Портал туралы аз сөз

24 қаңтар 2014 - Админ
"Қазақстан ұстаздарының әлеуметтік порталы" деп аталатын бұл жоба, Қазақстанның білім беру кеңістігіндегі, оның ішінде ғаламтор әлеміндегі бостықты толтыруды көздейді. Өздеріңіз білетіндей Қазақ тілді ғаламтор әлемінде білім саласына қатысты сайттар көбейіп келеді, сол сайттардың ішінен ешқайсысына ұқсамайтын, өзіндік ұстаным қалыптастырып, өзіндік функцияларымен ерекшеленетін портал құру біздің көздеген мақсатымыз болды, осы барыста көп іздендік, басқа сайттарды зерттедік, сараптама жасадық, немен ерекшеленеміз деп ойландық. Бұдан бұрын сайт құруда жиналған тәжірибемізден қортындылар шығардық, көпшілік әріптестеріміздің (ұстаздардың) ІТ технология жағынан әлі де ең бастапқы деңгейде тұрғандығын назарға алдық. Ең бастысы сапалы да қолжетімді ортақ білім қорын құруды мұрат еттік.

Осы қорытындыларды сарптай келе сайттың функционалдық мүмкіндіктерін ұстаздарға барынша бейімдеуге тырыстық, көп сөзді қысқартып сайттың нақтылы мүмкіншіліктеріне көшейік;

1. Бұл сайт әлеуметтік сипаттағы сайт болғандықтан ең әуелі тіркелгеніңіз жөн, тіркелу арқылы сайтты қолданудағы мүмкіншілігіңіз артады, сайттың 80 % мүмкіншілігі тіркелу арқылы ғана сізге қолжетімді болмақ.

2. Тіркелгеннен кейін сіз өз жеке блогыңызды құра аласыз, немесе бұрыннан бар ұжымдық блогтарға өз жазбаңызды жариялай аласыз.

3. Топ құра аласыз немесе бұрыннан бар топтарға мүше болуға өтініш бере аласыз, мысалы «Математика ұстаздары» деген топ құрылса ол жерде тек математик ұстаздар ғана өзіндік сұрақтарды талқылай алады және тәжірибе алмасады, материал жариялайды.

4. Сұрақ-жауап бөлімі, бұл жерге өзіңізді толғандырған кезкелген сұрақ қоя аласыз, басқалар қойған сұрақтарға жауап бере аласыз.

5. Форум, бұл жерде белгілі бір тақрыпты, жарияланған сабақты немесе басқа да материалдарды ортаға тастап талқылауға болады.

6. Жеке бұрыш, өзіңіз туралы барлық ақпараттар мен сіз жариялаған барлық материалдар осы жерде жинақталады, оның ішінде суреттер мен видеолар да қамтылады.

7. Басқа қолданушыларға достасу ұсынысын жіберіп өзіндік аудитория қалыптастыра аласыз.

8. Чат, сайттағы онлайн досыңызбен тікелей хабар алмасып сөйлесе аласыз.

Сайтты жаныңызбен жақын тартып бауыр басып қалатыныңызға сенімдіміз, ол үшін кішкене белсендірек болыңыз, жазба жариялаңыз, пікір білдіріңіз, қолданушылармен достасыңыз, біз сізді күтеміз.

Барлығымыз бірігіп ортақ күш шығарсақ алынбайтын асу болмайды, кемелденген, сапалы білім ресурысын қалыптастыра аламыз, бұл өз кезегінде біздің жан жақтылы бола түсуімізге, білім деңгейіміздің өсуіне үлкен себеп болатындығына сенемін.

Осыған ұқсас жазбалар:

Ұстаз үніҰЛТ БОЛАМ ДЕСЕҢ, ҰСТАЗЫҢНЫҢ ХАЛІН БІЛ!

Ұстаз үніБІЛІМ ОРДАСЫНДАҒЫ АЛАЛАУ НЕМЕСЕ ІРІКТЕУ МЕ, ӘЛДЕ ІРІТУ МЕ?

ЖаңалықтарОқулық сапасының жыры әлі де жалғасуда

Жаңалықтар500 бірлікке ие болған алғашқы ұстаз белгілі болды.

Ұстаз ұйымдастырушыПедагогикалық шеберлік

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084931

Пікірлер (23)
Нургиза # 10 шілде 2014 в 14:28 0
Сайтқа расында да сіздер айтқандай бауыр басып қалдым. Күнде бір рет ашып, кейде қонақ ретінде, кейде қолданушы ретінде болып отырамын. Әттең көп мүмкіншіліктерін пайдалануды білмей қор боламын.
Сабақтарды слайдтармен жіберуге бола ма екен, фото өңдеу,видео жіберу т.б біле алмай жатырмын. Болашақта үйренетін шығармын.
Гулинат Мырзабекова # 11 қазан 2014 в 23:06 0
Салеметсіздер ме? Мен бүгін бұл сайтқа өте тез кіріп,өте қуаныштымын. Себебі мен көптеген сайттарға кіре алмадым.Яғни тіркеуден өтпедім неге екенін түсінбедім.Сіздерге менде бауыр басып кететін сияқтымын, талай мақалаларды қарап,маған қатты ұнады.
Маржан Хизирова # 6 қараша 2014 в 00:57 0
Сәлеметсіздер ме? Мен осы сайтты тауып алғаныма қуандым.Бұдан былай,мүмкіндігінше.хабарласып тұрамын деп ойлаймын.Көптеген әріптестердің мақалалары маған ұнады.Соның ішінде достасқым келетін-Нұрғиза,Несіпкул,Гулнар сынды әріптестердің сөз саптаулары ойға қонымды-ақ екн...
Админ # 6 қараша 2014 в 01:26 0
Пікір білдіргеніңізге көп рахмет, бұл біздің ортамыз, бұл жерде тек ұстаздар!
Мадина Ибрагимова # 18 қараша 2015 в 19:57 0
маган катты унады ЕНТ ден 5 ке тапсырдым
алтын осипова # 16 қараша 2014 в 21:39 0
Сәлеметсіздер ме! Мен алдында сайтқа тіркелген едім, енді бүгін өзімнің балабақшада өткізген екі сабақ жоспарымды қостым. Сіздердің сайттарыңыздан сертификат берілмей ме? Мен биыл аттестаттаудан өтемін, сондықтан өте қажет болып тұр. Жауаптарыңызды асыға күтемін.
Админ # 16 қараша 2014 в 23:28 0
Алтын ханым саламатсыз ба? жоғарыдағы жазбада айтылғандай бұл сайттың мақсат мүддесі басқа, яғыни Қазақстандағы барлық ұстаздардың басын қосып ортақ ресурс жасау, сондықтан сертификат беру мәселесін қарастырмаймыз, өзара тәжірибе алмасу негізінде материалдар жариялап тұрады деген сенімдеміз.
Gulnar # 26 ақпан 2015 в 11:03 0
САйтқа тіркелгеніңе қуаныштымын. Бұл сайт арқылы өзіңізге қажетті көп ақпарат ала аласыз. Сертификат алатын сайттар бар. Соған шығыңыз. Бұл сайттан қол үзіп қалмаңыз. Ұстаздар қауымы ұжымдасып, жақсылықтарымен бөлісетін бірден-бір мүмкіндік.
Балым Айтмаганбетова # 2 желтоқсан 2014 в 13:52 0
Сәлеметсіздер ме барша сайтқа жанашыр ұстаздар қауымы! әрине басқа сайттарға қарағанда ерекше екендігін байқағанымыз рас,жалпы сайт арқала ұстаздарға білім алмастыруға көп деген көмек беретіндіктен осы сайтқа рахметімді айтқым келеді. әлі бірге көп жұмыс жасаймыз деп ойлаймын. сіздерге бір сұрақ қойсам, білгім келетіні бұл сайтқа жіберген материалдарға лицензия алатындай мүмкіндік бар ма, әрі Республикалық сатпа?
Админ # 2 желтоқсан 2014 в 23:48 0
Жіберген материалға лицензия дегеніңізді түсінбедім, егер сертификат туралы айтсаңыз, ол жағы әлі қарастырылмады.
Жанна Курмангалиева # 11 қаңтар 2015 в 21:33 0
Cалеметсіздер ме? Сіздің сайтқа тіркелгенімен куаныштымын, ҚР ұстаздарымен тәжірибе алмасуға көп мүмкіншілік бар екеніне көзім жетіп отыр. Көп рахмет, осындай сайттын болғанына. Сайтқа бір сабақ жоспарын жібергенмін. Өкінішке орай жоспарым тексеруден өтпеген. Сұрағым: неліктен, болашақта сабақ жоспарын жібергенде қандай тұстарға көңіл аударуым керек? Жеке поштама хабарлассаңыз. Көп рахмет. Жауапты асыға күтемін.
Админ # 11 қаңтар 2015 в 23:55 0
Жанна Құрманғалиева ханым, жоғарыда айтып өткеніміздей кез келген тіркелген қолданушының сайтқа материал салуға мүмкіндігі бар, сондықтан бір рет материалым өтпей қалды екен деп, сайттың модераторы тым қатал деп ойлап қалмаңыз, сайтқа салынған материалдың жалпы жобасы толық түссе болды, біз оны өзіміз өңдеп жариялаймыз.
Лаззат Шакенова # 23 қаңтар 2015 в 19:49 0
Сәлеметсіздер ме? Мен де осы порталға тіркеліп, сабағымды жіберіп отырмын. Тәжірибемді басқа әріптестермен бөліскеніме ризамын. Бастауыш сынып мұғалімдері, пікірлеріңізді білгім келеді.
Лаззат Шакенова # 23 қаңтар 2015 в 19:50 0
Көлемі үлкен презентацияларды қалай жіберуге болады?
Айман Жексенбаева # 23 ақпан 2015 в 01:04 0
Сәлеметсіздер ме? әріптестер және сайт әкімшілігі. Мен бүгін бір сабағымды қостым. көп нәрселерді білмей отырмын, ло таныстырылымды қалай жіберемін және басты бетке суретімді сала алмадым. сосын логинді дұрыс жазбаппын бола бере ме?
Райхан Бегалина # 25 ақпан 2015 в 10:31 0
Сәлеметсіздер ме? Игілікті істің бастамасы қайырлы болсын. Ұстаздар қауымының білсем, қайтсем деген сүрақтар қойып, сол мәселе төңірегінде ой қозғап жатса бір ғанибет емес пе? Әйтпесе бір сарындылықтан өзгермеспіз, дамымаспыз. Менің сіздерге қояр өтінішім сайтқа материал жариялау үшін презентация, сызбалардағы дүниелерді жүктеу тәртібін көрсетсеңіздер екен. Әйтпесе сауатсыз жіберілген материалдардан ертең өзімізге де ұяты көп келер.
Админ # 25 ақпан 2015 в 11:34 0
Саламатсыз ба Райхан Бегалина, сайттың үстіңгі мәзіріндегі НҰСҚАУЛЫҚ деген бөлімді ашсаңыз екі видеосабақ бар, сол видеода біраз нәрсе айтылды.
фазилова Агдагул # 21 сәуір 2015 в 23:24 0
Сәлеметсіздерме,құрметті әріптестер! Сайтқа сабақтарымды қостым сіздердің пікірлеріңізді білгім келеді. Жалпы тәжірибе алмасайық.Сабаққа бір жаңалық енгізудің өзі оқушылардың белсенділігін арттыратындығын көріп, ізденудің көп маңызы бар екендігін түсіндім.
Бекей Чунгэл # 27 мамыр 2015 в 21:59 +1
Сәлеметсіздерме құрметті және уақыт пен санаспай жұмыс жасайтын әріптестермен сайт әкімшілігі сіздерге шығармашылық табыс тілеймін!
Бұл сайт өте керемет екендігіне көзім жетті...Деңгейлік курс оқыған мұғалімдерге пайдасы өте көп болады деген сенімдемін.Менде материал өте көп бірақ осыған отырып жазуға уақытым өте аз болып тұр.Дегенмен жазуға тырысамын.Биолог әріптестер топ құрсақ жақсы болар еді.
Айгуль Калиева # 9 қараша 2015 в 20:41 0
Бекей Чунгэл саламатсызба мен 1-деңгейді бітіргенмін және биологпын. Сіз сияқты меніңде уақытым аз болып тұр.Бірақ алдағы уақыттарда тығыз пікір алмасатын шығармыз деген ойдамын.
Сауле Сатимова # 2 желтоқсан 2015 в 18:31 0
мен қалай презентация жіберуді білмей жатырмын көмектесіңіздерші
Нуркенже # 31 қаңтар 2016 в 16:32 0
сайтқа қалай кіруге болады?

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар