0
0
Айтолқын Киікбаева
Айтолқын Киікбаева
Осы парақшаның сілтемесі:
http://ped.kz/users/aitok

Қолданушының контенты

Қолданушы бөлмесі

Сыныптан тыс жұмыс
Тақырыбы: «Ең үздік информатик»
Мақсаты: оқушыларды жылдамдыққа, шапшыңдыққа, тапқырлыққа, есте сақтауға, ойлауға, жұмыс жасауға үйрету.
Көрнекілік құрал: интерактивтік тақта, слайд т.б.
Жоспар:
I- кезең. «Өзім туралы»
II- кезең. «Кім тапқыр?»
III-кезең. «Ойлан, тап !»
IV- кезең. «Адасқан әріптер»
V- кезең. «Бұл не?»
VI- кезең. «Бәйге»
Жүргізуші: Мінекей, залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың жаңасы,
Дегенмен бала – данасы.
Информатика кешінде,
Ең үздік информатик сайысын бастаймыз!
Сайысты бастамай тұрып әділқазы мүшелерімен танысып алайық.
Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем.
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл.
Информатика пәнінің мұғалімі: Балмұханова Айнұр
Мектебіміздің тәлімгері: Мамбетова Дамира

Біздің бүгінгі сайысымыздың аты «Ең үздік информатик» деп аталады. Мен сендерді бүгінгі сайыстың шарттарымен таныстырайын.
I- кезең. «Өзім туралы»
II- кезең. «Кім тапқыр?»
III-кезең. «Ойлан, тап !»
IV- кезең. «Адасқан әріптер»
V- кезең. «Бұл не?»
VI- кезең. «Бәйге»
Өзім туралы сайсында оқушылар өздерін, аты – жөнін, өмірлік ұстанымын, қай сыныптан екендерін таныстырады.
Жүргізуші: Кездестік міне тағы да,
Саласында білімнің.
Сараптауға асықпай,
Компьютердің қызығын.
II-кезең.
«Кім тапқыр?»
• Компьютердің жанындағы өсімдік? (Кактус)
• Сурет салуға арналған программа? (Paint графикалық редактор)
• Вирусқа кері әрекет жасайтын программа? (Антивирус)
• Көп таралған желі? (Интернет)
• 1024 мегабайт неге тең? (1 гигабайт)
• Адам ақпаратты қандай сезім мүшелері арқылы алады? (Көру,есту,иіс сезу,дәм сезу,сипап сезу)
• Қоршаған ортада болып жатқан хабарлар мен сигналдар. (Ақпарат)
• Жойылған обьектілер сақталатын орын? (Қоржын)
• Компьютердің негізгі құрылғылары? (Жүйелік блок,монитор,пернетақта,тышқан,колонка)
III-кезең.
«Ойлан тап!»
1.Биологияда бұл паразит
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік,
Ақпараттарды өлшер.
(Бит, бит)
2.Ақпаратты сақтап таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан.
(Жүйелік блок, системный блок)
3.Ақпараттарды қағазға шығарады,
Бұл құрылғы қалай деп аталады?
(Мәтіналғы, принтер)
4.Батырмасын басасың,
Қажетіңді ашасың.
(Тінтуір, мышка)
5.Мәліметті сұраған
Көз алдыңа шығарам.
(Монитор, монитор)
6.Ұзынтұра Жалқаубек
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса, артынан
Ешбір белгі қалмайды.
(Бос орын, пробел)
7.Қанша тетік тізілген,
Саусағыңды сезінген.
Барлық сенің ойыңда
Компьютерге енгізген.
(Пернетақта, клавиатура)
8.Егер білсең айта ғойшы
Бұл қандай құрылғы?
Ақпаратты қағаздағы
Компьютерге енгізер?
(Сканер,сканер)
9.Пнернетақта ауылында тұратын,
Пернелік деген атаның
Бар екен 12 ағайынды
Немерелері алғашқы.
Есімдері де өздерінің бір қызық,
Тек қана «F» (эф) әрпінен басталады.
(Функционалдық пернелер)

IV-кезең.
«Адасқан әріптер»
Бұл сайыста оқушыларға әріптер берілген.Сол әріптерден информатика пәніне байланысты сөздер құрастыруы керек.

V-кезең.
«Бұл не?»
Қазақ деген халықтың баласымыз,
Алда талай алынар бар асуымыз.
Арман жолы қиын жол, бақыт жолы,
Мүмкін емес бұл жолда адасуымыз

Суретте қандай құрылғы берілген?Бұл құрылғы қандай міндет атқарады?
Қорытынды
Тақырыбы: «Тіл – адам айнасы»
Мақсаты: ана тілі туралы кең түсінік бере отырып тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер арқылы оқушыларды ана тілін қадірлеуге, жанашыр бола білуге, сонымен бірге өз ортасында, өзге ортада еркін сезіне білуге, тапқырлыққа , мәдениеттілікке баулу.
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіл қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» заңы күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
«Адамға екі нәрсе тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі» деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез-келген мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да , тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.
Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,
Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.
«Тіл - адам айнасы» атты мақал-мәтел сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Ана тілі – асыл күні бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіңдей анамның.
Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,
Туған тілді жаттап өскен баламын.
Оң жол ізде өмірде көп ойланып,
Алдыңнан атар таңың арайланып.
«Азаматы бар ел» деп бұл қазақтың
Талай жұрт құрметтесін қарай қалып.
«Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту» деген Бауыржан Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір-бірімізбен қазақша сөйлесейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт.
«Тіл - адам айнасы» атты тақырыппен І,ІІ,ІІІ курс оқушыларының арасында ұйымдастырылып отырған мақал – мәтел сайысымыз осымен өз мәресіне жетті. Қош, сау болыңыздар!

Пользователь еще не загружал песни.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Здесь нет никого ;-)