"Бастауышым - балбұлағым"

"Бастауышым - балбұлағым"

 

Жумаканова Гульмира Жамалиевна

ШҚО Көкпекті ауданы Биғаш ауылы

«Маяковский атындағы орта мектебі»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

 

Сабақтың түрі: Ертеңгілік

Сыныбы:   4-сынып

Тақырыбы:      БАСТАУЫШЫМ -БАЛБҰЛАҒЫМ

(Бастауыш сыныппен қоштасу кешінің, сценарийі)

Мақсаты: 1. Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған  білімнің  негіз болып қаланатынына көз жеткізу.

2.Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру,әр баланың ерекшелігін  таныта отырып, сәт – сапар тілеу.

3. Білім берер ордасы- мектепті, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлғын арттыру. Өз Отанынының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:«Шуағын төккен 4 жыл»  Қанатты сөздер мен тақырып, шарлар, гүлдер.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Қош келіпсіздер, құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, қадірлі қонақтар! Бүгінгі күн осында отырған бәріміз үшін ерекше күн, оның ерекшелігі сол – 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған кіп-кішкентай балғындар еді. Енді, міне, бойлары да, ойлары да өсіп, бастауыш білім сатысынан орта буынға ұшқалы отыр.

Бесіктегі баланың, күлгенін көрген бірмұрат.

Алдына түсіп ананың, жүргенін көрген бір мұрат, -

дегендей, бұл да бір қуанышты күн.

Мұғалімніңсөзі:Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады.Міне бүгін біздің бүлдіршіндер өміріне өшпес із қалдырған бастауыш сыныбымен қоштасып бір жылға тағыда есеигелі отыр. Ендеше қызықты да, ғаламат озгерістер сыйлаған, білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата-аналарына өз өнерлерін көрсетуге дайын.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:«Талаптарыңа нұр жаусын!» деп «Бастауышым-балбұлағым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

4 сыныбын ортамызға!

Вальс!!!

 (Музыкамен оқушылар ортаға шығады).                 

Жарас:

Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі

Жарас атты сымбатты ұлың ардақтап,

Бар пейілмен сіздерге басын иеді.

Әрсен:

Өсті талап-талғамым,

Көп нәрсені ұғындым

Маңғазданып, аз сөйлер

Әрсен деген ұлыңмын.

Балжан:

Тез үйрендік әділ мен адамдықты

Жирендік, ажырыттық жамандықты

Ата-анамның қуанышы Балжанмын,

Дақ салмайтын елімнің мен даңқына.

Аққу:

Өнеріне халқымның бас иемін,

Тыңдап өскен бабалар өсиетін,

Мен-Аққу деген қыз инабатты

Қадірлеген елінің қасиетін

Мұғалім:                   

Армысыздар жас достар

Болашаққа жол бастар.

Білім деген ғажаптың

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

      Қоштасу тойын бастайық,

     Ән мен биге басайық.

     Өнерімізді көрсетіп,

     Құрметіне бұл тойдың.

     Ән мен шашу шашайық.

     Ән: «Жаса Қазақстан»(Аяулым, Мәди)   

Көрініс: (ортаға қария мен 5 оқушы шығады)

Әрсен:

-Ата, ата, арман деген не?

Ата:

-Арман дегеніміз — ақыл-ойдың шындығы. Құс ұшсам дейді, бала өссем дейді, қыз көрікті болсам дейді, ұстаз шәкіртіне үлгі болсам дейді. Арманына адаспаған жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді депті қарт.

Ата:

-   Дос табу оңайма?

Балжан:

-   Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.

Ата:

-Жоқ, балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Есіңде болсын, досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың.

Ата:

-Үйдегі алтын қазығың кім?

Аққу:

— Ата, үйдегі алтын қазық…

Ата:

— Жоқ, балам, үйдегі алтын қазық — ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана — ақылшың, әке — қамқоршың, ағаң — қорғаушың, інің — сүйенішің, қарындасың-қанатың. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем, — депті қарт.

Ата:

-   Өмір сүру үшін не қажет?

Балжан:

-   Ата өмір сүру үшін алтын, ақша, нан, мал қажет.

-   Жоқ балам, адамның өмір сүру үшін су, от, тұз, қыз, ақыл қажет. Су — тіршілік, от — өмір, тұз — дәм, қыз — сән, ақыл өмірдің нәрін береді.

Ата:

-Адамға ақыл беретін кімдер?

Әрсен:

— Ата, ана тілі ғой ақыл беретін.

Ата:

-Жоқ, балам, адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз, досы. Ата — ана ақылын баласына айтады, ұстаз шәкіртіне айтады. Достықтың көзі ақылдан басталады, — депті қарт.

 

Аққу:

-Балалар, айтыңдаршы, мұғалімдер осы бізді қандай қалыпта көргілері келеді?

-«Мұғалімдер бізді осылай көргісі келеді»(қолдарын үстелге қою)

— Аналарымыз  ше ?

-Аналарымыз  былай көргісі келеді (сыпыру)

— Әкелеріміз ше ?

-Әкелеріміз мынаны қалайды, көргісі келеді (маңдайларын керіп,қарындарын сипау)

-Сыныптастарымыз мынаны көргісі келеді (қолын жүрегіне қойып, жүректерін  ұсыну)

Би: «Қыздар» биі

«Ойлы болсаң озып көр» ойыны.

7 сұрақ

1.Сұлу сөзіне мәндес сөздерді ата (келбетті, көрікті, әдемі ажарлы,)

 2.«Көз сүріну» тіркесінің мағынасын түсіндір (каз ала алмау, қатты қызығу) 
3.Артық сөзді тап

Сулы, балықты, оқушы, білім, асқазан (Асқазан сөзі себебі ол күрделі сөз, екі сөздің бірігуі арқылы жасалған)

4. дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

5. қате жазылған сөзді тап.

Мектеп, ұстаз, қоштасу, жұмышшы (Жұмышшы сөзі, себебі, жұмысшы деп жазылуы керек.

6. 5 етістік ата

7. қоян сөзінде неше дыбыс бар?

Мұғалім: -Балалар, ненің суреті шықты.

— Жетіқарақшы

— Осындағы Темірқазықтың қандай пайдасы бар екенін сендер жақсы білесіңдер.

Адасқан адам аспандағы Темірқазыққа қарап, солтүстікті анықтаған екен, ендеше қазақ тілінен алған білімдерің сендердің өмірлеріңнің Темірқазығы болсын.

Көрініс: КВН

«Ұлдар емес»

Кездескенде халайық жайдарманда,

Сәлемдесе салайық ән салғанда.

Айналайын жайнаған Астанадан,

«Ұлдар емес» тобымыз біз Биғаштан .

Қайырмасы:

Қызыл гүлдер – ай, Астанамның – ай,

Қызықтырдың – ай, бар әлемді – ай.

Аппақ гүлдер – ай, «Ұлдар емес» — ай,

Сыбызғыдай сызылтып, ән саламыз – ай

 

Біз Биғашта тұрамыз гүлдей жайнап,

Мөлдірейді көзіміз, нұры ойнап.

Бүгін толсаң 15 – ке толған айдай

Құтты болсын айтамыз қуанышпен – ай!

 Қайырмасы сол.

 

«Тілші мен әншінің әңгімесі»(Аяулым мен Анель)

-Сайлауға барып дауыс бердіңіз бе?

-Жақында жеке концертбермекші едім, даусымды соған сақтап жүр едім.

«Құрбылар әңгімесі»(Ақгүл мен Балжан)

-   Ақгүл кеше мен теледидардан арыстандар туралы көрдім. Олар әбден тойып алып, күніне 15 сағат ұйықтайды екен.

-   Е – е олар да сен сияқты екен ғой...

«Сыр шерткен құрбылар»(Аққу мен Аяулым)

-   Аққу, енді менің бетіме безеу шықпайтын болды.

-   Қалайша?

Бос орын қалмады.

Ата-аналардың құттықтау сөзі

Ата-аналарға сұрақ

-нашар оқитын оқушы сөмкесіндегі ұнамсыз зат (күнделік)

-сабақ білмейтін балаларға жаймен не беруге болады? (подсказка)

-мектептегі басты адам (оқушы)

-мұғалімдер күні тойланатын ай  (қазан)

-Мектеп өмірінде директордың өзі оған бағынады, ол не?(қоңырау)

-Қалам  мен  карындаштың  үйі (пенал)

-Әріптері жиыны (алфавит)

-Балалар білім алатын жер (мектеп)

-Бұрышсыз фигура (шеңбер)

-Түнгі жарық (ай)

Көрініс:Өнерлі бала. Қатысушылар:3 бала,3 ана,  қария кісі.

Қолдарында шелектері бар үш әйелдер демалуға отырады.

Аяулым:Менің ұлым ән салғанда бүкіл жұрт аузын ашып тыңдап қалады. Керемет өнерлі ұлым бар.

Анель:Әй соны да айтасың ба? Менің ұлым спортты жанындай сүйеді. Өзі шымыр қолымен жүріп, баспен айналғанда барлық жұрт өнеріне таң қалады.

Аяулым: Сен неге үндемейсің?

Ақгүл: Менің баламның ешқандай өнері жоқ.

Үш бала жүгіріп келеді. 1-бала айқайлап ән салады. 2-бала секіріп түрлі нәрселер көрсетеді. 

3        бала: Анашым саған көмектесейін деп шелегін алып кетіп қалады.

Аяулым: Ата қайыссымыздың баламыз өнерлі?

Мәди: Мен өнерлі бір-ақ баланы көрдім. Ол анасына көмектескен бала.Ол Пайғамбарымыздың хадисіне лайықты іс атқарды. Бүкіл адам баласы аналарына көмектесуі керек деп жазылған хадисте.Өнерлі бала анасына жаны ашыған бала дер едім.

Ұялған әйелдер төмен қарап кетіп қалады.

Ән: Ана туралы

Мұғалім:

Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі ісін.

Тыншымайтын асыл жандар аяулы,

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

Балжан: Шексіз алғысымызды айта отырып, жеке құндылықтарыңызды бағалай әр-түрлі номинациялармен Сіздерді  марапаттаймыз.

 «Қамқор және мейірімді» номинациясымен бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі Орынзада Қасымқызы марапатталады.

Балжан:              

Анамдай мейірімді құшақ ашып,

Тұрасыз Орынзада апай амандасып.

Әр уақыт жылы сөзің шабыт беріп,

Барамын болашаққа қадам басып.

Аққу: «Ұлағатты ұстаз»номинациясымен бастауыш сынып мұғалімі  Шолпан Темірғожақызы марапатталады.

Аққу:

Кемшілікті кезінде

Кесіп айтар өзіне.

Өнеге мол өзінде,

Өсиет көп сөзінде.

Көңіліңнің хошын-ай,

Көп шәкірттің досындай,

Ақ ниетті кең пейіл

Шолпан апай осындай.

Жарас:  «Инабатты» номинациясымен  даярлық топта бізге білім беріп, ең алғаш қалам ұстауды үйреткен және орыс тілі пәнінің қыр – сырын үйреткен ұстазымыз Бақытжан Қанатқызы марапатталады.

Жарас:

Сөз сөйлесе жарқын — ақ,

Күніміздей жарқылдап,

Қызық өтіп сабағы,

Өсіреді ой-сананы.

Біздермен ойнап күледі,

Сырымызды біледі.

Қасымызда қашан да,

Қамқор болып жүреді.

Бақытжан Қанатқызына

Алғыс айтады түлегі.

Әрсен: «Алтын қалам» номинациясымен сурет пәні мұғалімі Нұрлан Мақанұлы марапатталады.

Кейде жайлы мінезіне қызығасың,

Кейде ашусыз мінезіне табынасың.

Күліп жүрер үнемі Нұрлан Мақанұлы,

Жан жүрегін қашанда ұғынасың.

Балжан: «Тәні саудың, дені сау» номинациясымен дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Серік Қабимұратұлы  марапатталады.

Спорттан талай шәкірт даярлады,

Шәкіртіне бәрін берді, аямады,

Әзілі бірге жүрер өзімен

Серік ағай қашып кетсек аямады.

Аққу: «Баға жетпес, өнегелі» номинациясымен  біздің сынып жетекшіміз Гүлмира Жамалиқызы марапатталады.

Көрмеген артық күліп, артық жүріп,

Шәкіртіңді баулыдың тәртіпті ғып.

Қоштасамыз біз бүгін, Гүлмира апай,

Шәкірттердің алғысын айтып тұрып.

Мың алғыс жолдаймыз түлектер атынан.

Ән: «Ұстазым»

Соңымыздан еріп келе жатқан 3 сынып оқушыларына білім кілтін табыс ету оқу үздігі  Мейрамгелді Ақгүлге тапсырылады.

3 сыныптың құттықтау сөзі

Анель:

Не жетеді көңілдің байлығына,

Мойындатар еңбегімен жұртты мына

Ізбасары  ниеттес боп қолын бұлғап,

Сәттілік тілеп тұр ғой  сіздерге кеп.

Мерхат:

Бос жіберме ешқашан уақытыңды,

Аялай біл ақылың жақұтыңды.

Келешктеел сыйлар азамат боп,

Болашақтан табыңдар орын мықты

Мәди:

Қуаныш көп болуда сүйікті елде

Ақылды адам — бәрінен биік пенде.

Болашағың жарқын болсын өмірде,

Жұлдызың болсын әр кез биіктерде.

Аяулым:

Риза  болшы  ұстаз  қауым  ардақты

Шәкірт  жүрек  сізге  арнау  арнапты

Жылдар  жылжып,  айлар  зулап  өтсе  де

Бастауышты  орта  буын  жалғапты.

Ақгүл:

Ақырын жаймен жүретін

Жымиып ақырын күлетін.

Әдеппен бәрін сыйлайтын.

4 – сынып жарадың!

-Мерекелерің құтты болсын!

Аққу: Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар, мәңгі талай жылдарға.

Әрсен: Бастауышым- балбұлағым ,

Алдым сеннен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

Жарас: Бастауышым- балбұлағым

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

Балжан:Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

 

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Мұғалім: Жұлдызыңды жақ! Бұл сөз тек сіздерге арналады, бастауыш сыныпты аяқтағалы тұрған түлектер! Жолдарыңыз болсын, түлектер!

Аттанарда ұрпағым бақ жолына,

Түссін деп тура нақ жолына,

Арнайы ақ матадан жол төседік,

Ырым ғып түлектердің Ақ жолына!

(Ақ жолмен түлектер шығарып салынады).

 

lya �cra؏nr, Helvetica, sans-serif; font-size: 10px; font-style: normal; font-variant: normal; font-weight: normal; letter-spacing: normal; line-height: normal; orphans: auto; text-indent: 0px; text-transform: none; white-space: normal; widows: auto; word-spacing: 0px; -webkit-text-stroke-width: 0px; margin-left: -18pt; text-align: justify;">Алдым сеннен балдың дәмін.

 

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

Жарас: Бастауышым- балбұлағым

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

Балжан:Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Ұстаз тілегі:

Өлкеміздің айналыңдар ертеңіне,

Сенімдердің айналыңдар серперіне.

Ұстаздық ақ жүректен  мен тілеймін,

Тек сәттілік – шәкірттерім ертеңіңе.

 

Айналайын жап- жарқын жүздеріңнен,

Аластайтын жаныңды күз көңілден.

Мен сендерге мәңгілік тілекшімін,

Тілек тілеп тұратын іздеріңнен.

Мұғалім: Жұлдызыңды жақ! Бұл сөз тек сіздерге арналады, бастауыш сыныпты аяқтағалы тұрған түлектер! Жолдарыңыз болсын, түлектер!

Аттанарда ұрпағым бақ жолына,

Түссін деп тура нақ жолына,

Арнайы ақ матадан жол төседік,

Ырым ғып түлектердің Ақ жолына!

(Ақ жолмен түлектер шығарып салынады).

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1096926

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар