Жаңалықтар

Джек маның (Ма Юн) ұлына жазған хаты

Бұл кісінің азан шақырылып қойылған қытайша аты Ма Юн.  Джек Ма деген атпен әлемге танылған Қытайдағы ең бай адам, Alibaba деп аталатын интернетте товар сатуға арналған ең ірі порталдың негізін қалаушы. Сол кісінің ұлына жазған хаты қазір бүкіл қытайға тіптен бүкіл әлемге тез тарап кетті, соны аударып ұсынып отырмын.

27 желтоқсан 2015 - Админ | 555 көрілім
Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы жаңа жүйе бойынша төленеді

2016 жылдың қаңтарынан бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақылары өседі. Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова осы саланың еңбеккерлерімен кездесу барысында мәлімдеді.

10 қараша 2015 - Админ | 2123 көру
Жаман әке немесе мақтаншақ ұстаз

Мен мақтаншақ ұстазбын. Иә, сыныбымның белсенділігімен мақтанатынмын. Ата-аналарымның ұйымшылдығымен мақтанатынмын. Оқушыларымның аудандық, облыстық, републикалық сайыстардан бас жүлде алып келгендігімен мақтанатынмын. Сыныбымның мектеп бойынша білім сапасы ең жоғары көрсеткіш көрсетіп тұрғандығымен мақтанатынмын. Бірақ…

5 маусым 2015 - Админ | 2372 көру
Батысқазақстандық ұстаз бен шәкірттің «ЭКСПО алаңшасы» республикада үздік деп танылды

Бұл сайысқа еліміз бойынша 128 жоба түсіп, соның 14-і ғана іріктеуден өткен. М.Бисекенов пен М.Серіковтің «ЭКСПО алаңшасы» атты жұмысы ең үздік деп танылып, бас жүлдеге қоса грант берілді.

20 мамыр 2015 - Админ | 740 көрілім
"НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА ЖОЛ" атты ҚР Президентінің  Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтіні + видео

НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА ЖОЛ

Құрметті қазақстандықтар!

Уақыт күтіп тұрмайды. Дағдарыс әлі күнге дейін жүріп жатыр. Бұның салдарын біз көріп отырмыз. Оның үстіне, Ресей мен Батыстың арасындағы бір-біріне санкция жариялау мәселесі бар, басқа жағынан алып келгенде, Таяу Шығыста болып жатқан жағдайлар бар. Осының барлығы Қазақстанға өзінің ықпалын тигізеді. Сондықтан, біз осыған қарсы шара қолдануымыз керек. Халықтың сенімін ақтау үшін қиын-қыстау жағдайда елді аман-есен алып шығу жағдайларын ойлау керек.

11 қараша 2014 - Админ | 5238 көрілім

Sportnews.kz сайтының графикалық редакторы Ернұр Шүкірәлиев Алматы қаласын бір минуттың ішінде аралап шыққан.

20 жастағы жігіт Алматыны аралаудың өзінше бір әдісін ойлап тауыпты: ол Алматы қаласының белгілі аймақтарында серуендеп жүрген сәтін видеоға түсіріп, оны Premiere pro, After effects видеомонтаж бағдарламалары арқылы 60 секунд ішіне сыйдырған. Автордың айтуынша, бұл бір минуттық видеороликті ол 3-4 апта бойы түсірген, себебі кей күндері түсіруге мүмкіндігі де болмапты.

7 қыркүйек 2014 - Админ | 831 көру
"СӘРІНЖІПОВ СТАНДАРТЫ" ҚАЙ ЖАҒАҒА СОҒАДЫ?..

Елімізге танымал ғалым, Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының президенті, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Құсайыновтың «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 12 наурыздағы №48 санында жарияланған «Стандартты сарапқа салайық» атты мақаласында 2015 жылы қолданысқа енгізілгелі отырған 12 жылдық білім беру стандарты жобасының кемшілік тұстары жөнінде жарияланған мақаласын оқып отырып, ой түйіндеп, біз де өз пікірімізді ортаға салуды жөн көрдік. Қай мемлекетте, қай қоғамда болмасын, білім беру – қоғам дамуындағы бәсекелестікке қабілеттіліктің басты көрсеткіші. Баланың мектепте алатын білімі оның өмір сүру деңгейіне, ортаға бейімделе білуіне әсер етеді.


10 маусым 2014 - Админ | 1440 көрілім
Кабинетті жөндуден өткізу мұғалімнің міндеті ме?

Оқу жылы аяқталып, мектептерде жөндеу жұмыстары басталды. Мұғалімдер «кабинетімізді өз ақшамызға өзіміз жөндеп жатырмыз» деп шағымданады. Ал министрлік пен басқарма мұның заңға қайшы екенін айтады.

1 маусым 2014 - Админ | 1999 көрілім
Қытайдың Күнмиң қаласында белгісіз топ 29 адамды өлтіріп 109 адамды жаралап кетті

Қытай ақпарат құралдарының жазуынша кеше 1 наурыз күні кешке, Күнмиңдегі темір жол вогзалына пышақпен қаруланған 10 адам басып кіріп,  29 адамды өлтіріп 109 адамды жаралаған...

2 наурыз 2014 - Админ | 1116 көрілім
Ресей Украинаға басып кірмек

Кеше (01,03,2014)  Ресей мемлекеттік думасы Путиннің ұсынысын қабылдады, яғыни Ресей Украинаға әскер кіргізуге шешім қабылдады, бұдан бұрын белгілі болғанындай Украинада басталған Ресеймен интеграциялануға қарсы топтың көтерілісі, 3 айға жалғасып, соңында Украина президенті Виктор Януковичті тақтан тайдырып тынған еді.

2 наурыз 2014 - Админ | 1091 көру
Қытай елінің 10 ірі масқарасы

1949 жылы азаттығын алып коммунистердің басқаруына өткен, елімізде аспан асты елі деп әспеттеліп жүрген алып көршіміздің, жетістігін айтып бүкіл дүние жүзі тамсанумен келеді, шынымен бұл елдің экономикасы 1978 жылы қытайдың сол кездегі басшысы Дың Шиау Пин ел басқару жүйесіне түбегейлі реформа жасағаннан бастап қарыштап дамыды, деседе бұл елдің әлі де артта қалып келе жатқан, басқа елдердің алдында жерге қарайтындай салалары да жетерлік, сол салалардың ішіндегі ең өзекті деген онын саралап көрелік.

26 ақпан 2014 - Админ | 1795 көрілім
Сочи олимпиядиясының ашылу салтанаты

Төрткіл дүниені дүбірлеткен кешегі күннің ең басты оқиғасы, Сочи олимпиядасының ашылу салтанаты екендігі сөзсіз, 7 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша 20:14 те басталуының мәні 2014 жыл дегенді білдірсе керек,  әзірге ашылу салтанатындағы айбынды көріністерді тамашалаңыздар.

8 ақпан 2014 - Админ | 1259 көрілім
Беттер: 1 2 Келесі Соңғы

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru