«Толағай» отбасылық сайысы

20 мамыр 2014 - манат Тәжит
«Толағай»  отбасылық  сайысы

Қарағанды қаласы

№ 6 жалпы білім беретін орта мектебі

Тәжит Манат Жанатқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Тақырыбы: «Толағай» отбасылық сайысы

Мақсаты: Спортық ойындарды ойнай отырып спортқа қызығушылығын арттыру. Салауатты

өмір сүруге тәрбиелеу. Шапшаңдыққа, ептілікке баулу. Мектепке ата- аналарды тарту.

Көрнекілігі: Шарлар, газеттер, тақпақтар. медальдар, грамоталар.

Керек құралдар: шарлар, қаптар, кедергілер, үлкен доптар, скакалкалар

Өтілетін орын: Спорт зал

Барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі

Манат . Армысыздар, бармысыздар!

Медет. Қош келдіңіздер, ұстаздар, ата-аналар және барша сайысты тамашалауға келген көрермен қауым.

Манат. Бүгінгі бастауыш сынып оқушылары және ата-аналар арасында «Біз салауатты өмірді қолдаймыз» атты ұранмен өткізгелі отырған «Толағай» отбасылық сайысын бастауға рұқсат етіңіздер!

Медет. Манат, сен бұл сайыс туралы білесің бе?

Манат. Негізі теледидардан талай рет тамашалап, өзім де қатысуды іштей армандағанмын.

Медет.Онда сайысымызды бастамас бұрын бағдарламаның мақсатымен таныстырып кетсек қалай болады?!

Манат. Жарайды, айтсақ айтайық (таныстыру).

Медет. «Толағай» отбасылар сайысы еліміздің барлық аймақтарынан келетін отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама.

Манат. Сайысқа төрт отбасы қатысады. Әр отбасы жеке топты құрайды. Топ мүшелерінің саны төртеу. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

Медет. Тәлімді-тәрбие әр отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ-ұлт болашағы болады. Әр отбасында ата-ана шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді.

«Спорт-денсаулық кепілі» десек, « Толағай» отбасылар сайысы отбасылық тәрбие мен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отырған шара.

Манат.

Олай болса, әркімге рухани және мәдени мереке сыйлайтын сайысымызға қатысқалы отырған жанұяларды ортаға шақырайық.

Медет. Ақ түсті жиекке орналасатын 1 А сыныптың сайыскері отбасынан құралған «Оспановтар » отбасы тобы. -Ұранын айту-

Манат. Қызыл түсті жиекке 1 Ә сыныптың сайыскері отбасынан құралған « Серіковтер » отбасы тобы орналасады. -Ұранын айту-

Медет. Жасыл түсті жиекке 4 А сыныптың сайыскері отбасынан құралған «Камеловтар отбасысы тобы орналасады. -Ұранын айту-

Манат. Көк түсті жиекке 4 Ә сыныптың сайыскері отбасынан құралған « Жандәулетовтер » отбасысы тобы орналасады. -Ұранын айту-

Басталды сайысымыз бүгінгі күн

Айырар әділқазы үздігі кім.

Бақ сынап алдыңызға келіп тұр ғой

Қарсы алайық топтарды қошеметпен.

Медет. Сайысымыздың негізгі арқауы болып отырған жанұялар тобының аяқ алысын бағалау үшін шақырылған әділ қазылар алқасы құрамымен таныс болыңыздар:

Манат. Мектебіміздің дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі спорт жанашыры көптеген шәкірттері спорттық додаларда бәйге алған игі шаралардың бастауы болып жүрген – Уразов Жарылғасын

Медет.Тәрбие мен тәртіптің тірегі, тәрбие ісі жұмысының меңгерушісі-Тойбекова Анар Мухсиновна.

Манат.Сайысымыз 5 бөлімнен тұрады. Ал әділ қазылар алқасы әр бөлімнен кейін бағасын беріп, сараптама жасап отырады.

Медет. Бәйгені ат жаратып шапқан алар,

Олжаны жатқан емес, тапқан алар,- деп сайысқа қатысушы отбасы топтарына«Ақ жол!» тілейік, ағайын.

Ал ендеше сайысымыздың бірінші бөлімі Эстафета деп аталады.
Шарты: Эстафеталық таяқты алдымен әкелер кедергілерден өту арқылы аналарға ұсынады, ең соңғы болып балалар кедергілерден айналып жүгіреді. Шапшаңдық танытқан топ жеңіске жетеді.

Екеуі.Сайыскерлер дайынбыз ба, бір, екі, үш. Алға!

Манат: Сайыстың тұсаукесер ойынына беретін бағаларыңызды көрсетсеңіздер.

Ойыншылардың кемшілігі мен қателіктерін айтып, ұпайларға сараптама жасап кетсеңіздер біреуіңіз.

Келесі сайысымыз Қаппен секіру деп аталады?

Шарты: Қапты алғашқы боп әкелер киіп секіреді, келесі балалр секіреді, ең соңғы боп ойынды аналар аяқтайды. Екеуі. Сайыскерлер дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!

Сайыс барысындағы жетістік пен қателіктерге түсінік беріп кетсеңіздер.

Жалпы ұпай саны нешеу болды екен?

Манат. Рахмет. Келесі үшінші бөліміміз Көпсайыс

Шарты: Ойынды аналар скакалкамен секіріп бастайды, межелі орынға жеткенде балалар да бақа сияқты секіріп анасының қасына барады, ал әкелер өрмекші жүрісі бойынша анамен баланың жанына барып, әке мен шеше баланы қолдарына отырғызып өз орнына қайтып оралуы қажет.Екеуі. Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!

Медет. Қазылар алқасы бағалап жіберсек. Бағаларға түсініктеме беріп кетсеңіздер.Жалпы ұпай саны қанша болды екен?

Ал, келесі сайысымыз Доппен секіру.

Шарты: Допты екі аяқтың ортасына қысып алып межеге дейін және кері қарай сол күйінде қайтып келіп отбасының келесі ойыншысына ұсынады.

Отбасының ересектері шарды баспен секіртіп кедергілер арасымен айналып жүріп келуі тиіс. Ал балалар шарды үріп жүріп кедергілерден айналып келу керек. Екеуі.Дайынбыз ба? Қалыспа, Дайындал! Алға!

Сараптама жасап кетсеңіздер.Жалпы ұпай саны қанша болды екен?

Манат.Рахмет.Келесі сайысымыз Арқан тартыс

Бұл ойында алғаш боп 4 сынып отбасылары тартысады, 1 сыныптар өзара арқан тартады. Жеңген топтар өзара сайысады..Әрі жылдамдық,әрі шеберлік және ептілікпен күш жігерді талап етеді бұл ойын. Дайынсыздар ма? Екеуі.Бір, екі,үш.Алға!

Медет. Соңғы сайысымыздың ұпайларыменберсеңіздер.

Қорытынды:

Манат.Таңданайық спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық!-дей келе байқауымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік.Олай болса, бүгінгі сайыскер жанұяларды мадақтау үшін сөзді әділ қазылар алқасына береміз.(Сыйлықтар ұсыну)

«Толағай» әнін хормен шырқау.

Манат. Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше
Осымен Толағай сайысы аяқталды.

Медет. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1151077

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар