Қысқа мерзімді жоспар. Уақыт өлшем бірліктері және үлестері

16 қазан 2014 - Зульфия Жумабаева

Маңғыстау облысы,

Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы 

Опорный орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Жумабаева Зульфия Алматовна

Күні:29.09.2014

Пәні: математика

Тақырыбы

Уақыттың бірліктері және оның үлестері.

 Мақсаты

 

Оқушыларға уақыт бірліктері және оның үлестерін  меңгеру.

Міндеттері:

1Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыра отырып, уақыт  өлшем бірліктерін еске түсіру

2.    Өз бетінше  және топпен  жұмыс  істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту

3.   Оқушыларды шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Оқытуда қолданылған

әдіс-тәсілдер

 

СТО, АКТ, Диалог, бағалау, дарынды оқушы,  жас ерекшелік,

Көшбасшылық,  

Оқу нәтижесі:

 

Оқушылар массаның бірліктері  және оның үлестерін меңгерді.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

 

  Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушыларіс-әрекеті

 

I.Ұйымдастыру кезеңі

 Психологиялық дайындық.

І. Ұйымдастыру кезеңі:
— Топқа бөлу. Оқушылар 4 баладан тұратын шағын топтарға «Броундық қозғалыс» ойыны бойынша бөлінеді.
-Ойсергек.

       1. Оқушылардың өткен сабақты қаншалықты меңгергенін, түсінгенін байқау,

           анықтау.          

Бағалау критерийлері:
1.Тапсырмалардың барлығын қатесіз орындау.
2. Ережелерді толық білу.
3. Сұрақтарға жауап беру.

II.Үй тапсырмасын  пысықтау:

Топтық жұмыс. Оқушылар үй жүмысын қалайша орындағандығын топ ішінде талқылайды.
Жариялау. Бір оқушы үй тапсырмасын бүкіл сыныпқа оқиды. Қалған оқушылар есептің шығарылуының дұрыс-бұрыстығын айтады.

III. Жаңа сабақ

1.Ауызша жұмыс.

          Ребус шешу. 

        1 ғасыр – 100 жыл.

 2) Жыл басына таласқан хайуанаттарды білеміз бе, балалар?

  Ендеше, логикалық тапсырмалар орындау арқылы жыл он екі ай жануарларын рет-ретімен тауып, орналастырайық.

 Интерактивті тақтаны пайдаланып, жыл он екі ай жануарларын өз ретімен орналастырамыз. Соның ішінде жылқы жылы туралы қызықты әңгімелер айту керек.

12 жыл – 1 мүшел

1 жыл – 12 ай  

* Оқулықпен жұмыс

2. Дәптермен жұмыс.

Үш аптада қанша күн бар? (21)

2 жарым сағат қанша минутты  құрайды? (150 мин)

2 сабақ қанша минутқа созылады?  (90 мин)

Жазғы каникул неше айға созылады? (3 ай)

Қайсы айда ең аз күн?   (ақпан)

Бір аптада неше күн бар? (7 күн)

Бір есік, бір есікте мың есік? (Елеуіш)

Үш тілі бар, үшеуі де жүреді? (Сағат)

Егер «Т-дан» бастасаң, -санмын.

«Т-ны» алып тастасаң, жаумын? (Төрт)

1 жылда неше ай бар?

1 жылда қанша тәулік бар?  1 айда ше?

1 сағатта неше минут бар?

1 минутта ше?

Уақытты өлшеуге арналған құрал? (сағат, секунд өлшеуіш)

Сағаттың қандай түрлерін білесіңдер?    (механикалық, электронды, құмсағат, сусағат, күнсағат).

 

№1.  Уақыт аралығын есептеуге арналған  тапсырмалар. (ауызша)

№2.  Өлшем бірліктерді өрнектеу.

№ 3. Өздік жұмыс ретінде қолданылатын есеп.

           1- баған –І нұсқа, 2 – баған – ІІ нұсқа.   

№4.  а) есептің шешуін ұжым болып, жан – жақты талдау арқылы орындау.

Болды-? 3 маш. 165- тен

Жұмсалды —? тақтай

Қалды – 196 тақтай

  ә)  есепті өздіктерінен орындауға беріп, соңынан талданады.

1) 45∙4=180 (ш) алды.  – Қанша шеге алды? Шеге санын табу.

2) 180+270=450 (ш) болды.  

   45∙4+270=450 (ш)

Топпен жұмыс №6

№6 ә) «Кім жылдам?»  Қалдықпен бөлу.

№8  «Ойлан, шапшаң, жұптас»

·        Сергіту сәті

Бір аптаны бөлгенде,

Жеті күн бар білгенге.

Жеті зат бар сөмкемде,

Қарындаш, пенал, оқулық,

Өшіргіш берер тазалық.

Қаламсап керек жазуға,

Дәптер менен оқулық.

Бәрін қайта атап шық,

Саусақ бүгіп санап шық.

 

·        Айналмалы сұрақтар

Ой қорыту: «Ойлан, тап»

·        Логикалық тапсырмалар.

1.Киноға билет алу үшің кассаға кезекте 13 адам тұр. Жандос кезектің бас жағынан санағанда жетінші болып тұр. Кезектің соңынан санағанда нешінші болып тұр.(7)

2.Мектептегі олимпиада 19 қазанда басталып,25 қазанда аяқталды. Олимпиада неше күнге созылды.(7 күн)

 

·        Бағалау:

 

Үйге тапсырма:  №7

 

Кері байланыс

 

 Сәлемдеседі, оқу құралдарын  алады.

 Шаттық шеңберін жасайды.

 

 Оқушылар белгілербойынша  үш топқа бөлінеді.(1-ші,2-ші,3-ші)

 Көшбасшы үш топта сайланады.

 

 

 

 

 

 

  Оқушылар бағалау критерийлерін пысықтау

 

 

Топпен балалар  үй тапсырмасын пысықтайды, бір –бірінен ауызша көбейту  кестесін сұрайды.

 

Балаларды ойлануға және ойларын еркін айтуға бағыттау
Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту

 

 

 

 

Жаңа тақырыптың мақсатын анықтау.

 

 

 

   Оқушылар Джигсо әдісі арқылы топпен жұмыс жүргізіп жаңа сабақтың тақырыбын ашады..(бір-бірінікін тексереді, көмектеседі)

 

 Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту

 

 

 

 

Топпен пікірлесіп, орындау

Жұппен орындау

Сұрақтар қою

 

 

 

Топпен жұмыс  Оқушылардың  жеке қабілеттеріне қарай  тапсырмалар орындау

Дарынды және үлгерімі төмен оқушыларды  сабаққа тарту.Топтық тапсырмалар беру арқылы.

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың  жеке қабілеттеріне қарай  тапсырмалар орындау

 

 

 

 

 

Топпен пікірлесіп, орындау

Жұппен орындау

 

 

 

 

 

 

Жұппен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар сергиді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылардың  жеке қабілеттеріне қарай  тапсырмалар орындау

 

 

 

 

 

Критерийлер бойынша  топтық  және өзін-өзі бағалау

 

Оқушылар  үй тапсырмасын күнделікке жазады.

Оқушылар сабақтың соңында  рефлексия жазады.

Дереккөздер және жабдықтар:    Оқулық, суреттер, интернет материалдары

 

Кейінгі оқу

Уақыт  өлшем бірліктері мен үлестерін еске түсіру

 

 

 

Осыған ұқсас жазбалар:

Физикафизика пәнінен орта және қысқа мерзімді жоспарлар

Қазақ әдебиетіXX гасырдын басындагы казак әдебиеті

БиологияЖорғалаушылар класының жалпы сипаттамасы (қысқа мерзімді жоспар)

ГеографияГеография пәнінен ОРТА және Қысқа мерзімді жоспарлар

КембриджХҮІІІ ғасырдағы қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы (ҚМЖ)

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1062376

Пікірлер (0)

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар