Акция, 500 бірлік ұтып ал

29 қаңтар 2014 - Админ
Акция, 500 бірлік ұтып ал

 Құрметті ұстаз әріптестер!  сіздерге сайтта жаңа акцияның басталғандығын хабарлаймыз.

Сайтқа өзіңіздің кез келген 10 материалыңызды жариялайсыз да, 500 бірлік ұтып аласыз, Кез келген материал бола береді ашық сабақ, сыныптан тыс сабақ, тәрбие сағаты, тест, баяндама, қысқа мерзімді жоспар, ОМЖ…  т, б  бола береді, тек ұстаз әріптестеріңізге бір көмегі тиетін материал болса болды.

Енді шарттарына тоқталсақ,

1. Материалыңыз басқа еш жерде жарияланбаған  болуы керек.

2. Сайтқа тіркеліп материалды өзіңіз жариялауыңыз керек. (материалды қалай жариялау туралы видеосабақ төменде көрсетілген)

3. Материалдың көлемі 14 шрифт, жол аралығы 1,0 осы шартпен кем дегенде 2 беттен кем болмауы керек.

Мінеки осы шарттарды ғана орындасаңыз 500 бірлік сіздікі болмақ, біз сайтты қадағалап отырамыз, бізге барлығы анық көрініп тұрады, материалыңыз 10 ға толғанда біз сіздің почтаңызға хат жазып өзіміз хабарласамыз, бір өкініштісі біз тек Актив абоненттеріане  ғана бірлік жібере аламыз.

 

500 бірлік жүлде үшін әрине аз, себебі сайтымыз жаңадан ашылып жатқандықтан демеушіміз жоқ, бірақ бұл тек бастамасы ғана, болашақта демеушілер тауып бұдан да көлемдірек байқаулар ұйымдастыратын боламыз, сондықтан да әзірден бастап көзге түсе берулеріңіз өте маңызды, оның үстіне өзіңізде бар материалды басқалармен бөлісудің өзі бір жақсы іс, сонымен бірге интернет әлемінде танымал бола түсуіңізге де септігі мол болмақ,  ерекше ескертетініміз бұл жүлде тек қана 10 адамға беріледі. ал әріптестер іске сәт сіздерден құнды ақпарат күтеміз, егер де қосымша сұрақтарыңыз болса сайттың сұрақ-жауап бөліміне қойыңыз.

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Жаңалықтар500 бірлікке ие болған алғашқы ұстаз белгілі болды.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150760

Пікірлер (5)
Танита # 9 ақпан 2014 в 20:17 0
Бир 500 ед ушин бе?
Админ # 10 ақпан 2014 в 23:47 0
Танита, әрине 500 ед үшін емес, әріптестеріміз өз тәжірибесімен осы сайтта бөліссе деген мақсат қойдық, сол арқылы ортақ ресурс жасасақ барлығымызға пайдалы болмақ, 500 бірлік әрине көп емес, қазақ интернетінде өзіңіз көріп жүргендей қазақша материал табу өте қиын, сондықтан барлығымыз ортақ күш шығарсақ бұл мәселені шеше аламыз.
Tolkin Bakitovna # 20 қазан 2014 в 20:45 0
Салем, құрметті әріптестер! Сайтқа қалай материалды жібере аламын? Суреттері мен видиороликтерді қалай саламыз?
Админ # 20 қазан 2014 в 21:22 0
Видеонұсқаулықты көріп шықсаңыз, қалай сабақ жариялауды түсінесіз.
Гулжазира Махмутова # 25 қазан 2015 в 23:02 0
Салем, қадірменді әріптестер! Осы сайт ұстаздар үшін таптырмас құрал. Еңбектерініз жемісті болсын, сайт ұйымдастырушылары.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар