Өнегелі отбасы

10 қаңтар 2015 - Ритта Умержанова

Ән:

Әрқашан күн сөнбесін
Сөзін жазған Л. Ошанин Әнін жазған А. Островский
Аударғандар І.Мәмбетов, К. Ыдырысов

1. Күн әдемі, көк әлемі,
Бұл суреті жас баланың.
Ақ қағазға салған өзі,
Жазылған бар сөзі.

Қайырмасы: Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін,
Қасымда болсын мамам,
Болайын мен де аман.

2. Айрылмас дос, айнымас дос,
Бейбіт өмір керек елге.
Отыз беске біз келсек те,
Тұрар жүрек сөз есте.

3. Анда солдат, мында солдат,
Халық оқтан шошынады.
Сұм соғысты, кан төгісті,
Болдырмаймыз сәби үшін.

1.Әнді жақсы орындадыңдар. Ғажайып алма ағаштың тамыры тереңге кетті. Жемістерін көрсете қоямыз.

Ойланайқ, пікірлесейік.

— Балалар бәрәміз жайғасып отырып көзімізді жұмып, өзіміздің отбасымызды яғни тату тәтті жанұямызды көзіміздің алдына елестетейік. Бәріміз демалыс күні үйдеміз. Отбасы мүшелері түгел үлкен дастархан басына жиналдық. Әке, ана, ата, әже, іні, қарындас, апке, сіңілі деп ойлайық.

— Бәріміздің жүрегімізде қуаныш, бір –бірімізге сүйіспеншілік пен сыйластық пен қараймыз. Біздің қуанышты сәтімізге ортақтас, күн сәулесі де, үй ішіде жылы шуаққа бөлейді. Қандай тамаша, қандай қуанышты күн!

Ал енді балалар, көзімізді жайлап ашып, жүрегіміздегі сезімдерімізді бөлісейік.

(балалардың жауаптары тыңдалады)

Әр бала отбасы туралы суреттерді көрсете отырып әңгімелейді. (ата –анасының, бауырларының аты –жөндері, жақсы қасиеттері туралы айтып береді.

2.Ғажайып ағаштың тамыры ілінеді.

Мәтінмен жұмыс.

Өнегелі отбасы.

Аслан мен Арнұр он жаста. Олар мектепке барады. Мектеп олардың үйлеріне алыстау. Оларды мектепке атасы мен әжесі апарып алып келеді.

Мектепте оларға өте көңілді, достары да көп. Сонда да олар үйге жеткенше асығады, ойткені кешке барлық отбасы мүшелері үлкен дастархан басына түгел жиналады. Қызықты әңгімелер айтылады.

Күнделікті кешкі астан кейін атасы мен әжесі немерелерін «Күндерім», «құлыншықтарым», «ботақандарым» деп еркелете отырып ертегілер айтып береді.

Содан кейін олар ата –аналарының ақылдарын тыңдай отырып үлкендерге көмектеседі. Гүлдерге су қуяды, кітаптарын жинайды, өз киімдерін реттеп орындарына қояды да

Әкемізге еркелеп.

Анамызды тыңдаймыз.

Әжем айтар ертегі көп,

Атамызды сыйлаймыз. – деп әндетіп қояды.

Атасы мен әжесі немерелерінің ақылдылығына сүйсіне қарап. Айналайындарым үлкен азамат болыңдар! Өркендерің өссін деп баталарын береді.

Әкесі мен анасы да балаларының ақылды азамат болып өсіп келе жатқандарына қуанады. «Балапан ұяда не көрсе, соны іледі» деп, олардың тәрбиелі, ақылды, өнегелі отбасында тәту тәтті өсіп келе жатқандарына сүйсіне қарайды.

Сұрақтар:

    üБалалар, қалай ойлайсыңдар, бұл қандай отбасы?

    üОтбасында кімдер тұрады?

    üАтасы мен әжесі немерелерін қалай еркелетеді?

    üАслан мен Арнұр қандай балалар?

    üОлар үлкендерге қалай көмектеседі?

    üОтбасында сыйластық көріне ме?

    üАта, әжесінің берген баталарын естеріңе түсіріңдер.

    üАта, әжелерің сендерді қалай еркелетеді?

(балалардың жауаптары тыңдалынады, қорытындыланып, тамыр ілініп, жемістер пайда болады).

Тапсырма:

Экранға назар аударайық. Мұқағали Мақатев ағамыздың бір өлеңіне құлақ салайық.

Мұқағали Мақатев

Мен қарапайым қарттарды сүйем,

Не деген керім еді!

Не біледі осы жұрт не біледі?!

Бабалардың баласы – қариялар

Сиреп бара жатқандай көрінеді.

Сақалыңнан айналдым, қарт – бабалар,

Ұрпағыңа не айтасың артта қалар?

О, тірі шежірілер, қалдырыңдар,

Кәнеки, нелерің бар салтқа жарар?

Кәнеки, нелерің бар, Аталарым?

Ұрпағыңа ұран қып апарамын.

Сенімдеріңді сақтаймын, ақтаймын да,

Сендердің мұрагерің атанамын.

Осылай деп қарттардан қалап келем,

Өнеге, өсиетін санап көрем.

Санап көрем… тоймаймын… сұранамын,

Себебі мен де бір күн жауап берем.

Тапсырма:

«Себебі мен де бір күн жауап берем» деген жолды қалай түсінесіңдер? Өз ата –әжелеріңнің немесе, ата – аналарыңның өнегелі істерін әңгімелеп беріңдер.

(оқышылардың жауаптары тыңдалады), (тамыр ілінеді, алма ілінеді)

Сахналау.

Балалар, қазір біз мынандай тапсырманы орындау арқылы ғажайып алма ағашының тамырын тереңдетіп жемістерін көреміз «Туыстардың арасындағы қарым –қатынас»

І тапсырма: «Бізді бағып – қағу үшін анам мектепте еден жуушы болып жұмыс істейтін.

Бұл жағдай мені қатты ұялтатын. Бастауыш сыныпта оқып жүргенімде мені көруге келген еді. Ертеңіне досым: «Сенің анаң еден жуады екен ғой» дегенде, ұялғанымнан жерге кіріп кете жаздадым. Мұндай жағдайға түсіруге қалай ғана дәті барды екен? Анама «Мені осылай ұялтқанша, келмей –ақ қойғаның жақсы болар еді» дедім.

«Анаға ауыр сөз айтпа, атыңа ауыр жүк артпа» дегендей балалар, әр уақытта мына жарық өмірді бізге сыйлаған ананы ренжітпейік

(тамыр ілінеді, алма ілінеді).

Шығармашылық жұмыс

Сұрақтар:

    üАта –анаңа мақтаныш болар перзент сің бе?

    üОтбасында қандай ағасың, қандай іні, қандай қарындассың?

    üАғалыққа тұрарлық қандай іс –әрекеттер жасап жүрсің?

    üЛайықты іні болып жүрсің бе?

(тамыр ілінеді, алма ілінеді).

Жүректен жүрекке

Ата – ананың көзінен оның жан дүниесін көре білуге жастайымыздан үйренуіміз қажет, — деген сөзді Сухомлинский айтқан.

Өнегелі отбасы

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1130097

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар