Қабдеш Жұмаділов «Ұзынсары» (ҚМЖ 2 сынып әдебиеттік оқу)

18 наурыз 2015 - Фарида Назарбекова

Пәні:Әдебиеттік оқу.

Күні: 03.03.15

Мұғалімі:Назарбекова Фарида Кыдыралиевна

Сыныбы:2 «Ж»

Сабақтың тақырыбы: Қабдеш Жұмаділов «Ұзынсары»

Сабақтың мақсаты: Қ.Жұмаділовтың «Ұзынсары» әңгімесімен таныстырып, «ұзынсары» сөзінің мағынасын түсіндіру.

Күтілетін нәтиже: Тақырып мазмұнын түсінеді, әңгімелейді, «Ұзынсары» Наурыздың ұзақ сары күні екенін біледі.

Қолданылатын әдіс- тәсілі: «Ыстық доп», «Түртіп алу», «Рөлдегі оқушылар», «Кубизм» әдістері

Пайдаланған модульдер:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық, таланты және дарынды балаларды оқыту, сыни тұрғыдан ойлануға үйрету, оқу мен оқытудағы ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолдану.

Ресурстар, дерек көздері:Әдебиеттік оқу( 2-сынып ) оқулығы, әдістеме,ғаламтор, электронды оқулық

Көрнекі құралдар: оқулық, маркер, суреттер, плакаттар

Сабақтың кезеңдері

«Блум»

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Психологиялық ахуал (жайлап Бота Бейсенованың «Көктем келді» әні ойналып тұрады)

Көңіл-күйлеріңіз қалай?

-Тамаша!

Сабаққа дайындықтарыңыз ше!

-Керемет!

Онда сабағымызды бастаймыз ба?

-Бастаймыз!

Топтарға бөлу

Оқушыларды тақтадағы кең алқап салынған суреттен өздеріне ұнаған гүлдерін теріп, таңдаған гүлдің түсімен топқа бөлу.

Бағалау критерийімен таныстыру.

Бағалау критерийімен таныстыру

1.Үй тапсырмасына дайындығы-1б

2.Жаңа сабақ тақырыбын меңгеруі-2 б

3. Топтық тапсырмаға қатысуы-1 б

4. Мәтінді сауатты оқуы-1б

Бағалау шкаласы

«5 балл»- жоғары

«4 балл» -орташа

«3 балл» — төмен

Сәлемдесу, ынтымақтастық атмосферасын орнатады.

Гүлдер түсімен 4 топқа бөлінеді.

Бағалау критерийімен танысады.

Білу

5 минут

1.Үй тапсырмасын сұрау, пысықтау.

«Ыстық доп» ойыны

-Үйге қандай тапсырма берілді?

Еркіннің еңбегі әңгімесінің авторы кім?

-Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер?

-Еркін қонаққа қайда келді?

-Жаз болса атасы немен айналысатын еді?

-Еркін атасына не деп өтініш білдірді?

-Атасы шөп шабуға Еркінді апарды ма?

-Олар қайда келді және немен жетті?

-Шалғынға нені тұсап қоя берді?

-Әңгімеде атжалданып қалып жатыр деп нені айтып отыр?

-Атасының шөп шапқанына қызыққан Еркін атасына не деді?

-Атасы немересіне шөп шабуды қалай үйретті?

-Еркіннің шөп шапқанына қандай баға бересіңдер?

-Атасы оған қандай қолдау көрсетті?

-Жайшылықта ішпейтін қымызын қалай ішіп қойды?

-Атасы қандай ақыл айтты?

-Әңгіменің негізгі мағынасы неде

-Автор осы әңгіме арқылы сендерге не айтқысы келеді?

Ой қорыту

Осы әңгіменің мазмұнын ашатын қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?

Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей.

Еңбек деген байлық бар,

Ерінбеген жететін.

Еңбектің-наны тәтті.

-Яғни әрбір адам еңбек ете білсе оның болашық өмірі де жарқын болмақ.

Қойылған сұрақтарға тез жауап беріп допты қайтарып берулері қажет.

Мақал-мәтел, нақыл сөздер арқылы мәтіннің негізгі идеясын қорытындылап айтады.

.

Түсіну

7 минут

Қызығушылықты ояту

Миға шабуыл

Әр топқа конверттер тарату. Конверттің ішіндегі суреттерді құрастырту арқылы жапсырады.Осы суреттер арқылы ойларыңа не түйдіңдер?

Бүгінгі жаңа сабағымыз не туралы болмақ?

Жапсырған суреттерін тақтаға іліп, не туралы екендігін айтады.

Жаңа сабақ не туралы екендігін сұраққа жауап беру арқылы өздері табады.

Қолдану

15 минут

Мағынаны тану

Авторы Қабдеш Жұмаділов туралы қысқаша айта отырып сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Мәтінді дауыстап оқып беру.

Мәтінді тізбектете оқыту.

Сөздік жұмысын жүргізу.

Тошала- қыста ет сақтайтын жеке үй.

Атағаш- ат байлау үшін орнатылған түбірік

-Мәтінде томпиған сүйкімді шұжық туралы қай бөлігінде айтылған тауып оқы.

2.Ұп-ұзын сары кісінің қонаққа келуі туралы айтылған бөлікті оқы

3.Апамның күлкісі қай бөлікте айтылған, тауып оқы.

-Сонымен ұзынсары деген не екен?

Сен білесің бе?

«Ұзынсары» – көктем мезгілі

«Ұзынсары» – көктемгі күн мен түннің теңелуінен кейінгі күннің ұзара бастайтын уақыты. Үш ай бойғы қыстың суық ызғары кетіп, жер-дүние жаңарады. Халық арасында жылдың бұл мезгілін көкөзек шақ, деп те атайды. Әжелеріміз бен аналарымыз «ұзынсарыға», деп, сүрленген соғымның етін сақтап қояды.

Оқушылар жаңа сабақтан білгісі келетін сұрақтарды қояды.

Оқушылар «Түртіп алу»әдісі бойынша өздеріне таныс емес сөздерді белгілеп отырады.Сөздердің мағынасын ашып айтады.

Мәтінді тізбектей оқиды, әр бөлімнің мағынасын ашады.

Сұраққа жауап бере отыра мағынасын түсінеді.

Қ. Жұмаділов туралы қысқаша мағлұмат тыңдайды.

Талдау

8 минут

Сергіту сәті:

Аяқпенен топ-топ-топ,

Қолымызбен соқ-соқ-соқ,

Бір оңға, бір солға

Айналайық кел мұнда.

Қолымызды сілкейік,

Басымызды шайқайық,

Бір оңға, бір солға,

Айналайық кел мұнда.

Шығармашылық тапсырма:

Топқа тапсырма

Рөлдегі оқушылар «Кубизм»әдісі

Жазушылар тобы: Тірек сөздерді пайдаланып, шағын әңгіме құрау.

Ақындар тобы: өлең шығарады

Зерттеушілер тобы:

екі құмырадағы гүлдердің екі түрлі жағдайда өсіуіне себепші болып тұрған не екендігін анықтайды.

Баяндаушылар тобы:

Шұжық жасау жолымен таныстырады.

Өлеңді әнімен бірге айта отырып, іс-қимыл жасайды.

Әр топ өз жұмыстарын орындап қорғайды.

Жиақтау

3 минут

Бүгінгі сабағымыздан өзіңе не түйдің?

-Ұзынсары деген не екен?

-Әңгіменің авторы кім?

Сұрақтарға жауап беріп сабақты қорытады.

Баға-

лау

2 минут

Смайликтер арқылы топтарды бағалату.

Бағалайды

Рефлексия

3 минут

«Білім ағашы» атты стендке бүгінгі сабақтан алған әсерлерін гүлді стикерлерге жазғызып жапсырту.

Үй тапсырмасы:

Әңгімені түсініп оқу. Мазмұнын басшылыққа ала отырып ұнаған бөлігіне сурет салу.

Алған әсерлерін стикерге жазып «Білім ағашына» жапсырады.

Үйге тапсырма алады.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150695

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар