"Ер есімі- ел есінде"

4 наурыз 2015 - Құралай Орманова

Алматы облысы, Райымбек ауданы

Сарыжаз орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Мақсұтбай Индира

Ер есімі-ел есінде

Мақсаты: Балаларды ҰОС Батырлары Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы ерліктерімен таныстырып, отансүйгіштік рухта тәрбиелеу, ержүрек, елін, жерін сүйетін, шыншыл, батыл болуға баулу.

Көрнекіліктер: ҰОС Батырлары Әлия Молдағұлыва, Мәншүк Мәметова,

Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов портреттері, жеңіс күніне арналған мазмұнды суреттер, бейне таспа,үнтаспа.

Алдын-ала жүргізілген жұмыстар: Соғыс ардагерлерін қонаққа шақыру

.Жүргізуші Қымбатты қонақтар, балалар!

Бүгінгі Жеңіс мерекесі құтты болсын!

Амандық бірлік, ынтымақ болсын!

Еліміз аман, жеріміз тыныш болсып,

Батырларымыздың ерлігі мәңгі есте қалсын!(Осы кезде баяу ән орындалып тұрады )1941жылы22 маусымкүнісоғысбасталды.ФашистікГермания қарақшылықпен Совет Одағының шекарасын бұзып, басып кірді.Ұлы Отан соғысы басталды.

Қош бол, досым, жақыным,

Уақыт тығыз сөз қысқа!

Кетіп бара жатырмын,

Сұрапыл бір соғысқа-

деп соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ Совет халқы жан-тәнімен Отанын қорғады. Әрбірауыл,әрбір қала үшін ұрыс болды, шайқасты.

1-Бала:

Отан еркелеймін өзге кімге,

Өзіңмен нені болса көрем бірге.

Қалайша қабырғама батпас менің,

Басыма қатер күні төнген күнде,

Ән:«Ұланыеркінелімнің» СөзіменәніТ.Қоңыратбаев

Жүргізуші: Фашистердің түп мақсаты Москваны басып алу еді.Москваны бүкіл ел қорғады.

2-бала:

Зұлым жаудың ниеті,

Москваны құлатпақ,

Қызыл алаң тасында,

Жын-ойнағын ойнамақ…

Содан кейін осында,

Жеңіс тойын тойламақ.

3-бала:

Жеңілмейді Астана.

Берілуге болмайды!

Артымызда Москва,

Шегінуге болмайды.

Ән: «Катюша» ұлдар тобы.

Жүргізуші: Сол кезде біздің туған жерімізді, туған елімізді, Отанымыз дыжаудан қорғаған апа-ағаларымыз бар. Олар мына портреттегі Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова апаларың, Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, ТөлегенТоқтаров т.б батыр аталарың. Қазақтың өрімдей қыздары ерлікпен жаумен алысып,қаза тапты.Әлия мен Мәншүк апаларымызды біз ешқашан ұмытпай есте сақтаймыз.

4- бала;
Жаумен жалғыз алысты,

Түбінде Мәншүк Невелъдің.

Бермеді қолдан намысты,

Жүректі қызы ер елдің.

5- бала

Жанымен сүйіп басты иген,

Ойында тұрды Отаны.

Боратып оқты «Максимнен»

Дұшпанын шөптей отады.

6- бала

Жы етіп айтып атын біз.

Шынары дейміз жерінің.

Мәңгі есте қалды батыр қыз,

Мақтаны болып елінің.

7-бала

Жер мен көктің арасын,

Шарпығанда қалың өрт.

Әлия орыс қаласын,

Азат етіп, болды мерт

.Ол жеңісті көрген жоқ-

Келді кейін азат күн.

Бірақ мәңгі өлген жоқ

Батыр қызы қазақтың, .

8-бала

Әлияны бұл күнде

Барлық бала біледі.

Әлия аты бұл көңілде,

Әпкеміз деп жүреді.

Жүргізуші:Қазақстандықтардан құралған генерал Панфилов атындағы28-гвардияшы атқыштар дивизиясы жауынгерлерінің ерлігі Ұлы Отан соғысының тарихында алтын әріппен жазылды.

9-бала.
Панфилов Қазақстаннан,

Қырандар тобын жасақтап,

Сонау бір қиын тұстарда,

Жиырма сегіз жігітке,

Өлмейтін ерлік жасатқан.

10- бала.
Жеңіс келді ән болып,

Келді ауылға сән-көрік.

Жеңіс келді, алақай,

Тоя жейтін нан болып.

Ән: «Жеңіс күнін тойлаймыз» Сөзі: И.Сапарбаев

Әні: Ж.Тезекбаев

Жүргізуші:
Ал, енді соғыс ардагерлеріне сөз берейік.

Соғыс ардагерлері сөз алды.

Мұғалім:

Балалар, сендер де осы аталарың, апаларың сияқты елімізді, жерімізді қорғайтын батыр болғыларың келе ме?

Батыр болыңдар! Баты рболу үшін ер жүрек болу керек. Елін, жерін сүю керек. Жер бетінде бейбітшілік болсын! Міне бүгінгі «Ер есімі – ел есінде» тақырыптық сабағымызды аяқтап, енді барлығымыз қосылып «Әрқашан күн сөнбесін» әнін орындайық.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141213

Пікірлер (1)
Нургиза Кульджина # 11 наурыз 2015 в 10:02 0
тамаша тәрбие сағаты. Жас ерекшелігіне сай.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар