Әдебиеттік оқу. 4 сынып. "Күріш туралы сыр"

10 желтоқсан 2014 - Рауза Дусенбаева
Әдебиеттік оқу. 4 сынып. "Күріш туралы сыр"

Ақмола облысы Целиноградауданы Қабанбай батыр ауылы № 41 ОМ              

 

 Әдебиеттік  оқу     4 «А» сынып      ДусенбаеваРауза  Ареновна.

Сабақ  тақырыбы

«Күріш туралы Сыр». Базарбай  Исаев (74 бет)

 

Сабақ  мақсаты

Мәтінді  түсініп  оқиды,   негізгі  идеясын  ұғады. Міндеттерді шешу үшін, өзіндік ой айтуға дағдыланады.

Оқушылар үшін  оқу  нәтижесі

Мәнерлеп  түсініп  оқиды, негізгі  мағынасын ұғады,

Қызылорда облысы жайлы мәліметтер алады.

Түйінді идеялар 

Мәтін мағынасын ұғынып қорытынды жасай біледі. Ойларын  нақты, тиянақты жеткізе алады.

Оқыту  әдістері

СТО  стратегиялары

Тапсырмалар

Сұрақ-жауап,әңгімелеу, оқулықпен  жұмыс, түртіп алу, кері байланыс.

Тапсырма  көздері

Жеке, жұппен, топтық, болжам, кубизм, әлемді шарлау, ББҮ, эссе, ой қозғау, рефлексия,  бағалау

 

 

                 Сабақ  бойынша мұғалім  мен  оқушының  іс-әрекеті

      Мұғалім  немен  айналысады?

Оқушылар  немен  айналысады?

IҰйымдастыру кезеңі: 1 мин

Шырылдады қоңырау,

Біз сабақты бастаймыз.

Партамызға отырып,

Өзара көз тастаймыз.

Табыс тілеп көзбенен –

Жаңа білім алуға

Алға қадам аттаймыз.

Оқушылар сабаққа назар аударып отырады.

2.Сыныпта психологиялық  ахуал туғызу     

Көп қызық бар әлемде,

Құштар бол сен білімге

Бізбен оқы, жалықпа

Білмегенді анықта.

 2. Үй  тапсырмасын  тексеру-7мин

 Әр топтан 1 баладан   Қ.Төреғожаның «Бір дегенім» өлеңін  мәнерлеп оқиды. Сұрақтар:
1) –Өлеңнің мазмұны кім жайында?
2) –Өлеңдегі негізгі ой не?

 

Оқушылар жауап береді:

-         Өлеңнің мазмұны  жақсы сөз, тілек жайында.

-         Негізгі ой  келешекке қуаныш сезім  жайлы.

3. Жұмбақтар жасыру: 1 мин

Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында нан бар
.              (бидай)
2. Алыстан көрсең ақ тас,
Жақыннан көрсем –дәмді ас.
(күріш)
3. Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тіс               (
жүгері)
4. Күннен көзін алмайды,
Өзгемен ісі болмайды.    
(күнбағыс)

Оқушылар жұмбақтарды шешіп,

 4 топқа бөлінеді.

1 топ: «Бидай»

2 топ: «Күріш»

3 топ: «Күнбағыс»

4 топ: «Жүгері»

4. Жаңа сабақ. ҚО        2 мин

— Балалар, күріш, бидай, жүгері, күнбағыс нелерге жатады? 

-Тағы қандай дәнді дақылдарды білесіңдер? ( слайд)

— Дәнді дақылдарға не қажет? (слайд)

Бүгін Базарбай Исаевтың «Күріш туралы сыр» деген мәтінмен танысамыз. Мәтінді оқып, талдаймыз.

 

 

Оқушылар жауп береді:

-         Дәнді дақылдар

-         Тары, арпа, сұлы, қарабидай, қарақұмық.

-

         Ауа, су, жарық, жылу, топырақ, минералды тұздар.

«Болжам» стратегиясы:2мин

(слайд). -Мәтін не туралы болуы мүмкін?

-Көз алдарыңа не елестейді?

-Қандай кейіпкерлер болуы мүмкін?

 

 

Балалар өз ойларын айтады.

 -Балалар, күріш қай облыста егіледі?   Слайд (2)   1мин

— Қызылорда Қазақстанның қай жерінде орналасқан? ( оңтүстік). Физикалық картадан көрсету.

— Қазір осы мәтіннің авторымен танысайық: Базарбай Исаев ( слайд)

Оқушылар жауап береді.

-         Қызылорда облысы

-         Қазақстанның оңтүстігінде

ТапсырмаББҮ кестесін  толтырыңдар: Білемін, Білгім келеді(күріш туралы)   3 мин

 

-Енді оқулықпен жұмыс – 74 бет.

( мәтін 4 бөлікке бөлінген)

 

— Әлемді шарлау

Оқушылар ББҮ кестесін толтырады: Білемін, Білгім келеді(күріш туралы)

Әр оқушының алдында кесте бар.

 

 

Әр топ бір үзіндіден   оқып, мағынасын түсінеді. 3мин

Сұрақ-жауап:5мин

  — Агроном қандай мамандық иесі?

 Айтылған оқиға Қазақстанның қай аймағында болған?(Қызылорда)

— Мәтіндегі ең өкінішті сәті?

— Қарт диқан неге кейіді?

— Қарт диқанның арманын кім орындады?( Мақсұт Нұрылдаев). Слайд

-Балалар, Ыбырай ата туралы не білесіңдер? (Слайд -2)

 

 

 

Оқушылар сұрақтарға жауап береді.

( Агроном — егіншілік пен өсімдік өсірудің жоғары білімді маманы)

 

Сергіту сәті:

 

 

«Кубизм» стратегиясы: әр топ өздеріне тапсырма таңдап алады. (текше арқылы). 5мин

1 — Мәтіннен мақал-мәтелдерді тап.  Мағынасын аш.

2 — «Ыбырай” – бес жолды өлең

3 -  Эссе: „Күріш-бағалы астық”

4 -  Мәтіннен біріккен сөздерді тауып, сөйлем құрастырыңдар.

Оқыдық шаршадық,  Орнымыздан тұрайық

Қимылдатып аяқты, Шапалақты ұрайық

Отырайық, тұрайық, Соқтығысып қалмайық               

Оқушылар өз тапсырмаларын орындайды.

 «Топтық жұмыс». (слайд) 5мин

-1 топ: Мәтіннің тек жақсы жақтарын қарастырыңдар

-2 топ: Мәтіннің жағымсыз жақтарын қарастырыңдар

-3 топ: Әңгіменің өмірлік сабақ болатын жақсы мен жаман жағын атап көрсетіңдер

-4 топ: Автор кейіпкерлер арқылы бізді неге, қандай  болуға тәрбиелеп жатыр?

 

 

Әр топтың оқушылары  өз тапсырмаларын орындайды. Өз ойларын ортаға салып, дәлелдейді.

Қосымша мәлімет:   5мин

-Күріш – пайдалы дәнді дақыл. Күріш түрлерін білесіңдер ме? (слайд)

-Қызылорда халқы немен айналысады? (слайд)

-Күріштің қандай пайдасы бар? (слайд)

-Күріштен қандай тағамдар жасалады?

 

 

Слайд арқылы балалар күріш түрлерімен, пайдасымен, күріштен жасалатын  тағамдармен танысады.  

 

Қызылорда халқы немен айналысатының  біледі.

Енді, балалар ББҮ кестесінің «Үйрендім» бағанын толтырыңдар.

Оқушылар «Үйрендім» деген бағанды толтырады. 2мин

 

Қорытынды: 3мин

-Ертегі арқылы әкесінің айтқысы келгені не?

— Неге кетпенді ешкім алғысы келмеді?

— Кім күрішші Ыбырай Жақаевтың жолын қуды?

-Осы мәтіннің саған берері?

— Не үйрендіңдер?

 

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасайды.

5. Рефлексия. Смайликтер  тарату

1мин

Оқушылар  осы  сабақ  туралы  стикерлерге өз пікірлерін жазады

6. Бағалау .  Жиынтық  баға

1мин

Өзін-өзі бағалайды. (бағалау  парағы)

 

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Тарихтоптық жұмыстың ерекшелігі

ҰстаздарғаОқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау жобасының тиімді жақтары

ҰстаздарғаСын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру

БастауышБес жолды өлең және эссе үлгілері

Әдіс бірлестіктерОқушылардың жазба жұмыстар мен жұмыс дәптерлеріне талаптар

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1124370

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар