Қыз еркем, қылығымен көркем

4 сәуір 2015 - Рыскүл Ыбырайқызы

Ақмола облысы

Целиноград ауданы

2 Қосшы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Ыбырайқызы Рыскүл

«Қыз еркем, қылығымен көркем!»

Білімділік: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін — өзі ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.

Жүргізуші: Құрметті Ақ жаулықты аналар,ұлағатты ұстаздар, сұлу арулар! Сіздер 8- Наурыз Халықаралық аналар күніне арналған «Қыз еркем, қылығымен көркем!» атты мерекелік кешке жиналып отырсыздар. Мектепалды даярлық «Д» тобының балаларымен өткізілетін мерекемізге қош келдіңіздер!

Жүргізуші:

Армысыздар ақ тілекті аналар мен әжелер,

Ертегімен өмірімді әсемдер.

Мерекеңмен аялаған аналар,

Бір өзіңнен бар қуаныш таралар.

Шуақ шашқан алтын көңіл арулар,

Дарын боп өнерменен қарулан.

Жүргізуші.Алдарыңызда біздің топтың жігіттерін қарсы алыңыздар!

Біздің арқа сүйер ұландарымыздың асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тақпақтарына кезек берейік:

Тақпақтар

1.Мұратқан

Той пердесін ашайық

Тойға шашу шашайық

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын ашайық.

Қандай қызық көктемде

Күн шуағын төккенде,

Гүл тереміз алуан

Шығып алып көк белге.

2.Жарас

Еркелеткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін.

Еркелеткен біздерді,

Еркіндеткен біздерді

Анамызға мың алғыс

Адал бол деп балдырған

Әділдікке баулыған

Жүрегінде мархабат

Анамызға мың алғыс

3.Мейіржан

Жүре берсем қасымда

Әйбат анам әй анам

«Ботам» деген даусыңнан

Мен мәз болып оянам.

Еркелесем күлімдейті,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан сипап мені

Құлыншағым күнім дейтін

4.Дулат

Ұлым ұлым дейсің де

Ұрысумен ұстайсың

Күнім, күнім дейсің де

Үйде отыр деп қыстайсың

Жаным, жаным дейсің де

шапалақтан аласың

Өкпелер ем өзіңе

Әттең тәтті мамамсың

5.Хамза

Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен басиеміз

Бөбегіңнің сыйлығын

Қабыл алшы анашым

Ұзақ өмір жүз жасап

Ауырмашы анашым

Жүргізуші: Анамыздың анасы, әкеміздің анасы әжелерге арналған тақпақтарды қабыл алыңыздар

6.Сардар

-Алло, әже? Мерекеңізбен құттықтаймын. Айтатын әнім бар, беретін гүлім бар. Әжетай сені жақсы көрем. Әже сізді қатты сағындым. Жаз болсын, бар сыйлығымды алып барамын.

Жақсы көреді әжелерін,

Ойыншықтар де әпереді.

Мектепке де әкеледі,

Жақсы қандай әжелерім.

7.Дарын

    Өзің мені өсірген

    Айналайын ақ әжем

    Тентек болсам кешірген

    Ауырмашы, ай әжем

    Әже деген көп шығар

    Әжемдей менің жоқ шығар

    Мейірімді бұл кісі

    Қандай ғажап күлкісі

8.Дінмұхаммед

    Тірегі болып жанында

    Бірге еріп жүремін

    Жанашырым жанымда

    Тек әжем деп білемін

    Ақ әжемді арқашан

    Сыйлап жақсы көремін

    Қуантайын деп оны

    Өлең айтып беремін

9.Ернияз

Әжем менің әйбат

Оған ешкім жетпейді

Күні бойы бірге ойнап

Жанымнан бір кетпейді.

10.Альтаир

Мәпелейді, әлдейлейді бағады,

«Құлыным» депқұшағына алады.

Өзгеге де, өзіне де жауапты,

Барлығына қалай уақыт табады?

Ал енді ұландарым, мейрамымыздың иесі қыздарымызды ортаға алып келіңіздер

«Қыз сыны» әнімен қыздар ортаға шығады.

1.Жания

Бүгін Наурыздың сегізі,

Сұлулықтың егізі.

Әдемі сөз анамның,

Анаға айтар лебізі.

Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай

2.Айша.

Көктем күні керемет

Жаңбыр жауар себелеп.

Күн ашылса болғаны,

Көлбеңдейді көбелек.

Бар табиғат нәр алып,

Шыға келер жаңарып

Қызғалдақ боп құлпырып,

Көктем біздің балалық.

3.Айнара

Әлпештеген аялаған

Ақ сүт берген апатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын

Мені жақсы көреді

Күндей күліп келеді

Көп ертегі біледі

Маған айтып береді.

4.Әмина

Жанымызды жайнатқан

Сіздер ғой ол аналар

Зор денсаулық мол бақыт

Тілейміз біз балалар

Аппақ мамам, ақ мамам

«Ақ мамам» деп мақтанам

Түн ұйқыңды төрт болып

«Бөпешім» деп жатпаған

5.Адия

    Анам менің сүйіктім

    Текөзіңе табынам

    Қасымда жүрсең биікпін

    Алыстасаң сағынам

    Анаң болса қасыңда

    Басқа бақыт не керек

    Аналардың жүрегі

    Мейірімді ғой керемет

6.Мөлдір

Әр сөзіңді жаттаған

Жүрегіңде сақтаған

Анашым деп мақтанам

Айналайын ақ мамам

Айтсаң болды тіл алам

Әйбат анам әй анам

Сені көрсем қуанам

Сен керексің қашанда.

7.Арайлым: Өзің мені өсірген

Айналайын ақ әжем

Тентек болсам кешірген

Балдай тәтті бал әжем

8.Аружан

Өзің мені өсірген

Айналайын ақ әжем

Тентек болсам кешірген

Ауырмашы, ай әжем

9. Аяна

Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді бұл кісі

Қандай ғажап күлкісі

10.Аяжана.

Немересін жанындай

Әжем жақсы көреді

Қонаққа барса ұмытпай

Кәмпіт әкеп береді

11.Бота:

Ана деген – жарық жұлдыз шырағың

Ана деген- қайнар ыстық бұлағың

Ана деген- өмірдегі қамқорың

Ана деген-сүйенерің, жан құрбым

12.Аделя:

Сырымды ұғатын,

өзіңсін қуатым

Күнімсің шығатын

Айымсың туатын

Аялы алақан,

Әлпештеп өсірген

Аяулы жан анам

Қатемді кешірген

13.Гүлбаршын:

Апам мені айым дейді

Мен мұнайсам уайым жейді

Апам мені күнім дейді

Мен қуансам күлімдейді

Анам-өмір шырағы

Анам-өмір бұлағы

Бесігімнің жыр әні

Жүрегімде тұрады

14.ААнамды мен жақсы көрем

Айтқан тілін алып жүрем

Қасымда апам жүргенде

Шаттанып ойнап күлем

15.

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Бізді ана қуантып

Ұзақ өмір сүріңіз

Жүргізуші : Осы ардақты аналарымызға ән орындап берейік

«Құттықтаймын мама туған күніңмен!»

Жүргізуші:

-Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр. Шешуін таба аламыз ба?

Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған

Бүл кім?

Балалар: Ана, ана, ана.

Жүргізуші:

Тамаша, өнерлі екенсіңдер.Ал балалар сендер үйде ата-аналарыңа көмек тесесіңдер ме? Шындарыңды айтыңдар! Қазір мен аналарыңнан сұраймын.

1.Күні бойы ойнай беретін, ойнап болған соң ойыншықтарын жинауға ерінетін, дым істемейтін, жалқау бала бар ма сіздерде?

Аналары: Жоқ, жоқ!

2.Ал, тәңертең ерте тұрып, мектепке өзі киінетін,үйде анасына көмектесетін әдепті, тәртіпті бала бар ма сіздерде?

Аналары: Бар, бар!

Міне, алдарыңызда сіздердің балаларыңыз, еліміздің болашағы, менің шәкірттерім бар өнерін көрсетпек.

Құрметті жиналған қауым бәріміз ана деген асыл жаннан жаралған бір тұлғамыз. Сол аналарымызға ұзақ өмір, талмас қанат, таусылмас бақыт тілей отырып, мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Иә, бәрімізге де осынау әлемнің жарығын сыйлаған ана есімі қашанда биік, әрі қымбат.

Алдымен өнер көрсетер аруларымызға сәттілік тілеп, мерекемен құттықтап ____________ әжеміздің ақ батасын алуға рұхсат беріңіздер.

Жүргізуші:Қыздарымыз сүйкімді болсын деп,
Өнер –білімге икемді болсын деп,
Бәйтеректей бойшаңдансын деп,
Өрен-өршіл өркенді болсын деп,
«Қыз еркем, қылығымен көркем» атты кешімізді бастайық.

Жүргізуші:

Өнер, білім, өнеге тұнған дарын,
Өнерліге өз басым таң қаламын.
Өнерді әділдікпен бағалайтын,
Таныстырайын әділқазы алқаларын.әділқазылар

1.

2.

3.

4.

Жүргізуші:

Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!(Арулар сахна төріне шақырылады)

Біздің қыздар өнерлі

Бойға жиған өнерді

Мөлдір

Адия

Мына қыздар елгезек

Алады тез тіліңді.

Аяна мен Аяжана

Алла қыз білімді

Меңгерген бар ілімді

_____________________

Ақша бетті Айкөркем

Ұқсайды хор қызына

___________________________

Сымбатты қыз үлбіреп

Қос жанары мөлдіреп

__________________

Білім жолын қуған,

Белін бекем буған

Ерке қызы даламның,

Көмекшісі ананың

___________________________

Айтқан тілді алатын,

Талмайтын еш қанаты

___________________________

1.Акилбекова Каусар

2.Амангельдина Жания

3.Әшірқызы Арайлым

4.Базарбай Ақмарал

5.Бимурзинова Аделя

6.Дана Адия

7.Ерғалиқызы Айша

8.Кабурова Аружан

9.Мәлік Гүлбаршын

10.Мұрат Әмина

11.Нәрік Бота

12.Сагитова Айдана

13.Сейсенбаева Аяжана

14.Сейсенбаева Аяна

15.Сұлтанай Айнара

16.Тойшыбай Мөлдір

Көңілге түй сен мұны,
Әр бүлдіршін — ел гүлі.
Бақытты елде туғаның
Есіміңнен белгілі

Бірінші сайыс өзін — өзі таныстыру.

Жүргізуші:

Жадырап сәуле бейне күн дидары.
Бұлбұлдай дауысыңмен ән силашы,
Күй тартып, би де биле, өлең оқы
Аруға қай өнер де жарасады

Аруларымыз келесі бөлімге дайын болғанша Сардар жігітіміздің орындауындағы «Қазақтың қаны» әнін қабыл алыңыздар

Жүргізуші:
Өнерсізден қашып жүр,
Өнермен үлгі шашып жүр.
Өнерді көп білетін дана болар,
Өнерсіздің ісі шала болар.
Қане, қыздардың өнерін тамашалайық.

Екінші сайыс-өнерліге өріс кең.

Жүргізуші:

Бізді өсірген апатай
Еңбегіңіз зор екен
Құтты болсын апатай
Құтты болсын мерекең.

Жүргізуші:

Сымбатына сай киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасын деп, -келесі сайысымыз «Көктем гүлі» атты сән үлгісі.

Жүргізуші: Әділқазылар әділ бағасын бергенше ұлдарымызбен қыздарымыздың биін тамашалайық.

Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
Бір көріп таң қалдырмай сахнада,
Өмірде сақталсыншы бұл әдебі — деп ару қыздарымызды ортаға қошаметпен шақырайық.

Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа.
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.

Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтып,
Әділқазы алқасымен ортаға шақырамыз

«Жүзден жүйрік мыңнан тұлпар» демекші бүгінгі сайысымызды марапаттау үшін, келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Би билеп ән мен күйде аяқталды
Уақытта біраз жерге таяп қалды
Көктеммен қоса келген
Ару қыздар, аналар мерекесі аяқталды.
Құттықтау сөз кезегін ата – аналарға ұсыну.

Осыған ұқсас жазбалар:

БастауышЕрке қызы даламның (сыныптан тыс шара)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1110043

Теги: қыз сыны
Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар