«Гимназист қатарына қабылдау» салтанатының бағдарламасы

10 мамыр 2016 - gulzhauhar azhibaeva

«Гимназист қатарына қабылдау» салтанатының бағдарламасы 

 

(музыка ойналып, ортаға жүргізушілер шығады)

 

1 – жүргізуші: Қайырлы күн құрметті қонақтар! Қымбатты ата – аналар мен қадірлі ұстаздар. Бүгін білім ұямыз С.Сейфуллин атындағы гимназиямызда   1- сынып оқушылары үшін басты мереке – Гимназист қатарына қабылдау күні.

 

2 – жүргізуші: Армандасаң да, қиялдасаң да балалық шағың көз алдыңа келеді. Өйткені, биік асуға беттеген аяулы ғұмыр, ғажайып өмір осынау бал күлкілі балалық шақтан басталады. Міне бүгін сіздер еліміздің көк байрағын аспандататын, келешекке нық қадам баса алатын, білімді де саналы азаматтары қызғалдақтай жайнап өсіп, білім алып жүрген үлкен білім ордасына қонаққа келіп отырсыздар.

 

1-жүргізуші: Әр адамның жетістігі оның өзінің күші мен жан – жақтылығы,  басқару қабілеттігіне байланысты. Бұл әрекетті орындау үшін  оқуда озат болып, жастайынан басқару қабілеттігін дамыту қажет. Сондықтан біздің мектеп оқушылары болашаққа тиесілі дипломаттар, магистранттар болып табылады.  Ал бүгін,  кішкентай, бірақ қазірдің өзінде  ғалым дипломат болуды армандайтын С.Сейфуллин атындағы гимназияның 1сынып оқушыларын қарсы алайық.

 

2-жүргізуші: Сіздердің қошеметтеріңізбен 1 «А» сыныбы дипломаттарын ортаға шақырамыз.  Сынып жетекшісі Ажибаева Гүлжаухар Пауеденовна.

 

1– жүргізуші:1 «Б» сынып дипломаттары, сынып жетекшісі Абишева Айнаш Темирхановна.

 

2 – жүргізуші: Көк байрағым көк жүзінде қалқыған,

                           Әнұраным әуелеген, шалқыған.

                           Бес құрлыққа елдің атын паш еткен,

                           Елбасы да өткен ұстаз алдынан.

 

1 – жүргізуші: Жан шуағы, күн шуағы арай ма,

                          Ұстаз деген әулиедей талайға.

                           Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,

                           Әл – Фараби, Омар Хаям, Абай да.

Хор:Ұстаз 

2 –жүргізуші: Құттықтау сөз жоғары санатты ұстаз, Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасының, «Қазақстан Республикасының құрметті білім қызметкері» медалінің иегері, 2014-2015 оқу жылындағы «Жыл мектебі» номинациясына ие болған  С.Сейфуллин атындағы гимназия  директоры Сүйінжанова Гүлбану Қайырбекқызына беріледі.

                                                                                                                

1-жүргізуші:

Алты жасқа  толған баланы,

Мектеп ана құшағына алады.

Ата-ана қуаныңыз шаттанып,

Шәкірт болды міне биыл балаңыз- дей келе 1-сынып оқушыларына сөз кезегін берейік.

 

1-оқушы: Биыл толдық алты менен жетіге,

2-оқушы: Білім іздеп келдік біздер гимназияға.

3-оқушы: Құрбыласпыз, тұрғыласпыз,

4-оқушы: Барлығымыз бір сыныптаспыз.

5-оқушы: Күлімдейміз, Бір бақшаның гүліндейміз.

6-оқушы: Таланттымыз, қанаттымыз,

7-оқушы: Жақсы оқимыз сабақты біз.

8-оқушы: Өнерліміз, білімдіміз,

Хормен: Өзгелерге өнегеміз.

Орын ауысу музыка

Хормен:  Біз

Оқушы: Тәуелсіз егемен елдің ертеңіміз!                                                

Хормен:  Біз

Оқушы: Қазақ елін мақтан тұтар жас өреніміз!

Хормен:  Біз

Оқушы: Батырлардың жолын жалғастырар тәуелсіз елдің келешегіміз!

Оқушы: Балауса көңілім де, жұдырықтай жүрегім де

Хормен:  «Елім, халқым, жерім» деп  соғады.

Орын ауысу музыка

1.Д-дарынды

2.И-инабатты

3.П-парасатты

4.Л-лапылдаған

5.О-озат

6.М-мейірімді

7.А-арманшыл

8.Т-алантты

Дипломат, магистор  тәрбиелейтін  гимназия — білім ордасы.

Хормен: Біз боламыз мақтанышы , 
Гимназияның  болашақ.

2-жүргізуші: Сәкен Сейфуллин атындағы гимназия  –  баршаға өзінің сапалы білімімен, олимпиадалар, түрлі байқаулардағы жетістіктерімен, ұлттық бірыңғай тестілеудегі жоғарғы нәтижелерімен, дарынды ұстаздарымен, талапты шәкірттерімен танымал білім ордасы. Мектеп табалдырығын биыл аттап, бүгін гимназист атанғалы тұрған 1-сынып оқушыларының үш ай  ішінде үйренген жетістіктерін тамашалаңыздар. 

 

9-оқушы: Дәрмен

Мектеп деген киелі ұғым ғажап ат,
Тынысы мен тіршілігі ғаламат.
Бала шақтан болашаққа ұмтылған,
Түлеп ұшты талай-талай азамат.
 

10-оқушы:Әділжан

Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.

11-оқушы: Ажар

Армысың, мектеп ар — бесік,
Айқара ашқан есігін.
Тәрбие, білім бар нәсіп,
Өзіңде өрлеп өсемін.

 

12-оқушы: Расул

Армысың, мектеп киелім,
Мен сені солай сүйемін,
Сен берген бағыт бағдармен
Рухы бай елге иемін.

 

13-оқушы: Темірлан

Талаптың мініп алып пырағына,
Білімнің май тамызып шырағына.
Алдымнан ақыл сарай есік ашып
Жету мақсат — іздеген мұратыма.

 

14-оқушы: Абылайхан

Білмегенді үйретеді саралап,

Асып түсер бір сабақтан бір сабақ.

Білген сайын жер дүниенің құпиясын,

Өсіп келеді бойымыз да күн санап.

 

15-оқушы: Диас

Жер бетінде адам өмір өткізер,

Бар нәрсеге білім қолды жеткізер.

Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.

 

16-оқушы: Дильназ

Гимназия – біздің ұямыз,

Білім нәрін жиямыз.

Үлкен болып өсеміз,

Қол бұлғайды қиямыз.

 

17-оқушы: Жәнібек

Алтын ұям – гимназиям,

Армандарым көп менің.

Гимназистпін деп елге,

Мақтанайын  деп келдім.

 

18-оқушы: Тамерлан

Әліппем- жаттаған жақсы әнім,

Сенімен мектепті ашқанмын,

Ұстаздың соңына ілесіп,

Бастадым білімнің дастанын.

 

19-оқушы: Ислам

Жақсы кітап әліппе,

Үйретеді әріпке.

А-дан бастап әріпті,

Теріп маған танытты.

 

20-оқушы: Бақдәулет

Таныстырған 42 әріппен,

Бұл-менің қасиетті әліппем!

Сенің арқаң, оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

Хор: Әліппе

Би: 1 «А» сынып оқушылары.  Жаңа заман биі.                                   

1-жүргізуші: Гимназияда оқушылардың  жеке қабілеттерінің дамуына барлық жағдайлар жасалған. Гимназия оқушылары қоршаған ортаны танып біледі, әлемдегі түрлі қызықтармен танысады, компьютерді басқару тәсілдерін үйренеді, сонымен қатар қазіргі әлемдегі заманауи жаңа технология түрлерімен танысады. Өз тілімен қатар ағылшын және орыс тілдерін де біліп шығады.

21-оқушы: Ескендір

Школа! Самый лучший друг,
Второй наш дом родной.
Здесь постигаем курс наук
Мы дружною семьей.

 

22-оқушы: Алшер

Повзрослел я, войдя в этот дом
Здесь учусь я читать и писать.
Но украдкой под партой своей
Продолжаю в игрушки  играть.

 

23-оқушы: Алдияр

Сколько в школе мы узнаем.
Сколько книжек прочитаем!
Нам по этому пути
Десять лет еще идти.

 

24-оқушы: Дарын

Посмотрите на меня:
Вот какой счастливый я!
В первый класс уже хожу,
Форму школьную ношу!

 

25-оқушы: Ерасыл

Мы теперь не просто дети.
Мы теперь ученики.
Будем мы стоять по струнке,
Отвечая у доски.

 

26-оқушы: Мирас

Слово мир и слово мама
Напишу уже сама я.
Я вам сказку прочитаю
И до сотни сосчитаю.

 

27-оқушы: Айгерім

Мы знаем буквы, знаем слоги,
Умеем говорить, читать.
И постепенно, понемногу
Мы научились всё считать.

Хор: Ағылшын тіліндегі ән  «Hello, my name is Super»

2-жүргізуші: Біздің кішкентай дипломаттарымыз  үйірмелер мен түрлі шараларға қатысады.Театрландырылған қойылымдар біздің балаларымыздың бойында өнерге деген сүйіспеншілікті оятады және сахнада жүру, тұру, сөйлеу, өзін-өзі ұстай білу мәдениеттілігін үйретеді. Ал сахнада өзін –өзі  ұстай білу  және жүре білу тіпті ересектердің өзіне де қиындық туғызары сөзсіз. Олай болса сахнаға С.Сейфуллин атындағы гимназияның кішкентай модельдерін шақыруға рұқсат етіңіздер. Қарсы алыңыздар, сахнада «Сымбат» модельдік агенттігі.

      

       1-жүргізуші:  Білім мен тәрбие қатар жүргенде ғана бала бойында жауапкершілік

пен  адалдық, мейірімділік пен имандылық, достық пен сыйластық сияқты тамаша         қасиеттер қалыптасары сөзсіз. Баланы еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуде, өнерге    баулуда, шығармашылық қабілетін дамыту барысында гимназияда жүргізілетін іс-шаралардың алар орны ерекше. Театрландырылған  қойылымдар әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды, баланың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. олай  болса «Бауырсақ » ертегісін қызықтаңыздар.

 

Көрніс: ағылшын тілінде «Бауырсақ»

     

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар, қадірменді қонақтар гимназистерге «Гимназист-2015» атағын беру сертификаттары мен лента тағу салтанаты С.Сейфуллин атындағы гимназия  директоры Сүйінжанова Гүлбану Қайырбекқызы мен директордың оқу — тәрбие  жұмыстары жөніндегі    орынбасары  Сеилова Акерке Абдулиевнаға беріледі.    

1 – жүргізуші:

Өзіміз осылай әрқашан,

Гимназия дәстүрін сақтаймыз.

Айтайық ендеше шаттанып,

«Гимназия сазы» біз құптаймыз.

Хор: «Гимназия сазы»

2 – жүргізуші:

Құттықтаймыз гимназисттер сіздерді,

Жақсылықтан үміттерді үзбеңдер.

Жиналыңдар шаңырақтың астына,

Осы болсын мақсатымыз басты да!           

1 – жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен ата-аналар, қадірменді қонақтар!  Бүгінгі мерекеміз аяқталды.Қош сау болыңыздар!

Осыған ұқсас жазбалар:

Тәрбие сағатыТәуелсіз елім - Қазақстаным

Сценарий«Үздік қаржыгер» интелектуалдық ойынының жоспары

Сценарий​«Қарттарым – асыл қазынам» қарттар күніне кездесу кешінің сценарийі

ҰстаздарғаЕРЕКШЕ ЕМТИХАН

СценарийСоңғы қоңырау кешіне арналған сценарий

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084955

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар