Қазақ тілін білу менің парызым

21 ақпан 2015 - Балжан Базилбаева

Алматы облысы

Алакөл ауданы

Безродных атындағы орта мектебі

мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі Б.Т. Базилбаева

.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ тілін білу менің парызым

Сабақтың мақсаты: Ана тілдің қадір қасиетін оқушыларға ұғындыру. Тілге деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру. Өз Отанын туған жерін, туған тілін құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар:Қабырға газеті, нақыл сөздер, шарлар, суреттер.

Сабақтың барысы:

Kipicпe бөлім.

— Балалар, біздің Отанымыз Отан анамыз Қазақстан Республикасы.

Қазақстан Республикасының Гимні

Heгізгi бөлім.

Балалар, біздің тіліміз — ананың ақ сүтімен бойға сіңген асыл қазынамыз. Өз атамекенімізде жүргендіктен, өз тілімізде сөйлеу-басты парызымыз. Қазак тілінің құдіреттілігі — оның орындылығында, орасан зор байлығында.«Қазак, болып туғаннан соң бөбегім,Қазақ болып өлген жақсы түбінде», — деген ақын сөзінен қуат ала отырып, бабаларымыздан жол тартқан асыл мұраны сақтап өркеңдете берейік. Қазақ тілі … өткірлігімен, бой балқытып, тамыр шымырлатып жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандырып, ұғымына қонымды, жүрегіңе тиімді… қысыл таяң қатал жағдайда қайрап, егеп «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендейін ерге, елге медет болып адам түгіл жағдайдың көмейіне құм құйып, аузын аштырмай, үнін шығармай қоятын тіл, тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі.Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жібермегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған.

Ана тілі — асыл нәрібабамның,

Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.

Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап,

Туған тілді туып өскен баламын.

Ән. «Ананың тілі — аяулы үні»хор.

1-оқушы:

Қуан далам! Қуанатын күн бүгін!

Cepпiп таста, Мұңды жүрек түндігін

Tiл туралы заңым енді күшіне

Паш еткендей, Кескен жаңа кіндігін.

2 — оқушы:

Қуан бабам! Қуанатын жөнің бар.

Деген едің, Тіл бар жерде өмір бар.

Халық жауы атандың — ау сол үшін.

Ғұмырыңда, Құрбан eтіп жолыңда ар.

3 — оқушы:

Қуан анам! Ұзағынан сүйініп.

Сәтің де көп, Кеткен кейде түңіліп.

Ак, сүтіңнен, Бойга біткен тіліңді

Піp тұтамын, Мен алдыңда иіліп.

Барлығы бастарын иеді.

4 — оқушы:

Мейлі шарлап теңіз өттім, тау бастым,

Мейлі көктің ак бұлтына жармастым.

Сонда — дағы сені қалмассың көкейден,

Сонда — дағы ceнi ұмыта алмаспын.

Бар қазақтың орман, көлі, өзені,

Тау қиясы, жалпақ жазық, кезеңі.

Сайрап сөйлеп тұрган жоқ па қазақша,

Қалай тозар сендік асыл сөз енді.

5 — оқушы:

Туған тілім тірлігімнің айғағы,

Тілің барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бipгe өсемін,

Өшсе тілім мен де бipre өшемін.

Тілсіз хайуан бишара,

6 — оқушы:

Сарыарқадай даласы бар, Астанадай каласы бар.

Жайнап тұрған бip — Гүлстан, Туған жерім — Қазақстан!

Үйінен қонақ арылмайтын, Жок, нәрсеге тарылмайтын.

Дарқан мінез кең пейілді, Туған елім — Қазақ елі.

Бабалардан бұрынғы өткен, Аманат боп бізгe жеткен,

Ұмытылмас ешқашанда, Туған тілім — Қазақ тілі.

Бақыттымын бар әлемде, Yш туған бар бip өзімде.

Мақтанамын, шаттанамын, Жар саламын бар әлемге.

— Ал халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз:
«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық!
1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Конституцияда қазақ тілі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тілі болып бекітілді. Ал 1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданып, оның 4-бабында “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі” екені жазылды.
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет. Мемлекеттік тіл – көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы.

Ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі, маңызы жайлы ұлы адамдардың нақыл сөздеріне тоқталайық.

1. Өзіңе сенбе, жас ойшыл, Тіл өнepi дертпен тең. (Абай Құнанбаев)

2. Әр халықтың ана тілі — білімнің кілті.

3. Біздің жастарымыз ана тіліне жетік, білімді мәдениетті болсын.

(Ахмет Жұбанов)

4.Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту — бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту. (Бауыржан Момышұлы)

Балалар ана тілі туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?

1.Жақсы байқап сөйлер, Жаман шайқап сөйлер,

2. Үлгілі сөз білмеген, Надандықтың белгісі

3.Жүзден бipey шешен, Мыңнан бipey көсем.

4. Қызыл тілдің қадірін, Тоқтағанда білесің.

5.Өтipiк сөз өрге баспас,

6. Өнер алды – қызыл тіл.

7. Шебердің қолы ортақ, Шешеннің тілі ортақ.

8.Тіл тас жарады, тас жармаса… (бас жарады).

9.Дәлелсіз сөз… (желмен тең).

10.Ине көзінен сынады,… (шешен сөзінен сынады).

11.Піл көтермегенді,… (тіл көтереді).

12.Сөз тапқанға… (қолқа жоқ).

13.Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі ілім біл).

14.Шебердің қолы ортақ, ...(шешеннің қолы ортақ).

15.Бал тамған тілден… (у тамған).

16.Тауды, тасты жел бұзар, ...(адамзатты сөз бұзар).

17.Жақсы сөз… (жарым ырыс).

18.Жақсы байқап сөйлер,… (жаман шайқап сөйлер).

19.Тіл қылыштан ...(өткір).

20.Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ...(ой өсіреді).

21.Жыланның уы тісінде, адамның уы ...(тілінде

Оқушылар өздерінің шығарған өлеңдерін оқып береді

7- оқушы:

Бесікте жатқанымнан, Ана тілін үйрендім.

Сол арқылы бой жазып, Азамат боп өсіппін.

8 — оқушы:

Ана тілім менің, Асыл қазынам менің.

Ана тілім менің, Шырқар әнім менің.

Құрметтеймін ceнi, Анамдай сыйлап.

Аялаймын сені, Өcipген гүлімдей.

9 — оқушы:

Ана тілін үйреніп, Оқып білiм аламын.

Ана тілім айбыным, Ана тілім ай күнім.

10 — оқушы:

Ана тілім дана тілім, Қазақ тілім бал тілім.

Құрмет тұтып ceнi мен, Аялаймын әрқашан.

11-оқушы:

АНА ТІЛІМ, КҮМБІРЛЕ САРАЙЫМДА!

Тілін білген Абылай, Абайым да,

Құдырет берген ана тіл талай ұлға.

Қасиетті сол тілдің арқасында

Ерікті ел боп алысқа қарайын да.

Ана тілім, күмбірле сарайымда!

12-оқушы:

Тағдырым, даралама тілден мені,

Тіл – елмен қауыштырар іргемдегі.

Тіл – елмен табыстырар алыстағы,

Аспандатар жердегі жүрген мені.

13-оқушы:

Тілмен өрлер мерейім өрлесе де,

Тілсіз бақытын басынан ел кешер ме?

Тілер едім таусылса ақтық демім,

Жерлеңдер деп тілменен жерлесең де…

Олай болса, қазақ тілін жете білу арқылы біздер өнер мен білімнің, мәдениет пен ғылымның биігіне жетіп, өз халқымыздың өткен-кеткенін зерделеп, оны әлемге таныта аламыз. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлей аламыз.
Қазақ тілі — мемлекеттік тіл. Сондықтан қазақ тілін құрметтейік.

Өзге тілдің — бәрін білсең де, Өз тіліңді құрметте.

Бiз, оқушылар, өз ана тілімізді байытып, оны өзге ұлт өкілдеріне үлгі етуіміз керек.

Қазақ тілі– ұлттың жаны, Қаны деп ойлаймын!

    -Балалар, ана тіліміз үшін күрес — болашақ ұрпақ үшін, халық үшін күрес дегім келеді

    -Ерлік пен елдікті мұра тұтқандар саған қол көтермек емес.

    -Жылдар, ғасырлар мен замандардың ұйытқып соққан желі сенің іргетасыңды ешқашан шайқалтпайды.

    -Жасай бер, бостандық, махаббат пен достық тілі — қазақ тілі.

Хор: «Менің Қазақстаным».

Қорытынды:

Қазақ тілі – бай тіл, оралымды, ырғақты теңеу-бейнелеулері ерте туған тіл. Поэзияда Абай, Ілияс, прозада Мұхтар сияқты алыптар туғызған тіл.
Осындай тілімізді таза ұстайық!
Ана тіліңді қадірлеу – мемлекетіңді, ұлтыңды, өзіңді қадірлеу. Қазақстан егемендігін баянды етіп, оны әлемдегі озық елдердің қатарына қосу үшін мемлекеттік тілдің жетекші рөл атқаратындығын әсте естен шығармайық.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1083474

Пікірлер (1)
Базаргүл Алтынбекқызы # 4 наурыз 2016 в 00:31 0
Тіліңді құрметтегенің- Отаныңды қадірлегенің тәрбиелік мәні зор

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар