«Ерлік-елге мұра» соғыс ардагерлерімен кездесу кеші

Мақсаты:

Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Ауған соғысындағы батырлар» альбомы, тақырыптық көрме, плакаттар, суреттер, шарлар, нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.
Шақырырылған қонақтар: Ауған соғыс ардагерлері, ата-аналар, ұстаздар
Кездесу барысы
1-Жүргізуші
— Қайырлы күн құрметті де қымбатты келген қонақтар, ұстаздар мен оқушылар!
2-Жүргізуші
— 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен
Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс– зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі –Ауған соғысы.
1-Жүргізуші
Құрметті қонақтар, сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагеріне арналған кездесу кешімізді ашық деп жариялаймыз.
(Мемлекеттік Гимн орындау)

Енді, осы ауған жерінде қаза болған жауынгерлерімізді 1 минут еске алайық

2-Жүргізуші
Азаматтық алу, бейбіт өмірге қол жеткізу қай халыққа да оңай түспеген. Өткен әрбір соғыс мыңдаған, миллиондаған адам шығынын әкеліп, қаншама мемлекетті күйретумен тарихта таңба болып қалды.

1-Жүргізуші

-10 жыл бойы байтақ елдің тыныштығын бұзып, бұл дүниеден бейхабар періштедей жаны пәк сәбилердің шырылын шыңыруға шым батырған Ауғаныстандағы сұрапыл соғыс 9 жыл 10 айға созылды.
-Жау дейміз-ау, қолдан жасап жауынды,

Саясаттың солақайы уландырған тамырды,

Бауырына бауыздап балдай ішкен

Кеңестің ол сұрапылды, дауылды заманы еді.
-Осындай ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатысып, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлесіміз бізідің ортамызда. Ағамыздың құрметіне 2-сынып оқушысы

Бектібай Нурикамал Қазақ сарбаздары әнін орындайды.

1-оқушы
-Армысыздар, ауғандық жауынгерлер
Жырым бар жараланған, жаныңды емдер .

Өлгендерді жәннәтта болсын жаны ,
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!

2-оқушы
Ерлік қылған ағаларым, аспан асты, жер үсті,
Біз сәндікке кимегенбіз деп шалбар менен бөрікті
Отан ана алдындағы өтеймін деп борышты,
Аттандыңдар, атқардыңдар соғысты.
3-оқушы
-Жастығыңмен жауға атылдық оқ болып.
Әндететін кезің еді төс керіп,
Жаудың оғы сан мүшеңді төрт бөліп,
Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып
4-оқушы
Отан үшін оққа тос кеудеңді,
Ерлігіңді, өрлігіңді ер көрді .
Бірге аттанған бауырларың жер жастанды, жерленді
Жебейді олар әруағымен сендерді.
Аналардың көл боп аққан көз жасы,
Жетім- жесір тағдырларын ойлашы .
Сол күндерді көрмесін бұл халқымыз,
Елі үшін құрбан болған ер басы.

Ән: Катюша қыз 2 сынып оқушысы Әбдіхалық Жаңылай

Би: Гүлназым мен Қасиет

3-сынып оқушыларының өлеңдері
1-жүргізуші:
-Ер қадірін назарын тасалаудан
Қай ел тауыпты?
Ия, Ерлікті жасамаудан
Бағаламау әлде –қайда қауіпті –деп Мұхтар ағамыз жырлағандай, еліміздің қайсарлы қаһармандарын ұмытпауымыз керек.
2-Жүргізуші:
-Өтер жылдап, ауқыт тағы алыстап
Тағдыр талай тауқыметін табыстар.
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғандағы азап шеккен арыстар- деп ақын жырлағандай,өмір тоқтамады,

ерлік өлмеді, замандарға жалғаса берді. Бұған дәлел бүгінгі ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлеріміз, бейбіт өмірдегі жарқын істері, қоғамдық жұмыстарға белсенділіктері, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектері куә. Ендігі кезекті биге береміз.

Би: 1-сынып оқушысы Ілияс Аида Үнді биі
Мен қазақпын ,ұланымын елімнің ,
Мен қазақпын, тірегімін жерімнің .
Ұланымын туын көкке көтерген ,
Болашаққа алға бастап жетелер.
Қиындығын қазағымның әр-қашан
Қайыспайтын қара нардай көтерер.

Қазақ жері – қонақ жай төрдің жері ,
Қазақ елі- Қас сақтай ердің елі
Елі кедей болмаған – жері байтақ ,
Елі ердей, Бабырдай шерлек елі .
Азат бүгін, байлыққа тұнған жерім
Азат бүгін, ел жоғын қуған ері.
Әділет пен билікке жанын қиып ,
Әділ өткен билердің туған жері.
Ән: «Бұлқынды жүрек» Қарнақбай Мұқағали мен Абилдаева Қарақат
1 жүргізуші:
Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 25 жыл өтсе де, сол кездегі жауынгерлер бүгінгі бейбіт өмірдің еңбеккерлері соғыс жарасынан айыға алмай келеді.Ауғандық ардагер жауынгерлерді қадірлеп-құрметтеу – біздің борышымыз дей отырып, сөз кезегін ауылымыздағы кітапхананың меңгерушісі, байланыс жүйесінің басқарушысы, ауған соғысының ардагері Бегманов Анарбек ағамызға сөз кезегін берсек.

Балалар сұрақтары:
1.-Жүргізуші
«Ерлік-жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жауызымен елге аман –сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау –біз үшін бір ғанибет.

Асылай

Ұрпақтар толқындары алмасуда

Ұлы істер керуені алға асуда,

Жан аға ерлігіңнің мирасындай

Жасампаз ұрпақтармен жалғасуда

Ән: Бала тілегі Нұсқабаев Мархабат

Уа қазағым, Талай өмір өткердің

Тар заманның тауқыметін бөктердің

Ешкімдағы сөз айта алмас сөкпегін

Әлем білген Наркескеннің өктемін

Қазақ жұрты қайыспайды сондықтын

Тауып өткен тіршіліктің өткелін.

Ән: Қазақ жігіттері 1 сынып оқушысы Пернебай Марғұлан

Он жылға тарта созылған бұл соғыстың аяқталуы да ауыр болды. Ауғаныстан туралы біз не білеміз?

Ауғаныстан бұл ежелден қалыптасқан мұсылман мемлекеті. Бірақ, бұл ел бізге ұмытылмас қайғы мен қасірет әкеледі деп ешқашан ойлаған емеспіз.Біреудің жүрек ұлын, біреудің бауырын бұл жағанда жұлып әкетерін кім білген. Отан үшін өз өмірлерін құрбан етіп ерліктің үлгісін көрсеткен барлық кездегі қаһарман жауынгерлер есімі ұмытылған емес.

Солардың ішінде ауған жауынгерлерінің ерліктерін ұмытпау өскелең ұрпақтың міндеті

Ән: Елім менің 4 сынып оқушысы Абилдаева Қарақат

Отан үшін өз өмірлерін құрбан етіп ерліктің үлгісін көрсеткен барлық кездегі қаһарман жауынгерлер есімі ұмытылған емес.

Статистика
-Ауған жеріне 23.000 жерлестеріміз аттанып, борышын атқарды.
-761 жауынгеріміз қаза тауып, қазақ жеріне жерленді.
-26 жауынгер із –түссіз жоғалған.
-1000 адамнан астам инвалид мүгедекке шалынды.
-1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды.

Ендігі жерде еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.Тек бейбітшілік заман болсын дей келе «Ақ көгершін» әнін қабыл алыңыздар.

Хор: Ақ көгершін.

Кешімізді аяқтай келе келешек жас ұрпақ сендердің бойларыңда, жүректеріңде. Отанды сүю, қорғау, Отанға деген сүйіспеншілік, патриоттық сезім, бейбіт өмір, Қазақстанымызда бұндай зұлымдық болмасын, болашақ ұрпақ дінімізді құрметтеп, қастерлеп осындай жақсы қасиеттер бойларыңда, жүректеріңде ұяласын деп тілек білдіреміз.

Құрметті қонақтар! Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық!

Тағы да ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылып, соғыстың аяқталғанына 25 толуымен құттықтаймыз.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1119766

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар