Қайқауыс «Ата-ананы құрметтеу туралы»

Қайқауыс «Ата-ананы құрметтеу туралы»

Пәні:Әдебиеттік оқу.

Күні: 28.01.15

Мұғалімі:Назарбекова Фарида Кыдыралиевна

Сыныбы:2 «Ж»

Сабақтың тақырыбы: Қайқауыс «Ата-ананы құрметтеу туралы»

Сабақтың мақсаты: Мәтіннің негізгі идеясын ашқызу. Қайқауыс туралы мәлімет бере отырып, Кабуснама кітабының кейінгі ұрпаққа айтылып отырған үгіт-насихатқа толы кітап екендігін ұғындыру. Бейнероликті көрсетіп, топтық тапсырмаларды орындату арқылы ата-ананы құрметтей білетін ұл мен қыз болып өсуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: : Мәтіннің негізгі идеясын ашады. Қайқауыс туралы мәлімет алады. Кабуснама –ертеден келе жатқан үгіт-насихатқа толы кітіп екендігін біледі.Ата-ананы құрметтеуге дағдыланады. Екі шығарманың мазмұнын салыстыра біледі. Өз пікірін ашық айтуға қалыптасады.

Қолданылатын әдіс- тәсілі: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының әдіс- тәсілдері: «Ойлан, Жұртас; Талқыла», «Автор орындығы», «Шығармалар кестесі»

Пайдаланған модульдер:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық, таланты және дарынды балаларды оқыту, сыни тұрғыдан ойлануға үйрету, оқу мен оқытудағы ақпараттық –коммуникациялық технологияларды қолдану.

Ресурстар, дерек көздері:Әдебиеттік оқу( 2-сынып ) оқулығы, әдістеме,ғаламтор, электронды оқулық

Көрнекі құралдар: оқулық, маркер, суреттер, плакаттар

Сабақтың кезеңдері

«Блум»

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2 минут

Психологиялық ахуал

Көңіл-күйлеріңіз қалай?

-Тамаша!

Сабаққа дайындықтарыңыз ше!

-Керемет!

Онда бастаймыз ба?

-Бастаймыз.

Топтарға бөлу

Ата, әже, ана, әке

Сәлемдесу, жағдай сұрасу ишаратын жасайды.

4 топқа бөлінеді.

Бағалаумен танысады.

Білу

5 минут

1.Үй тапсырмасын сұрау, пысықтау.

Он сұрақ

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Ұшқан ұя әңгімесінде кім туралы айтылған?

-Авторы кім?

— Бауыржан Момышұлы кім?

-Сонда Бауыржан, бұл әңгімеде өмірінің қай шағы туралы айтқан?

-Әкесі кім еді?

-Ол баласына қандай тәлім-тәрбие берді деп ойлайсыңдар?

-Әдептіліктің белгісі не екен?

-Жеті атасын қалай үйренді?

-Жеті атаны санамалап бер

-Кім өзінің жеті атасын жатқа айтып бергісі келеді?

Ой қорыту

Жеті атасын білген ұл,

Жеті жұрттың қамын жер.

Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі

-Яғни әрбір адам қайдан тәрбие алады екен?

-Отбасынан тәрбие алса,

елтанудың басы жеті атасын білуден басталатынын ұмытпағайсыңдар.

Әр топ үй тапсырмасы бойынша топқа берілген тапсырмаларға жауап береді.

Сызбалар бойынша жұмыстанады.

Мақал-мәтел арқылы мәтіннің негізгі идеясын қорытындылап айтады.

.

Түсіну

7 минут

Қызығушылықты ояту

Миға шабуыл

Әр топқа конверттер тарату. Конверттің ішіндегі суреттерді құрастырту арқылы жапсырады.Осы суреттер арқылы ойларыңа не түйдіңдер?

Бүгінгі жаңа сабағымыз не туралы болмақ?

Жапсырған суреттерін тақтаға іліп, не туралы екендігін айтадыү

Жаңа сабақ тақырыбын сұраққа жауап беру арқылы өздері табады.

Қолдану

15 минут

Мағынаны тану

Интертақтадағы жазба арқылы

Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Кабуснама кітабынан келтірілген үзіндіні электронды оқулықтан тыңдату. Оқулықағы мәтінді мұқият тыңдап қанша бөлімнен тұратынын анықтайықшы.

Сөздік жұмысын жүргізу.

Перзент- бала

Парасат- сана, ақыл-ой

Қаяу- реніш

-Мәтін неше бөліктен тұрады?

1.Ата-ананы құрметтеу

2.Ата-аныңды ешқашан режітуші болма!

3.Сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды деген бөлімдер мәтіннің қай бөліктерінде айтылған?

— мәтіндегі теңеу сөздерін тауып оқып, түсіндір.

Оқушылар жаңа сабақтан білгісі келетін сұрақтарды қояды.

Сөздердің мағынасын ашып айтады.

Мәтінді тізбектей оқиды, әр бөлімнің мағынасын ашады.

Талдау

8 минут

Сергіту сәті:

С. Мәуленовтың «Ата ақылы » өлеңін хормен, іс-қимыл арқылы айтқызу.

Шығармашылық тапсырма:

Топқа тапсырма

1-топ: Ата-ана, бала туралы мақал –мәтел дерді мағынасына қарай стрелка арқылы сәйкестендіріп, 1 мақалдың мағынасын түсіндір.

2-топ: Әртүрлі суреттер таратылып «Ата анаңды неге теңер едің?»сұрағына сәйкес келетін суреттердің жанына отбасы мүшелерін жапсырту, себебін анықтату.

3-топ: Олар қандай? сұрағына өлеңнің ұйқасын тауып жазу арқылы өлең құрату.

4 — топ: Сен ата-анаңа не істесең, саған перзентің де соны жасайды» деген негізгі ойға құрылған қандай әңгіме оқып едік.Есіңе түсіріп сол әңгімені сахналап беріңдер

Бірге айтады.

Әр топ өз жұмыстарын орындап қорғайды.

Жиақтау

3 минут

Бейнеролик «Ата-анаға құрмет» көрсету.

Бүгінгі сабағымыздан өзіңе не түйдің?

-Кабуснама деген не?

-Ол кітапты кім және кімге арнап жазған екен?

Сен ешқашанда ата-анаңды режітуші болма!

Бенеролик көріп, ойларын қорытады.

Баға-

лау

2 минут

Смайликтер арқылы топтарды бағалату.

Бағалайды

Рефлексия

3 минут

«Білім ағашы» атты стендке бүгінгі сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазғызып жапсырту.

Өте жақсы- қызыл алмалы стикер

Жақсы- жасыл түсті

Түсініксіз-сары түсті стикер жапсырту.

Үй тапсырмасы:

Әңгімеден үзінді жаттау. «Үлкенге құрмет» тақырыбына сурет салып келу.

Алған әсерлерін стикерге жазып «Білім ағашына» жапсырады.

Үйге тапсырма алады.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1148549

Теги: bekzat, 2000
Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар