамдас бөлігі. Иә,бүгінгі ұстаз,өз алдына үлкен мақсаттар қоя отырып,өз лабароториясында нелер педагогикалық зерттеулер жүргізіп,заманауи технологиялар негізінде білім беріп,тірбие-леудің ғылыми әдіс-тәсілін қорытып шығаратын ғалым-менеджер педагог.Оған көрсе-тілетін көмек,жасалатын жағдай,беделін артыратын демеулік үлкен де,мәнді,асыл да құнды болу керек.Өмірдегі көп мамандықтардың ішіндегі икемділікті, білімділікті, шеберлікті, мейірімділікті, шəкіртжандылықты қажет ететін мамандық ұстаздық мамандық.Себебі: ұстаздық – біріншіден, адамзат қоғамындағы жинақталған ғылым негіздерінен керегін ала отырып білім беруге, екіншіден үнемі шəкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманына жол сілтеуге, дұрыс бағыт-бағдар беруді мойнына алған маман иесі. Бүгінгі ұстаз шəкіртіне ғылым негіздерінен нақты мəлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни, қатал бəсеке жағдайында өмір сүруге тəрбиелей білу керек . Ол – тек қана нағыз ұстаздың қолынан келетін іс. Ұстаз атанудың өзі оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – əр ұстаздың борышы. Ол – өзінің шəкірттерін, кəсібін, пəнін, мектебін шексіз сүйетін адам. Осы іске деген қызығушылық пен сүйіспеншілік қана оны небір қиын əрекеттерге жетелей отырып, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Ұстаздың осыншама қадір-қасиетке, құрметке бөленуі өзін қоршаған ортамен əрбір шəкіртіне асқан жауапкершілікпен қарым-қатынас жасауында. Өйткені оның қарапайым да сыпайы киім киісі мен мəдениетті сөзі, жүріс-тұрысы, жинақты іс-əрекеті, білімі шəкіртке де, ата-анаға да үлкен өнеге.Осы құрметті де,киелі педагог мамандарды кәзір қалай дайындап келдік,келешекте қалай дайындауымыз қажет?Бұл сұрақтың жауабы да тым алыста жатқан жоқ.Біз де бастама да бар,ұлтанды тәжірибе де бар.Білім беру мен ғылымды дамыту бағдарламасы іске асырыла бастаған уақыттан 2017 жылдың соңына дейін елімізде 1 309 мектепке дейінгі мекеме ашылып, 155 мектеп салынды. Мектепке дейінгі ұйымдардың арнайы білімі бар педагогикалық қызметкерлерінің сапалы құрамы 1 500 педагогқа артты. Жоғары және бірінші санатты педагогика қызметкерлерінің саны 145 мың адамды құрайды. Мектепке дейінгі және мектепте білім беру мазмұны ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес жаңартылды, колледждер мен жоғары оқу орындарында халықаралық сарапшылар мен жұмыс берушілердің қатысуымен әзірленген 92 жаңа бағдарлама енгізілді. «Болашақ» халықаралық стипендиясымен 12 мыңнан астам қазақстандық жастар 35 елдің 170 жоғарғы оқу орындарында оқып, маман игеруі әр сатыдағы мектеп педагог кадрларды дайындауға үлкен септігін тигізіңп отыр.Соңғы жылдары отандық ЖОО АҚШ, Еуропа, Оңтүстік-Шығыс Азия т.б. елдерден төрт мыңдай ұстаздар мен ғалымдар шақырды. Сонымен бір уақытта шетелде білім жетілдіру іске асуда.Бұл шаралар арықарай жағасатыны белгілі. Педагог кадрларды дайын- даудың басты жолы Отандық оңтайлы жүүйе құруда жатқандығы айқын.
Соның бастапқы сатыларын салу ісі Елбасының жыл сайынғы жолдауында рет-ретімен атап көрсетіліп келеді.,Елбасының өткен жылғы(2018) жолдауында барлық сатылы педагог кадр дайындауға жасалатын түбірлі өзгерістің бастамасы көрсетілген. Жолдауда университеттердегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту; білім берудің барлық деңгейіндегі математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту; терминология тұрғысынан қазақ тілін халықаралық деңгейге жақындату; оқытудың мазмұндылығына заманауи техникалық тұрғыдан қолдау көрсету арқылы толықтыру; цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты интернетке қосу және мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстарын жалғастыру; «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру; оқытушылардың қайта даярлықтан өтуіне күш салып, ЖОО-ға шетелдік менеджерлерді тартып, әлемдік университеттердің кампустарын ашу; ұлттың әлеуетін арттыру үшін мәдениетіміз бен идеологиямызды одан әрі дамыту қажеттілігі туғандығын ескертіп, бұл міндеттерді іске асыру жолы,уақыты көрсетіліп,өзімізге оңтайлы жүйе құру ісін «жетелдетуді...» тапсырды. «Күн сайын талап пен талғам жаңарып жатқан қарқынды даму кезеңінде мұғалімдер өз бет-бейнесін, кәсіби беделін, мамандығына сай мәртебесін орнықтыра алуы қажет Ұстаздық еңбек асқан талғампаздықты, мол адами қасиетті, рухани тазалықты қажет ететін, жауапкершілігі мол, аса күрделі мамандық. Ұстаздың бойында бала қызыға қарайтын, мен де осындай болсам екен деп еліктейтін қасиеттер болуы тиіс. Біздің ұстаз-педагог дайындап келген тәжірибеміз ұстаз бойында қалыптасқан осы бір ерекше қасиетке негізделген.Мұғалім қызметінің тереңіне бойлап,тұнығын іздеген дұрыс. Қандай қызмет саласында болмасын жетімсіз жақтары көрініп қалып жатады. Ондайда жағалауды лайлап,ернеуге шығып қалған қиқым деректермен жұмысын бор қасқа, не боқ қасқа етіп шығару қиын шаруа емес. Мұғалім беделі мен қызмет құндылығын бала да, ата-ана да әлеумет қауым да түсінуге тиіс. Қызметі әділетті бағаланбаған мұғалім балаға сапалы білім мен тәрбие бере алмасы анық… Мұғалім мәртебесін көтеру – мемлекет еншісінде, ал қызмет беделін мұғалімнің өзі жасай алуға тиіс.. Оқу — тәрбие сапасын мұғалімдердің ар-ұятына салумен ғана жөндеп ала алмайтынымыз анық. Өз кәсібіне адалдықпен еңбек ететін мұғалімдер бұрын да, қазірде де солай еңбек етуде.Аталған сапаларды игерген ұстаз,ел сенімін ақтайды,шәкіртінің мақтанышына бөленеді,қауым құрметін көреді,беделі артып,жұрттың,айтулы азаматына айналады.Дәл осы шақта еліміз мұндай ұстаздарға кенде емес,Аллаға шүкір, оларды кез-келген мектептен таба аласыз.Екінші жағынан,олардың озаттар қатарына қосылып,өсіп өркендеу жолына зер салсаңыз,барлық ұстаздардың бұл деңгейге көтеріле алмауының басты себебі оларды жас шағынан таңдап тауып,мұғалімдікке бейімдей алмаудан екендігі аңғарылады. Осылардың қалыптасу, даму, жетілу жолын пайымдасақ: А).Ұстаздық мамандықты,жан-тәнімен жасынан таңдаған, бұл таңдауға әсер етуші жақын ортасы:әке –шешесі,аға –бауыры,оқып білім алған мектебі. тәлім-тәрбие берген ұстазы; Ә).Олардың балалық шағында ұстаздыққа сәл де болса икемі тума бейімді жеке басының даралығы өзіне де өзгеге де ерте сезіліп белгі берген.Сондықтан,мектептегі балалар ұйымының алғашқы басқышында, «ұйымдас-тырушы, жетекші» ынталы,белсенділігімен танылып көзге түскендер; Б).Кездейсоқ болса да,не тағдырдың бұйрығымен,педагог кадрлер дайындайтын арнаулы орта және ЖОО-на оқуға түсіп,оны ел қатарлы оқып бітіріп,ұстаздыққа шыңдаудың шыныққан ордасына тап болып,озық ұстаздар қолында аяланып, дарыны ашылып,таланты жетілген озат ұстаздар да бар. Бұл қорытындыдан біз не ұғамыз?Келешекте осы мектепке мұғалім болатын бүгінгі шәкіртті ең әуелі,сол мектептің өз ұжымы,мұғалімі таңдап тауып,бейімдеу керек.Осы негізде облыстық,аудандық оқу-білім басқармасы, салалық депертемент мамандары,өзінің келешек қызметкерін дайындауға жоспарлы әрі жүйелі,мамандық ерекшелігіне сай ғылыми негізде іс-шара ұйымдастырып отыру қажет.Үшінші,мұғалім кадірлер дайындайтын арнаулы және ЖОО-ндары ауыл және қала мектептері мен тікелей байланыс орнатып, мұғалімдік мамандығына квота дейсің бе,грант дейсің бе жолдамалық - құхықтық құжатты тура тапсырып тұру керек. Ондағы негізгі мақсат,ауылдық мектепке қажет мұғалімді, сұранысқа сай тауып,дайындап берумен қатар,өз мектебінің келешек ұстазын тауып алудың тиімді әдісі болады.Бұл әрекет бір кезде болған,алайда кейінгі шақта ол,бәсең тартып кетті.Ал,ауылдық кез келген мектеп өзіне келіп жұмыс жасайтын келешек мұғаліміне,өзі дайындаған шәкіртіне грантты өзі тапсыратын болу керек.Олар үшін, қабылдау емтиханы, ҰБТ-нің ешбір қажеті жоқ.Білімі орташа,ұстаздық икемі пәс, оқушыны ауыл мектебі еш уақытта оқуға жолдамайды.Оқу-білім басқармалары мен салалық депертаменттер мұғалімдікке бейімделіп жатқан оқушылар ортасына ұйымдастыратын педагогикалық-психологиялық шаралар: ойын-сауық,сайыс-дода,демалыс-саяхат,лагерь-сейілдік туристік жобаларды жеткілікті түрде ұйымдастыра алады. ІХ-ХІІ сынып оқушылар арасында ауданаралық,ауыларалық ашық сабақ, тәрбие сағаттарын өткізе алады.Мұның бәрінде «оқушы-мұғалімге» жалақы төленіп, материал-дық марапаттар беріліп ынталандыру керек. Жалпы ұстаз еңбегі құнды да, бағалы, кез келген сәтте бағаланатына олардың көзін жеткізіп отырған дұрыс.Мұнда,ауыл мектептерінде,сондай-ақ қала мектептерінде оқушының мұғалімдікке бейімділігін,талант нышанын пайымдай алатын мүмкіндік жоқ деп күдіктенуге ешбір негіз жоқ.Мектеп психологынан бастап,барлық мұғалімдер,мектеп басшылары толық жүзеге асыра алады.Себебі,мұны анықтаудың әлемдік ғылымға негізделген бір неше амал-тәсілдері бар,оларды осы күндері,мектепте жұмыстап жүрген кез-келген мұғалім біледі және ол,білігін олар жетілдіріп байытуға мүмкіндік жеткілікті . «Мұғалімді»-мұғалімнен артық танитын жан жоқ.Ғалым болар сәбиді бес жасынан,ұстаз болар ұл мен қызды жеті жасынан толық анықтайтын амал айла осы күнде айқындалған. Алайда, ғалым дайындаудан ұстаз дайындау он есе қиын деген қағида бар.Барлық ғалымның айтулы ұстаз бола алмайтыны тағы бар. « Жоғары аталған міндетті, маңызды мүмкіндігінше болуға тиісті сапа- қасиеттерге ие тұлғаның бәрі бір күнде кәсіби шеберлігі жоғары өз мамандығының данышпаны бола қоймайды. Мұғалімдік - өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық.» Осы екі сөйлемде,біздің бүгінгі мұғалімді дайындаудағы деңгейіміз сиысып тұр.Бұл-мұғалім дайындайтын мектептердегі білім беру жүйесінің төмендігі,мектепке дүмбілез шала дайындалған маман жіберіле салатынын жабу үшін,көлегейлеу үшін,жасыру үшін айтылатын ең данышпан түйін.Жаңа келген жас ұстаз, «кәсиби шеберлігі төмен ұстаз» мектепке келіп бірнеше жыл сабақ беріп,бала тәрбиелеп ептеп төселіп,әрең дегенде сол «шеберліктің» жартысын үйренеді,игереді.Кейбіреу үшін бұл шеберлік игеру уақыты әжептәуір созылып та кетеді.Ал енді ойлап көріңіз.Өмір деген үздіксіз алға жылжып,осы жылдар ішінде жас маманның алдынан талай шәкірт сыныптан-сыныпқа өтіп кетеді.Олардың ұстаз «шеберлігінің» толысып болмауына байланысты көрген жетімсіздігіне,алған білімінің төмен болуына кім жауап береді?Бұған кім кінәлі?Сіз халықаралық дәрежеде өнім өндіріп жатырсыз делік.Жас маман келе сала «шеберлігі» жас мұғаліммен бірдей «жетілмеген» болса өндіріске әсте жібермес едіңіз.Бәсекеге қабылетті өніміңізді бүлдіріп,оның тіптен жарамсыз өнім өндіріп қоюы ықтимал екенін түсіне қоясыз.Ал,жас мұғалімді дайындаған мектептер: «Көш жүре түзеледі, қалғанын барған жеріңде үйренесің!Бәрімізде осылай мұғалім болғамыз»-деп қол бұлғап алыстай береді.Мектепке келе сала өз ісін өзі алып жүре алатындай шеберліксіз мұғалім дайындалуға тиіс емес!Ал, тіптен,сол мұғалім дайын-дайтын мектепте,басқа пәндерді былай қойғанда,педагогикалық-методикалық білімдердің берілуі тіптен қанағатсыз.Сол бір таптауырын болған, заңдылықтар мен қағидаларды, осыдан жарты ғасыр бұрынғы түсінікпен, тұжырымен тоқпақтай береді. Тағы бір ой-тұжырыммен танысалық.«Мектептің жаңа реформалық жүйесі 12 жылдық білім беру барысында әрбір өзін кәсіби деңгейі жетілген деп есептейтін кез келген мұғалім бұл жүйенің қыр-сырын түгел меңгермей, бала дамуының мәселелерін түгелімен меңгере алмайды. Сондықтан білімнің жаңа үлгісі өзіне сәйкес жаңа мұғалімдерді талап етеді. Ол мұғалім шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға, педагогикалық қызметін барлық келеңді-келеңсіз жақтарын зерттеп меңгеруге ынталы, өзінің пәнін жетік меңгерген, кез келген педагогикалық жағдайды өзінің білімділігі, іскерлігі, шеберлігі арқасында шеше алатын, педагогикалық үрдістің нәтижесін жақсартуға ұмтылатын мұғалім болу керек.»
(Жаңа білім мазмұнын жасап,оқытуға ұсынған көп ғалымның бірінің ой-түйіні. Барлығының айтары осы деңгейлес болған соң әдейі келтіріп отырмын) Ондай мұғалімді кім,қашан дайындауға тиіс? АЛ,БҮГІНГІ ОҚЫТЫП ЖАҢА МАЗМҰНМЕН БІЛІМ БЕРІП ЖАТҚАН МҰҒАЛІМДЕР БҰЛ ТАЛАПТЫ ҚАНАҒАТТАНДЫРА АЛА МА?Бұған ешкім де,жауап беруге қауқарсыз. Ал,менің айтпағым бұл сауалдың жауабы емес,мүлдем басқаша.
12 жылдық жаңа білім стандарты,мазмұны ,окулығы, оның әдістемелік үлгісі,дұрыс емес бағытпен,жасалуға тиіс орында атқарылмай,дәлелді талдау мен сын сынақтан өтіп тексерілмей өмірге келгенін жоғарыдағы ғалымның ой-пікірі айшықтап тұр.Оны иіскедің бе,жаладың ба?-қайтып білдің дейтін шығарсыз?Білім мазмұнын жаңарту,хадықаралық білім кеңістігіне жақындату іс-әрекеті 10-20 жыл бұрын,бірер ғылыми зерттеу орталықтары мен секторлардың,педагогикалық ғылыми зерттеу инситуттар мен университеетің жұмысы емес,Қазақстанда педагог кадрларды дайындайтын барлық арнаулы және ЖОО-ың барлығының бірлескен жобасы болуға тиіс.Мұнда,қабаттасу негұрлым көп болған сайын бәсекелестік жоғарылап,бірінің жасаған бағдармасын,оқулығын басқалары бірнеше қабат сынақтан өткізіп,нақтылы таразылау жүріліп ең озық жоба іріктеліп алынар еді.Ал,оны оқытатын оқытушы,педагог,мұғалім сол жобамен бірге дайындалып мектепке келер еді.Мұндай жүйе болмағандықтан,жоғарыда көрсетілгендей білім беру мазмұны бір жақта,оны оқытып үйрететін педагог маман дайындау екінші жақта қалған.Педагогтарды бір екілі сатылы курстардан өткізгенбіз деп ақталамыз ғой. «Білімнің жаңа үлгісіне сәйкес жаңа мұғалімдерді» -ешқашан курс арқылы толық дайындау мүмкін еместігі жалпыға аян емес пе!?Білім және ғылым министрі жанындағы «Білім» академиясы осы Университеттер мен Иниститут жұмыстары мен айналысып,іргелі ғылымдар (Білім-ғылым философиясы,Оку-білім ғылымы,Мектептану т.б.) дамымай қалғандығы байқалып тұр.Амал нешік,бұл жағдай,12 жылдық білім беру жаңа жүйенің іске асырылуыны үлкен кедергі келтіреді,оның нәтижесіне теріс ықпал етеді.
Ұлағатты ұстаз – ұрпақ бақыты. «Ұстазын сыйламаған елдің болашағы азалы» - дейді халық даналығы. Ертеңіне лайықты ұрпақ тәрбиелемеген елдің келешегі жоқ десек, сол тәрбиелеудегі қастерлісі – ұстаз еңбегі. Ол – Ұлы еңбек.Оны дұрыс бағалай білу керек. Ұстаз беделін асқақтата білу керек.Ол,ұстазға деген дәлірек айтқанда мемлекеттік көзқарастың деңгейін,халықтың ұстазды аялап құрметтеу салтын,соңында шәкірттерінің оларға көрсететін құрмет шапағатын айғақтайтын басты көрсеткіш. Жалпы мұғалімдердің жай-күйі тіршілік деңгейінің жоғары болуы оның мәртебесін биіктетіп,беделін көтереді.Тағы бір үлкен өкініш, Қазақстан аумағын зонаға бөлеме, жоқ жаппай қарастырама,қанша жыл еңбек еткен ұстаздың хал ахуалы, денсаулығы,биологиялық және рухани өзгеріске түсетінін ғылыми негізде зерделеген бір де бір еңбекті кездестірмедім.Бұл мұғалімге деген қырсыздықтың нышаны.Сондықтан да,зейнетке шығару, жылдық демалыс мерзімін белгілеу жобамен,басқаға карап қана беріліп келеді екен. Ұстаз беделі -оны ұлықтаудан бастап,атақ-дәрежесін,санатын үнемі көтеріп,ел алдында, жұрт алдында насихаттап,шәкірттері мен ауыл аймағы көтермелеп отырса,ешкімге алақан жайып, телміртпесе,жалақысынан тартып, баспанасына дейін қанымдап отырса аспандай жөнеледі.Марпаттаудың мемлекеттік жүйесі түзіліп,санаторий-демалысқа жұмыс өтіліне сәйкес міндетті жіберу кестесі жасалса,әр мекенде құрметті ұстаз кітапшасы ашылып,ауыл аудан облыстық жыл ұстазы айқындалып,құрметті азаматы аталып,пәтер беру,сыйлық ұсыну барлық елдің ғұрпында бар нәрселер ғой! Көрші жұрттар да ауыл, қала көшесін, мектебін,жерін,тауын,өзен суын мұғалім атымен атау дәстүрі бар.Мысалы:.Бозай шыңы, Ақмәди жайлауы,Спандияр көлі,Асқар мектебі т. б.Ұстаздар кәсіп одағы,ұстаздар кауымдастығы қатарлы мемлекеттік емес әлеуметтік бірлестіктер ұстаз беделін сақтауға,еңбегін қорғауға беделін асқақтатуға үлкен күш салатын ұйым бола тұрып,атқаратын дәнеңесі жоқ екен.Кәсіподағы иесінің рұқсатынсық оның жалақысынан жарнама ұстап қалатын тоңмойын ұйым екен. Үш жыл сайын болмағанда 5 жыл сайын сол ұйым ұстазды саноторияға жіберуге мүмкіндігі бар ғой!
1641

Читайте также:

  • Ұстаз болу бір бақыт!
    Ұстаз болу бір бақыт!

    Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы демекші,ұстаздар қауымының қоғамда алар орны ерекше. Әрбір адам баласы ұстаздың алдынан өтеді,мейлі мектептен тыс өмірде болсын кісіге білмегенін үйрету де ол ұстаз б...

  • Ой бөлісейік
    Ой бөлісейік

    Қазіргі заман талабына сай ұстаз қандай болу керек деп ойлайсың?

  • 25 мамыр күні
    25 мамыр күні

    25 мамыр күні - Мектеп туралы, Ұстаз туралы айта алмай тұра алмайды екенсің. Мектеп-оқушы-ұстаз - бұлар бір-ақ ұғым, бірінсіз-бірі болмайтыны ақиқат. Мектеп киелі орын, одан білім алмайтын, ұстазды...

  • Бисмилла рахмани рахим...
    Бисмилла рахмани рахим...

    Ұстаз болдым талаптың мініп тұлпарын, Шәкірттерді биік шыңға шыңдармын. Халқымыздың бар асылын жинақтап, Шәкірттердің өн бойына құярмын!!!

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Здесь нет никого ;-)