«Төрт түлік туралы жырлар. Қой"

9 маусым 2015 - Тогжан Джанбирова

Әдебиеттік оқу. 2 сынып.

Сабақтың мақсаты:

1. Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі – төрт түлік мал, оның ішінде қойдың ерекшелігіне тоқтала отырып тақырыптың мазмұнын ашу.

2. Сөздік қорын, дүниетанымын, ой-өрісін дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.

3. Еңбекті сүюге, төрт түлік малды қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері: Сұрақ-жауап, өзіндік ізденіс, шығармашылықпен жұмыс, т.б.

Сабақтың көрнекілігі: интерактиті тақтаға енгізілген суреттер, сызба,, слайд.

Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру.

2. Өткен сабақты сұрау.

а) Ертегі: Шибұт, Қылмойын, Қарынбас. (3-4 оқушыдан сұралады).

(1-3 слайдтар)

ә) Абай «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарнын тіленбей».

3. Жаңа сабақ: — Біздің ата-бабаларымыз да еңбекпен күнелткен. Қазақ халқыныңұлттық кәсібінің бірі – мал бағу екенін білесіңдер. Жазғы каникулда ауылға, ата-әжелеріңе барғанда көрген боларсыңдар.

— Төрт түлік малды кім атап береді?

Мұғалім: — Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

«Төрт түлік мал туралы жырлар. Қой» (5 слайд)).

Мұғалім: Төрт түлік туралы жырлар да ертегілер сияқты ауызша жеткен халық шығармаларының бірі.

Сұрақтар: 1. Төрт түліктің төлдерін атаңдар.

2. Төрт түліктің пірлерін атаңдар.

3. Төрт түлік қалай дыбыстайды.

4. Төрт түлікті қалай шақырамыз.

5. Ата-бабамыз неліктен осы кәсіпті таңдаған екен?

4. – Төрт түліктің біріне байланысты жұмбақты кім табар екен.

Жұмбақ: Кішкене ғана бойы бар,

Айналдыра киген тоны бар. (қой)

Қой – төрт түліктің ішіндегі ең жуасы. Қойдың еті, жүні, терісі пайдалы. Жүнінен киіз басады, киім-кешек, шидем тоқиды. Майын емге пайдаланамыз. Терісінен тон тігеді. Пірі – Шопан ата. Қойды пұшайт-пұшайт деп шақырамыз.

5. Оқулықпен жұмыс: «Қой» өлеңін оқыту.

Сөздік жұмысы:

Қозысымен жамыраған.

Ақ шағала құрты бар.

Шидем – қой жүнінен тоқитын сырт киім.

6. Сергіту сәті: Ұйқасын тап.

1)Менің атам бақты оны

Үстінде бар ақ тоны.

Ол не? – Төлдің бозымы.

Білемін ғой…

2)Ащыдан басқа жемейтін,

Ыстық шөлде отаны.

Шөлдесе «су» демейтін,

Кім біледі…

3)Өнері бар сан қилы.

Тастан тасқа қарғиды.

Ол не? – Шұнақ құлақты

Білемін ғой…

7. Сызбамен жұмыс: «Күн шұғыласы» ойыны. (6слайд)

жүні терісі

Қойдың пайдасы

еті майы

8. Тақырыпқа сәйкес мақалды тап.(7 слайд)

1. Қойшы көп болса,

Қой арам өледі.

2. Мал өсірсең қой өсір,

Өнімі оның көл көсір.

3. Қойдын сүті қорғасын.

Қойды ұрған оңбасын.

9. Шығармашылық жұмыс. Өлең құрастыру.(8 слайд)

________________ дала

________________ бала

________________ жазым

________________ қозым.

10. Сабақты қорытындылау: — Не үйрендік? Не білдік?

11. Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: «Қой» өлеңін жаттау, № 5 тапсырмалар.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1141159

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар