11 санымен таныстыру

20 қаңтар 2015 - Нағира Қоңырова

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: 11 санымен таныстыру.

Мақсаты: 11 санымен таныстыру, жасалу жолын түсіндіру, цифрын жазып, қол

жаттықтыру дағдыларын қалыптастыру. Жазбаша, ауызша, тура және кері санау, ақыл-ой белсендігін дамыту. Шапшандыққа, тапқырлыққа, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу.

Көрнекілік: Интерактифті тақта, үлестермелі материалдар, цифрлар, суреттер.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.

Түрі: Ойын

Қызмет кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Дәлелдеу-

отяу

Балалар, бүгін бізге көп қонақтар келген екен.

Қонақтармен амандасайық!

Ал енді шеңберге тұрып, көңіл күйімізді көтерейік.

Амансың ба, алтын күн

Амансың ба, көк аспан

Амансың ба, достарым

Амансың ба, қонақтар

Сабағымызды бастаймыз

Жамандықты тастаймыз.

Балалар амандасады.

Балалар көтеріңкі күйде қимыл-қозғалыс жасап, бір-біріне сәлем береді.

Ұйымдастыру

іздену

Балалар ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінен қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудан қандай санмен таныстық?

10- ға дейін тура және кері санау.

Жұмбақ

Қар тон еріп,

Су көбейіп,

Сай- салаға ағады.

Бүршік шашып,

Жапырақ ашып,

Гүл, бәйшешек басады.

Бөбектерім, айтыңдаршы!

Бұл қай кезде болады?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Алда қандай үлке мереке келе жатыр?

-Аналарыңа сыйлық жасағыларың келе ме?

Сурет бойынша әңгеме жүргізу.

11 санымен таныстыру.

11 санына есептер шығару.

10 алма+1 алма

10 қияр+1 қияр

10 алмұрт+1 алмұрт

10 өрік+1өрік

Дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Екі қолды қосқанда

Болып шықты он саусақ.

1-тапсырма:

Әр суретте қанша зат бар екенін сана және оларды сәйкес цифрмен байланыстыр.

2-тапсырма:

Суретте қанша зат болса, сонша шеңберді боя және сәйкес цифрды сызып белгіле.

3-тапсырма:

Әр суретте қанша алма бар екенін сана және қажатті цифрды шеңбер ішіне жаз.

4-тапсырма:

Көршісін тап

5-тапсырма:

Салыстыр

5 сөмке 4 сөмке

4 кітап 3 дәптер

Сергіту сәті:

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір,

Сағаттың тіліндей,

Иіліп солға бір,

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай- ақ.

Әр түрлі тапсырмалар орындау арқылы аналарына сыйлық жасады.

10 саны

0,1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

10,9,8,7,6,5,4,3,2,1,0

Көктем

Көктем.

Аналар мерекесі.

Келеді.

Суретке қарап өз ойларын айтты

Санмен танысты

11 алма

11 қияр

11 алмұрт

11өрік

11 санын жазды

Қимылмен жасады.

2,4,5

5,8

4 алма

5 сөмке

4 кітап

Қимылмен көрсетті

Гүлді бояды.

Рефлексивті

түзету

-Қандай санмен таныстық?

-11 саны қалай пайда болды?

Балаларды мадақтау, бағалау.

11 саны

10-ға 1-ді қосу арқылы

Күтетін нәтиже:

Білу: 11 санынының пайда болуын білді.

Игеру: Әр санның артында, алдында қандай сан бар екендігін игерді.

Меңгеру: Санның неше ондық,, неше бірліктен тұратынын меңгерді.

Осыған ұқсас жазбалар:

МатематикаРационал сандарды қосудың қасиеттері

МатематикаБерілген санның процентін табу

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1147909

Теги: цифр, сан
Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар