Физика

С.М.Қойшығұлова

Физика пәнінің мұғалімі

Қырғаылды ауылындағы қазақ орта мектебі

Қарасай ауданы

10 қаңтар 2015 - Серіккүл Қойшығұлова | 1864 көру

Ардақ Мұханова Шалқар қалалық №4 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі

ІІ.Сабақтың мақсаты: Оқушыларға дыбыс, дыбыс сипаттамалары туралы білім беру.А)Білімділік: Дыбыс толқындарын, оның негізгі сипаттамаларын түсіндіруВ) Тәрбиелік: терең ойлауға, ғылымға, білімге деген қызығушылығын арттыра отырып тәрбиелеу. С)Дамытушылық: Оқушыға білім беру арқылы ғылыми көзқарасын дамыту

7 ақпан 2015 - Ардак Мұханова | 2365 көрілім
Физика әлемінде

Тақырыбы: Физика әлемінде

Өткізілу түрі: Интеллектуалдық ойын.

(Хабар теларнасындағы «Ойжүйрік» тележобасымен алынған)

Мақсаты:

Білімділік: физика пәнінен алған білімдерін тереңдету;

Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, оқушыларды нақты пәндерге қызықтыру, оқушылардың жеке басын тәрбиелеу.

ШАРАНЫ ЖАБДЫҚТАУ

Көрнекі құралдар: Ұлы физиктердің портреттері, музыкалық сүйемелдеу, қанатты сөздер, физикалық құралдар, электрондық оқулықтар, интербелсенді тақта.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Математика және физика. Ғылыми – әдістемелік журнал 2005 №3, 2004 №1

2.Математика, биология, химия, география, информатика, Физика және астрономия оқулықтары.

3.7-9сыптар физика кітіптары.

4.Кластан тыс жұмыстар –әдістемелік кітап Шалқар-2009ж.

5.Шың кітап: физика, биология, география, математика.

ШАРАНЫҢ МАЗМҰНЫ

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Кешіміздің мақсаты оқушылардың ойлау қабілетін, шапшаңдығын арттыру, логикалық ойлау қабілетін тексере отырып бүгінгі «Физика әлемінде» тобын анықтау

Төменде әріптестеріміздің назарына мектепте өткізілетін «Жаратылыстану-математика » апталығының он күндігіндегі «физика әлемінде» атты сыныптан тыс шарамды үсынып отырмын. Бұл ойынның ерекшелігі 8-9 сыныптар аралығында болады. ( Интеллектуалдық ойын)

Бүгінгі таңда оқушылардың физика пәні бойынша білімдерінің сапасын арттыру, логикалық ойлауын дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру үшін түрлі сайыстар, ойындар өткізіп тұру тиімді. 8-9 сыныптар аралығында қатысып, өз білімдерін сынайды. Оқушылардың қызығушылығы жоғары болады, осындай кештерді апталықтан тыс уақыттарда да ұйымдастырып тұруымызға болады. Сыныптан тыс шараның жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Ал, оқушы,ұстаздар

Ортаға назар салайық.

Сайыскерлер шықпақ сайысқа,

Қол соғып қарсы алайық,- деп ду қол шапалақтап сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.

8-класс оқушылары:

9-класс оқушылары:

13 ақпан 2015 - Тұрар Мұратов | 1035 көрілім
Жас физиктер

Тақырыбы: «Жас физиктер»

Мақсаты:

Білімділік:7 сынып оқушыларыныңфизика пәні бойынша білім сапасын және логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру

Дамытушылық:Оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыра отырып, іскерлі, ізденімпаз, интеллектуалды қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру

Тәрбиелік: Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершілігін жетілдіру, біліміне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктерге жетуіне тәрбиелеу;

Көрнекілігі: ұлы физиктердің портреттері, формулалар, нақыл сөздер, тақырыптық суреттер;

Сайыстың барысы

1) Сәлемдесу.

2) Оқушыларға сайыстың түрі мен мақсатын хабардар ету.

II. Оқушыларды үш топқа бөлу. Әр топқа капитандар сайлау.

III. Сайысты өткізу.

Армысыздар, құрметті жиылған қауым, ардақты ұстаздар, қадірлі оқушылар!

Армысыздар, ағайын

Ағайын тілін табайын

Есенбісіз ұстаздар

Шаршамайтын қыс-жаздар

Кешке келген аман ба,

Отырамын деп жайланып.

Көрермендер аман ба,

Отырған анау сайланып,

Бәріңізге бір сәлем!

Онда кешті бастайық.

Ойынға қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Армысыздар,қымбатты төрешілер,

Сайысын әрбір топтың көрерсіздер.

Таразының екі басын тең қойып,

Сіздерде әділ баға берерсіздер-

дей келіп сайыскерлердің білімі мен өнеріне баға беретін әділ қазылар алқасымен танысып өтейік:

Жақсылық адамдардың тілегі екен,

Тілейтін жақсылықты жүрегі екен.

Дәстүрлі қазағымның сарқылмаған,

Шартын сайыскерлер біле мекен? — дей келе сайысымыздың шартымен таныстырып өтейік.

Сайыстың шарттары:

1.Таныстыру. (топтар өздерін таныстырады)

2.«Ғажайып ұяшық»

3.«Ойланайық, ойлайық»

4.«Әзілді сұрақтар»

5.«Кім тапқыр»

6.«Ойлап тап»

Бүгінгі жас достарым,

Ғылымды жақсы ұғайық.

Физика

Құрметтеуге лайық!

12 наурыз 2015 - Бибинур Исабекова | 1175 көрілім

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Ішкі энергия жайлы түсінік беріп, оны өздгерту тәсілдерімен таныстыру

Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын нақты, дәл өмірмен байланыстыра айта білу қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Оқушылардың жауапкершілігін арттыру, өз бетінше қорытынды жасауға баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

23 наурыз 2015 - Админ | 2390 көрілім

Жалпы мақсаты:

  1. Механиканың жаңа бөлімі – динамика тарауымен таныса алды.
  2. Заңның ашылуы жөнінде жалпы түсінік қалыптастыра алады.
9 сәуір 2015 - Админ | 1247 көрілім

Аса қадырлы ФИЗИКА пәнінің ұстаздары, қуанышты жаңалық!!! өздеріңіз көптен күткен орта және қысқа мерзімді жоспарлар дайын болды, 7-11 аралығындағы 5 сынып түгелдей бір жылға жоспарланған.

21 сәуір 2015 - Pedagog Ustaz | 515 көрілім

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..................................................................................................................3

І. Білім беру сапасын арттыру мәселелері.....................................................6

1.1. Сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдануды жетілдіру...........................6

1.2. Физикалық білім берудің дәстүрлі және альтернативті үлгілері… ..18

23 қараша 2015 - Айнагул Бекшораева | 5551 көру

«Оқушы болашағындағы физиканың алар орны»

Ертеде Бір оқытушы өз оқушыларын сынау үшін мынадай сұрақ береді. Егер жорыққа шықсаңдар, мына үш қылыштың қайсысын алар едіңдер дейді.

Біріншісі: мен жеңілін алсам күшім көп кетпейді, деп ойлап жеңілін қолына алады.

Екіншісі: мен көп жауды жығу үшін үлкен қылыш қажет деп, қолына үлкен қылышты алады .

Соңғысы: маған мына шағын қылыш ыңғайлы деп үшіншісін ұстаған екен Сол сияқты біз де оқушыға оның өміріне қажет бар білімін беруге тырысу қажетпіз

7 желтоқсан 2015 - Жанара Каркенова | 554 көру

Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек.

Физика сабақтарында ақпараттық  - коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділіг

7 желтоқсан 2015 - Жанара Каркенова | 453 көру

7 сынып оқушыларына физика пәнінен бір қалыпты  емес қозғалыс кезіндегі орташа              

                                                              жылдамдығы жайлы мағлұмат беру

15 желтоқсан 2015 - Күлзия Есенқызы | 1439 көрілім

Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы

№ 4 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі

Мұханова Ардақ Қуандыққызы

4 қаңтар 2016 - Ардак Мұханова | 825 көрілім

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Здесь нет никого ;-)