Құстар айтысы (Үнді ертегісі)

Сабақтың мақсаты:

1. Балаларды ертегі мазмұнымен таныстыра отырып, ертегідегі негізгі ойды, идеяны ұғындыру. Ой қозғау страрегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйрету, топпен жұмыс жүргізу барысында оқушыларға өзіндік жұмыс жасай білулеріне,өз бетінше ізденуге үйрете білу және сөздік қорларын молайту.

2. Өткен сабақтарда алған білімдерін бір жүйеге келтіру, түсініктерін ары қарай дамыту

3. Құстарды қорғауға, табиғатқа қамқорлықпен қарауға, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу,

Сабақтың әдісі:Сын тұрғысынан ойлау, топтастыру, дамыту картасы, болжау әдісі.

Сабақтың көрнекілігі:Құстардың суреттері, интерактивті тақта,, оқулық, кітапшалар.

Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дүниетану, өзін-өзі тану, сурет,қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Оқушылармен сәлемдесу, жағдайларын сұрау.

-Балалар, көңіл күйлерің қалай?(бас бармақ арқылы көңілдерін білдіру)

-Сәлем саған, күннің көзі!

-Сәлем саған, ашық аспан!

-Сәлем саған, табиғат!

-Сәлем сізге, мұғалім!

-Сәлем, менің достарым!

II.Үй тапсырмасына шолу жасау.

1.Әңгіменің авторы кім? Ол туралы не білесің?

2.Бала Ермекті өнерге, әнді түсінуге жетелеген кім?

Қалайша?

3.«Әннің жақсысы да жаманы да тыңдаушысынан»деген пікірмен келісесің бе?

4.Өзің үйден қандай ән тыңдап келдің? Әннің сөзін, әуенін жазған кім екен?

Сергіті сәті: «Кім жылдам?» ойыны (құстар жайлы жұмбақ жасырылады.

Мысалы: Сайрайды бір талмайды

Әнші құс бал таңдайлы.

(бұлбұл)

Оқушыларды стиктер көмегімен үш топқа бөліп алу.

III.Жаңа сабақ.

1.Қызығушылығын ояту.

Ойын: «Кім жылдам?»

Жыртқыш құс (қыран)

Қандай құс жемін түнде аулайды (жапалақ)

Қонақ шақыратын құс(сауысқан)

Құстардың үйі (Ұя)

Оман дәрігері(тоқылдақ)

Әнші құс (бұлбұл)

-Жарайсыңдар, балалар.

2.Тақтаға — қарға, торғай, кептер суреттері ілінеді.

Оқушылар осы құстарға сипаттама береді.

Құстар суреті

-Өзіміз болжап көрейікші, бүгінгі сабағымыз не туралы болады деп ойлайсыңдар?

-Құстар туралы.

-Неліктен? Тағы не болуы мүмкін?/Құстар туралы ертегі болуы мүмкін/.

-Жаңа сабағымыз «Құстар айтысы» деп аталады.

Үнді ертегісі.

2.Оқулықпен жұмыс.

а/Мұғалімнің оқуы. «Құсбегі» сөзін түсіндіру.

ә/Ертегіні 3 топқа бөліп іштей оқыту.

б/Әр топқа дауыстап тізбектей оқыту.

в/Ертегі мазмұнын баяндау. 3 топтан 3 оқушы шығады.

г/Сұрақпен жұмыс. Ертегі талдау.

-Құстар тордан қалай құтылмақ болды? Құсбегі тордағы құстардың айтысатынын қайдан білді? Тор неліктен жерге салбырап түсе бастады? Құс аулаушы торды не істеді?

IV.Жаңа түсініктер мен іс әрекеттерін қалыптастыру.

3. Сын тұрғысынан ойлау. «Т» кестесімен жұмыс.

Өздеріне ертегіден әсер еткен тұсты оң жағына, сол жағына өз пікірлерін жаздыру.

1-топ

Ертегіден маған не әсер етті?

Ертегі жайлы пікірім

2-топ

Ертегіден маған не әсер етті?

Ертегі жайлы пікірім

3-топ

Ертегіден маған не әсер етті?

Ертегі жайлы пікірім

V.Жаңа түсінікті тексеру.

Осы ертегіні оқу барысында қандай көркем сөздер қолданылған? Ынтымақ, алауыздық, енжарлық –осы сөздердің мәндес сөздерін үш топқа тапқызу.

1-топ

«Ынтымақ»сөзін қалай түсінесің?

2-топ

«Алауыздық»сөзін қалай түсінесің?

3-топ

«Енжарлық»деген сөзді қалай түсінесің?

-Осы сөздер ертегінің қай жерлерінде қолданылған?

VI.Жаңа сабақты бекітуге арналған тапсырмалар:

(ойтолғаныс)

-Балалар, осы ертегі неліктен «Құстар айтысы»деп аталған?

Бұл ертегіні басқаша тағы қалай атауға болады?

Неліктен?

А) Таласқан құстар.

Ә)Құстар мен құсбегі.

Б)Тордағы құстар.

-Әрі қарай болжам жасап көрейікші, құсбегі тордағы құстарды не істеуі мүмкін деп ойлайсыңдар?

-Бүркітке жемтік ретінде беруі мүмкін…

-Базарға сатып, ақша алуы мүмкін…

-Асырауы мүмкін…

-Балалар, осы ертегі ертегінің қай түріне жатады?

(жан-жануарлар)

VII.Жаңа сабақты қорытындылау.

Құстар

Торға түсті

Әр түрлі болды

Ақылдасты

Қанаттарын бірге қақты

Тормен бірге ұшты

Айтысты

Жанжалдасты

Осы ертегінің негізгі ойын қандай мақалмен қорытындылауға болады?

«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді».

«Бірлік болмай, тірлік болмас».

Ынтымақты ел озар.

VIII.Үй тапсырмасы:

Ертегіні түсініп, ролге бөліп оқу.

Ынтымақ, бірлік туралы ертегі қарау.

IX.Бағалау.( смайликтер арқылы бағалау, мақтау)

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышБАСТАУЫШ СЫНЫПТАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

Тәрбие жоспарыТәрбие сағаты

БастауышСанды 7-ге көбейту және бөлуді қайталау

БастауышҰлттық киімдер. Тымақ тігу.

БастауышЛогика -қисынды ойлау

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1084910

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар