Қош бол, құтты әліппем!

7 қаңтар 2016 - Маржан Ахмадиева

 

Қош бол, құтты әліппем!

 

Мақсаты:оқушылардың алған білімідерін, үйренген өнерлерін, жасалған жұмыс нәтижелерін қорытындылау. Әліппеге деген сүйіспеншілік сезімін тудыру. Өздерінің сауатын ашқан кітабы әліппеге байланысты өлең, тақпақтарын мәнерлеп айтуға үйрету, өзін-өзі бақылаумен зейін дағдыларымен нақтылай түсу.

1-жүргізуші:

Бүгін үлкен салтанат

Өтті оқу, сан сабақ

Оқулықпен достаспақ

Әліппемен қоштаспақ.

Әріптерді таныған

Өңкей білгіш балдырған

Өсті білім, бойларың

Құтты болсын тойларың!

2-жүргізуші:

Мерекеге қатысушы оқушыларды ортаға шақырайық.

Бірінші сынып тамаша

Көз тоймайды қараса

9 қыз, 8 ұл

Күнде түгел санаса.

1-жүргізуші:

Сабақтан ешкім қалмайды

Нашар баға алмайды

Білімдерін шыңдап,

Әр бала өнер таңдайды.

2-жүргізуші:

Бірі сүйіп спортты

Бірі сурет салады.

Талабы зор балалар

Өнерден орын алады.

1-жүргізуші:

Барлық ғылым анасы сүйікті әліппенің арқасында сауатты адам қатарына қосылды. Олай болса қымбатты әліппені ортаға шақырайық.

Әліппе:

Армысыңдар, жас достар

Армысыңдар, ата-ана

Болашаққа жол бастар

Әліппең келді ортаға

Білім деген ғажаптың

Әліпбиін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендермен

2-жүргізуші:

Сәлеметсіз бе, әліппе. Төрлетіңіз. (орындыққа отырғызу)

1-жүргізуші:

Сөзіме құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр әніміз.

Жанеркенің орындауында «Әліппе» әні.

2-жүргізуші:

Ал, балалар, әліппе жайлы не білесіңдер? Әліппеден не  үйрендіңдер ортаға салайық.

  • Жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, өлең, ертегі үйрендік. Енді кез-келген

кітапты оқи аламыз.

1-жүргізуші:

-Әліппе оқулығынан қанша әріп үйрендіңдер?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

«Сақиналарды жинау» ойынын ойнайық.

                                     А, Б, Ұ, О, Т, Ш.

Көрініс: «Кім неден күшті?»

Ахмедияр мен Айсұлтанның орындауында «Ақбұла» әні

2-жүргізуші:

Балаларжұмбақ жасырып,  «Кім білгір?» ойынын ойнайық. Көп алма жинап алайық.

 1.Тық-тық ұрып,

Шегесін қадап,

Мезгілді саған

Айтады санап.             (сағат)

2.Жазу жазып жалықпаған

Жаза-жаза арықтаған   (бор)

3.Алты  қырлы

Алтын сырлы    (қарындаш)

4.Қабат –қабат қаттама

Ақылың болса аттама         (қарындаш)

5.Үйреткен ілімді

Қырық екі білімді             (алфавит)

6.Өшірді сүртті

Өзгені құртты

Өзінде құртты      (өшіргіш)

Әлібектің орындауында ...

1-жүргізуші:

«Адасқан сөздер» ойыны. Сөздерден сөйлем құра.

Қар, жауды, қалың.

Тепті, балалар, сырғанақ.

Жасады, аққала, қардан.

Дильназдың орындауында «Қошақан» әні

2-жүргізуші:

Иә, бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені сендер тұңғыш сауаттарыңды ашқан әліппені бітіріп, қоштасқалы отырсыңдар.

Жансая:

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпті

Оқимыз қазір ертегі

Үйреткен оны –Әліппе.

Балауса:

Әліппем, менің әліппем

Сені қолға алып мен

Есігін аштым білімнің

Ертеңгі сәуле жарықпен

Әнел:

Енді біз жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің әліппе

Аянат:

Бар кітапқа бас болған

Әліппе – ғылым анасы

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы

Жасмин:

Бар білімнің бастауы

Бар ғылымның бастауы

Жас балаға нұр шашқан

Әліппе кітап тіл ашқан

Еңлік:

Үйретеді әліппе

Қырық екі әріпке

Сөз, сөйлем құрап әріптен

Үйретті бәрін әліппе

Әсел :

Әліппем менің әліппем

Өмірді келем танып мен.

Қайталап айтам мың рет

Өзіңе көп-көп рахмет

Дильназ:

Оқуды көп ойладық

Қызығына тоымадық

Әріптерді үйреніп

Сауа аштық тойладық

Жанерке:

Барлық әріп бағалы

Айттық әділ бағаны

Әріпсіз сөз болмайды

Буын онсыз толмайды

 

Ұлдардың орындауында «Боз жорға» биі

1-жүргізуші:

Балалар, әліппеден басқа қандай пәндерді сүйіп оқисындар?

 «Бинго» ойынын ойнайық

2-жүргізуші:

Мың бұралған Әсел тұр билей басып

Келеді міне ортаға толқып, тасып

Аруларын сыйлаған халқым менің

Қарсы алайық, бишімізді құшақ ашып.

Әселдің орындауында үнді биі

Әліппе :

Балалар, сендер мені жақсы игеріпсіңдер, мен сендерге ризамын. Өнерлі, білімді екенсіңдер. Болашақта да осылай оқыңдар. Білім жолында жолдарың болсын. Сау болыңдар.

Флешмоб би

1-жүргізуші:

Барына риза болсын көрермендер

Үйренгенді көрсеттік бүгін біздер

Осымен қоштасуды тамамдайық

Алдымызда көбейсін нұрлы күндер.

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышСәлем саған, Алтын күз!

БастауышЬ дыбысы мен әрпі

БастауышБір уыс мақта

БастауышСауат ашу. Ы дыбысы мен әрпі

БастауышСауат ашу.Тақырыбы: Балабақшада. Әңгіме құру.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084936

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар