Құттықтаймыз бәріміз! М. Жаманбалинов

12 қаңтар 2015 - Жангулим Максутова

Сабақтың тақырыбы: М. Жаманбалинов Құттықтаймыз бәріміз!
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Қыс мезгілі туралы түсінік қалыптастыру, ақын туралы түсінік
беру. Мәтінің негізгіойын анықтай алады, қыс мезгілі туралы
толық мағлұмат алады.
Дамытушылығы: Мәтінің мазмұнындағы негізгі ойды анықтау, қыс мезгілі
туралы толық мағлұмат алу
Тәрбиелігі: Үлкен азамат, азаматша болып өсуге тәрбиелеу. Алдарына үлкен
мақсат қоя білуге тәрбиелеу
Көрнекіліктері: автордың суреті,
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлеметсіздер ме балалар?
Отырыңыздар кезекші кім бүгін? Сабақта түгенбіз бе?
Қазір қандай пән болады?
-әдебиеттік оқу
Психологиялық дайындық Жүректен жүрекке жылу сыйлау
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге қандай тапсырма берілді?
-Бейбіт Қойшыбаевтың «Уәде» мәтіні
Кім сабаққа дайындалып келді?
-Жарайсыңдар!
Үй тапсырмасын қортындылау.
1. Айнұр апасына неге көмектесті?
2. Апасына қандай шаруа жасап көмектесті?
3. Апасына Айнұр қандай уәде берді?
4. Айнұр қайда жиналды?

5. Ол далада немен айналысты?
6. Айнұр неге үйіне ентіге кірді?
ІІІ. Жаңа сабақ
III.Жаңа сабақты меңгерту.
YI. «Бірге ойлаймыз» әдісі бойынша Сөзжұмбақ шешу
1.Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (қар)
2.Есіктен кіреді еңкейіп,
Төрге шығады қампайып( аяз)
3.Отқа жанбас, суға батпас (мұз)
YII.Сызбаға сүйене отырып Жаманбалинов Мүбәрактің өмірбаяны туралы қосымша білім беру.


Жаманбалинов Мүбәрак (1924 – 2010) Ақынның балалық та, жастық та шағы қазақ елінің басына не бір нәубет төнген жылдарға тұспа-тұс келген. 1924 жылы 7 қарашада Павлодар облысы, Железинка ауданының Тәттімбет ауылында дүниеге келген, балалық және жастық шағы аштықтың зардабынан босып көшкен ата-анасымен бірге 1931 жылы Новосібір облысына көшіп кетеді. «1934-1937 жылдар аралығында Қазақстанға көшіп келіп, қайтадан Сібірге қоныс аударды. Қазақ мектебінде екі-ақ жыл оқиды. Әкем — Кәрім икемді жан еді. «Маған тақпақтарды көп жаттататын, өлең жазудың құпиясын да үйреткен. Көбінесе арнайы тақырып беріп, өлең жаздырып, тыңдауды ұнататын», — деп жазады ақын Мүбәрак Жаманбалинов. Ауданда 8 класты бітіріп, 1939 — 1941 жылдары орта ауылшаруашылық Ординск мектебінде оқиды. Машина трактор стансасында учаскелік агроном болып жұмыс істейді. Бала кезінен әкесінің талабымен өлең-ертегілерді жаттап өскендіктен өзі де өлең құрастыруға қара жаяу емес жас мұғалім еңбек жолын шабытпен бастапты. Ақынның таңдамалы өлеңдерінің бір томдығы алғаш рет 1974 жылы «Балғын гүлдей балақан» деген атпен балаларға арналған өлеңдерінің таңдамалары жарыққа шықты. Бұл кітапта тұңғыш өлеңдер жинақтары енгізілген. Мысалы: «Айна бұлақ» (1956 ж), «Сәлем» (1962 ж), «Ертіс лебі» (1963 ж), «Кішкене достарға» (1965 ж), «Менің інім» (1970 ж), «Батыр ұстаз» (1972 ж). Жазушы М. Жаманбалиновтың өлеңдері табиғатқа, жыл мезгілдеріне, анасына, ұстазына, оқуға байланысты болып жазылған. Ақынның өлеңдері қырғыз, түркімен, өзбек, латыш тілдеріне аударылған. Мүбәрак Жаманбалиновтың «Жауқазын» атты таңдамалы жинағына өлеңдер, поэмалар, ертегі-аңыздар, мысалдар, жұмбақтар, жаңылпаштар енгізілді… Қарапайым, сабырлы, ақкөңіл, жеке басының кісілігімен, жүрек жылуымен төңірегін нұрға бөлеген ардақты азамат — ақын Мүбәрак Кәрімұлы Жаманбалиновтің еңбегі лайықты бағаланған. 1958 жылы КСРО Журналистер одағының, 1970 жылы КСРО Жазушылар одағының мүшелігіне қабылданды. 1987 жылы Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген мәдениет қызметкері құрметті атағына ие болды
YIII. Өлеңмен жұмыс
1) Өлеңді таныстыру
2) Мазмұны түсіндіру
3) Өлеңді жеке жеке тізбектеп оқыту
X. Сабақ қортындыланды.
Суретпен жұмыс. Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?
Күннің жадын қайрайықшы нешесі делінген?
Бала немен айналысып отыр?
Ақын жаңа жылдан қандай жақсылық күтеді?
Жаңа жылдың алдында қандай мақсаттар тұр?
Жер бетіндегі адамзатқа құттықтау сөз жазыңдар.
Үйге тапсырма. Өлеңді мәнерлеп мерекелік көңіл күймен оқу. Жер бетіндегі адамзатқа құттықтау сөз жазу.
Бағалау.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1129997

Пікірлер (2)
Таланттар мектебі # 12 қаңтар 2015 в 14:36 +1
"Қыс мезгілі туралы түсінік қалыптастыру",... "қыс мезгілі туралы толық мағлұмат алу"... деген сөздерді түсіне алмадым кешіріңіз. Сәл жеңілдеу мақсат сияқты ма, поэзиядан аларымыз осы ғана болмақ па,... мен түсіне алмадым, кешіріңіз.
Жангулим Максутова # 14 қаңтар 2015 в 02:50 +1
Мына сайтқа сабағымның мақсаттын талқылау үшін жазғаным жоқ. Өзім секілді әріптестерім керегі болса жүктеп алсын деп жарияладым. Қыс мезгілінің де құпия сырлары бар. Біреу білсе, біреу білмес. 2 сыныптың оқушылары екенінде ескеру қажет.

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар