10,100,1000 т.с.с. сандарға көбейту және бөлу

 

Жумаканова Гульмира Жамалиевна

ШҚО Көкпекті ауданы Биғаш ауылы

«Маяковский атындағы орта мектебі»КММ

Бастауыш сынып мұғалімі

 

Сабақтың түрі: Ашық сабақ

Пәні:         Математика

Сыныбы:   4-сынып

Сабақтың тақырыбы: 10,100,1000 т.с.с. сандарға көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Санды 10-ға, 100-ге, 1000-ға бөлудің, көбейтудің  тиімді тәсілдерін меңгерту.

Дамытушылық: Ойын технология  әдісінің элементтерін қолдана отырып оқушылардың ақыл-ойын, логикалық ойлау жүйесін дамыту, өздігінен қорытынды шығара білу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру

Сабақтың әдісі: ойын технология элементтерін қолдану, топпен жұмыс.

Көрнекілік:дидактикалық материалдар,  презентация.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі..

Оқушылар назарларын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық:

Біздер тату баламыз,

Өсіп алға барамыз.

Есептерді шығарып,

Біз білімді бламыз.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Дәптерлерінен үй тапсырмасын тексеру.

Дәптерлерді ауыстырып, көркем жазуды жазу. Күн ретін жазу.

ІІІ. Қызығушылықты ояту:

-         Балалар, терезеге қарайықшы қазір жылдың қай мезгілі?

-         Қандай ай?

-         Осы желтоқсан айында қандай мерекелер бар?

-         Жаңа жыл мерекесіне біз ортаға не құрамыз?

-         Ендеше, біз де бүгін  жасыл шырша құрамыз.

ІҮ. Жаңа сабақ.

1.     Шыршаны әкелу.

№1 есепті шығару:

а) 2 * 10                    23 * 10                        234 * 10

    2 * 100                  23 * 100                      234 * 100

    2 * 1000                23* 1000                    234 * 1000

— Кез келген санды 10, 100, 1000 сандарына көбейту үшін не істеу керек?

ә) 20: 10                      230: 10                      2340: 10

    200: 100                  2300: 100                  23400: 100

    2000: 1000              23000: 1000              234 000: 1000

-         Санды 10, 100, 1000 сандарына бөлу үшін не істедік?

2.     Шыршаны безендіру.

 Әр оқушыға жеке – жеке тапсырмалар беремін. Сендер сол тапсырмаларды дұрыс орындаған сайын шыршамыз әдемілене түседі.

№2

1-    тапсырма

98: 10

                           

2-    тапсырма

987: 100

3-    тапсырма                          

 9876 :1000

 №3

4-    тапсырма

Мына сандардың ішінен 10- ға қалдықсыз бөлінетіндерді  тізіп жаз:  3784, 3780, 3700, 3000, 4873, 7870, 4800, 4000.

5-    тапсырма

Мына сандардың ішінен 100- ге қалдықсыз бөлінетіндерді тізіп жаз:  3784, 3780, 3700, 3000, 4873, 7870, 4800, 4000.

3.     «Баспалдақ» ойыны.

-         Біз шыршаның басына жұлдызды ілу үшін баспалдаққа шығу керекпіз.

Оқулығымыздағы №4 есепті шығарайық.

 

Ү. Сергіту сәті:

Логикалық есептер: (жұмбақ есептер)

1.Аулада 5 үйрек,

Қорада 3 үйрек.

1 үйрек тығылды,

Қалғаны неше үйрек? (5 + 3) – 1 = 7

2. Он асықтың төртеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі,

Өз қолында қалады? 10 – 4 = 6

1.    Шыршаның шамын жағу.

№7 Есеп құрастырып және оны шығару:

 

Жылдамдық

Уақыт

Қашықтық

? Бірдей

4 сағат

240 км

5 сағат

?

t – 4 сағ                                           

s – 240км

v — ?

v = 240 км: 4сағ  = 60 км/ сағ

 

 

 

ҮІ. Бекіту:

Сәйкестендіру тесті:

 

2 * 10                                 4400          

23 * 10                               20

44 * 100                             6

55 * 1000                           230

600: 100                            92

50: 10                                55000

92000: 1000                      5                 

ҮІІ. Үйге тапсырма беру:

№6          122 – бет

Оқушылардың білімін бағалау.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1150683

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар