Қарлығаш.Өтебай Тұрманжанов

Жамбыл облысы

Қордай ауданы

№26 Ж.Жабаев атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Султамуратова Мөлдір Бекбосынқызы

Сыныбы: 4

Пәні: Ана тілі

Сабақтың тақырыбы: Қарлығаш.Өтебай Тұрманжанов

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: өлеңнің мазмұнын меңгерте отырып,әңгіме құрай білуге дағдыландыру. Топта жұмыс істеуге, өз бетінше іздену дағдыларын қалыптастыру;

Дамытушылық:ойлау дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қиялын, жүйелі ойлау қабілетін, тіл байлығын молайту;

Тәрбиелік:жаман қасиеттерден аулақ болу, жауыздықтан жирендіру, әділ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтыңтүрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, сұрақ-жауап, эссе жазу, көрініс

Сабақтың көрнекілігі: оқулық, Ө. Тұрманжановтың суреті, өлең мазмұнына байланысты суреттер

Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Психологиялық кезең

Оқушылар бір-бірлеріне өз есімдерінің алғашқы әрпінен басталатын тілектер айтады

2. Топқа бөлу (геометрииялық фигуралар арқылы)

3. Бағалау парағымен таныстыру

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

І топ. Ө. Тұрманжановтың өмір баяны туралы

ІІ топ. Ө. Тұрманжановтың шығармаларына байланысты

ІІІ топ. М. Хәкімжанованың«Жаралы торғай » өлеңі мен Ө. Тұрманжановтың«Көктем жыры» өлеңінің айырмашылығы

Әр топтан 1-2 оқушығаөлеңді мәнерлеп оқыту

ІІІ. Жаңа сабақ

1.«Адасқан әріптер» ойын

Сол әріптерді ретімен орналастыру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

2.Мақсат қою

Сабаққа мақсат қою үшін оқушыларды сұрақпен жетелеу

    -Қарлығаштуралы не білесіңдер?

    -Қарлығаш туралы тағы не білгілерің келеді?

    -Қарлығаш туралы мәлімет беру

Оқулықпен жұмыс

1. Өлеңді мәнерлеп оқу

2.Өлеңді әр топтан бір оқушыға тізбектей оқыту

3. Өлеңді 3 топқа бөліп беру

4. Жұппен талқылау

5. Топтық жұмыс

Әр топтан бір-екі оқушыға түсінгендерін айтқызу. Басқа топтың оқушылары сұрақ қою. Ол сұраққа келесі топ мүшесі жауап берулеріне болады.

Сергіту сәті

Дәптермен жұмыс

Өлеңде кездесетін жәндіктер мен құстардың аттарын жазу

Топтықжұмыс

І топ. Қарлығаш туралы қандай ертегілер білесіңдер?

ІІ топ. Жыланға байланысты айтылған сипаттау сөздерді жазу

ІІІ топ. Қарлығаштың аналық махаббаты, ерекше нәзік сезімі өлеңнің қай жерінде көрініп тұр. Оқулықтан тауып оқу.

ІҮ. Сабақты қорыту

І топ. Қарлығаш туралы эссе жазу

ІІ топ

Зат есім-1

Сын есім-2

Етістік-3

Сөйлем

Синоним

ІІІ топ.Өлең желісінде қарлығаштың балаларын жыланнан құтқару үшін көмек іздеген жерінкөрініс ретінде көрсету

Ү. Бағалау

Топтық бағалау (Әр топтың топбасшысы бағалау парағынақойған бағалары бойынша бағалайды)

ҮІ. Үйге тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқу. Сурет бойынша әңгіме құрап жазу. Қарлығаш, жылан, дәуіт туралы материалдар жинау.

Бағалау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1096927

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар