0
0
Askar Naimantaev
Askar Naimantaev
Осы парақшаның сілтемесі:
http://ped.kz/users/Teriskakpai

Қолданушының контенты

Қолданушының суреттері

Қолданушы бөлмесі

Askar Naimantaev, 4 шілде 2019:
"BILTE" академиясына қабылдау бастаймыз. Былтыр 20-дан астам адам оқыды. Алды киноға, сериалдарға түсіп, енді өзіміз жасап жатқан жаңа жобада да басты рольдерді ойнамақшы!!! Сырттай сынай қарап, "осылардың оқытқанынан бірдеме шыға ма өзі?" - деп, күдіктенген ағайын көретін шығар нәтижесін. Алты айда кәнігі актер тәрбиелеп шығуға болады. Бірақ, таңдау қатал. Өзінің де ынта-ниеті күшті болуы шарт. Екі шәкіртті "Терісқапай" театрына алдым! Бес-алтауы жуырда комедиялық сериалға түседі.
Бір бойында академиямызға Тунгышбай Джаманкулов (Tungyshbai Jamankulov), Турыс Бекжан (Бекжан Тұрыс), Шынар Аскарова, Есен Елеукен, Қадырғали Көбентай (Кадыргали Кобентай) басқа саланың да бірнеше мықтылары келіп, шеберлік сабағын өткізіп, студенттерімізбен кездесу жасады. Соның өзі оларға үлкен сабақ. Өзіміздің AB PRODUCTION да оларды түрлі жобаларға тартып, қатыстырып, түрлі жұмыстар тапсырып, кино мен ТВ саласының барып кел, шауып келінен бастап барлық қыр-сырына қанық болды.
Енді жаңа оқу жылына қабылдаймыз. Таныстарыңызға айта жүріңіздер, жіберіңіздер. 9-сыныпты бітірген жастардан бастап жасы 58-ге келген азамат та оқыды. Еш шектеу қойғамыз жоқ. Биыл да солай. Сабақ аптасына бес күн, кешке өтеді. "Актер шеберлігі", сахна тілі", сахна сайысы", ісахна қозғалысы"... Биыл тағы да "БЕС ҚАРУ" атты жеке, каскадерлық курсқа да қабылдаймыз!
Askar Naimantaev, 30 мамыр 2019:
"Актер шеберлігі", "Пантомима", "Кино өнері" пәндерінен дәріс беріп, камера алдында жұмыс істеп үйрететін, киноның қызықты сыр-құпияларын таныстыратын екі апталық (сенбі, жексенбі күндерінен басқа) кинолагерь Сіздерді күтеді. Байланыс телефондары суретте. Хабарласыңыздар!

Алғашқы топ 10- маусымнан басталып кетеді.
Askar Naimantaev, 25 мамыр 2019:
Армысыздар! Бұл жерде "Актер шеберлігін" голливуд жүйесімен алты ай оқытатын BILTE академиясы жайлы және "Терісқапай" театры жайлы ақпараттар болады. Актер болғысы келетін шәкірттеріңіз болса хабардар болып жүріңіздер. "Шешендік өнер" мектебі де осында. Академиямыз ұстаздарға да тіл, дикция тазалығы, көпшілік алдында шешен сөйлей білу, сөз бастау ерекшеліктерінен дәріс беріп, сертификат береді. Қызықтырса, хабарласыңыздар, осында жазыңыздар. Алматы қаласындамыз.

Пользователь еще не загружал песни.

Здесь нет никого ;-)