Үш амалмен шығарылатын қосу және азайту, көбейту.

2 ақпан 2015 - Балжан Базилбаева

Тақырыбы: Үш амалмен шығарылатын қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарына берілген есептер.

Мақсаты: 1.Үш амалмен шығарылатын қосу, азайту, көбейту, бөлу амалдарына берілген есептер шығаруға үйрету.

2.Есеп шығару арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа, жылдамдыққа, белсендікке тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ.

Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, өздігінен жұмыс істеу.

Көрнекілігі: арнайы суреттер, кестелер, схемалар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сабаққа даярлық,, түгендеу.

2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

— Балалар, бүгінгі сабағымызға күндегіден ерекше сабақ.Сабағымызға қонақтар келіп отыр.Қонақтармен салемдесіп алайық.

Жақсы оқып сабақты

Әдеп сақтау сәніміз

Сәлем бердік сіздерге

Басты иіп бәріміз

3. Психологиялық дайындық.

Математика керек әр күнге,

Математика қажет өмірде

Математиканы оқимыз

Миымызға тоқимыз

-Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін

Математика – Абай атамыз ғалымдар патшасы деген екен. Яғни, математиканы білсек барлығын да білеміз екенбіз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау: 4 оқушыға оқыту.

№ 6.(балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)

ІІІ. Өткенді бекіту: (ауызша)

4 8 = 32 9 ∙ 2 = 18 4 ∙ 9 = 36 3 ∙ 4 = 12

32: 8 = 4 18: 2 = 9 36: 9 = 4 12: 4 = 3

72: 9 = 8 64: 8 = 8 36: 4 = 9 81: 9 = 9

Бүгінгі күнді жазу, көркем жазу 44,45

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Ү. Жаңа сабақ:

-Балалар бізге аңдарда қонаққа келіп отыр.

— Бүгінгі біз жаңа сабағымыз, үш амалмен

шығарлатын қосу, азайту, көбейту,

бөлу амалдарына берілген есептер. Үш жолмен шығарамыз.

Балалар кітапты ашып 1 есеп қарайық.

3

9

?

?

?

Есептің шығарылуын түсіндір.

Шешуі: (3 9 + 8): 5 = 35: 5 = 7

Жауабы: 7 қорап қажет.

Енді, балалар аңдардың алып келген тапсырмаларын орындайық.

Бірінші қай аң тапсырма алып келіпті.

-Арыстан бізге алып келген тапсырмасын орындайық.

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан

Математикаға орын берсең басыңнан

Барлық ғылым соған үйір болады

Досың солар табылатын қасыңнан

(2 оқушы шығып тақтаға есепті шығарады)

№ 2. Есептер құрастыр және оларды шығар.

Болды – 400 кг.

Жұмсалды – 3қап 50кг және Шешуі: 3·50 = 150

4·25 = 100

150+100 = 250

400-250 = 150

4 қап 25кг Жауабы: 150 кг ұн қалды.

Қалды —?

№ 2(2).

Жиналды —? Шешуі: 8·12 = 96

96+56 = 152

Жіберілді – 8 қорап 12 кг Жауабы: барлығы 152 кг кәмпит

Қалды – 56 кг

2.Жолбарыстың тапсырмасын орындап көрейік

Ал, достарым, келіңдер,

Біріңе – бірің еріңдер

Біліміңді тексеріп,

Амалды орындап көріңдер.

2. Амалды орында:

(18+12):6+5 = 30:5 = 6+5 = 11 8·3·6 =24·6 = 144

120-(49+32):9 = 81:9=120-9 = 111 56:7·12 = 8·12 = 96

6·(30-17)+22 = 13·6= 78+22 = 100 8·50·2 = 400·2=800

Сергіту сәті.

3.Тапсырма қасқырдың тапсырмасын орындайық.

Кел, балалар, ойнайық!
Ойнайық та ойлайық
Қандай есеп болсада,
Шешпей оны қоймайықБарлығы — ?, 3 құмыраға бөлінді шешуі. 4·2 = 8

7+8=15

15:3 = 5л

2 құмырадан — 4 л алынды Жауабы: басында 5 л- ден құйылды.

қалды – 7 л.

4.Келесі аң түлкінің тапсырмасы.

Қане тәртіп сақтайық

Тез есептеп аттайық

Алға қадам басқанда

Батылдықпен аттайық

№ 5.

Жинады — 140 кг қызанақ пен баклажан Шешуі 20+32 = 52

140-52 = 88

88:2 = 44

Сатты – 20кг қызанақ пен 32 кг баклажан 44 + 20 = 64 (кг қызанақ)

Болған —? кг қызанақ пен баклажан 44 + 32 = 76 (кг баклажан)

Жауабы: 64 кг қызанақ пен 76 кг баклажан болған.

5.Енді, қоянның тапсырмасы көрейік.

Көп білетін оқушы

Тақта алдына келеді,

Теңдеулердің шешімін

Дұрыс тауып береді

Теңдеуді шеш:

х = 50+25 х:4 = 7·2 42:х = 56:8

5·х=50+25 х:4=14 42: х=7

5·х=75 х=14·4 х=42:7

х=15 х=56 х=6

5·15=50+25 56:4=7·2 42:6=56:8

75=75 14=14 7=7

6.Тиіннің тапсырмасын орындап көрейік.

Өздік жұмыс. Өрнектердің мәнін тап.

(608 – 125) + (547 – 398) = 483 + 149 = 632

812-(437+256)+164 = 812-693 = 164+119 = 283

7. Аюдың тапсырмасы орындап көрейік.

Есепті түрлі- түрлі шығарамыз,

Арасында ойын ойнап жарысамыз,

Ойға орамалымды, қиын сұрақ бәріде бар.

Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.

Логикалық тапсырмалар

1. 1 жұмыртқаны қайнатуға 3 минут кетсе, 5 жұмыртқаны қайнатуға неше минут кетеді? (3 минут)

2. Бір сағатта неше минут бар?

3. Бір аптада неше күн бар?

4. Бір жылда неше ай бар?

5. Екі аяғымен түрегеп тұрған адамның салмағы 50кг, бір аяғымен тұрған адамның салмағы неше кг? (50)

6.Жанұяда 3ұл бар. Әр ұлдың 1 әкесі бар. Жанұяда неше адам бар?(4)

7.Төртеуі 4 сағат шахмат ойынын ойнады. Әрқайсысы қанша сағат шахмат ойнады?(4 сағат)

Рефлексия.

1.Бүгінгі сабақта не білдік, не үйрендік.

2.Сабақ ұнады ма?

3. Несімен ұнады?

ҮІІ. Бүгін не білдік?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: № 7, 214 бет.

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышҮш таңбалы сандарды қосу және азайту.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147850

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар