Дихан Әбілов Туған тілім (ҚМЖ)

Пәні:Әдебиеттік оқу.

Мұғалімі:Назарбекова Фарида Кыдыралиевна

Сыныбы:2 «Ж»

Сабақтың тақырыбы: Дихан Әбілов Туған тілім

Сабақтың мақсаты:

Ақынның өлеңінің мағынасын ашып түсіндіру;

мәнерлеп оқуға үйрету; сыни ойлануға дағдыландыру; өз тілін құрметтеуге деген ықыласын ояту;

сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже:

Өлеңнің мазмұныны түсінеді; мәнерлеп оқуға талпынады; Сыни ойлау арқылы өзіндік ой-пікірлері, сөздік қорлары молаяды.Топта жұмыс істеуге дағдыланады.

Қолданылатын әдіс- тәсілі: «Ыстық орындық» «Қарша бораты»топтық тапсырмалар

Пайдаланған модульдер:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық, таланты және дарынды балаларды оқыту, сыни тұрғыдан ойлануға үйрету.

Ресурстар, дерек көздері:Әдебиеттік оқу( 2-сынып ) оқулығы, әдістеме,ғаламтор.

Көрнекі құралдар: оқулық, интербелсенді тақта, маркер, суреттер,

Сабақтың кезеңдері

«Блум»

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

1.Психологиялық сауал

2.Топтарға бөлу

Құдыретті, қасиетті, ана, мемлекеттік сөздерін пайдаланып топқа бөлу

Құдыретті, қасиетті, ана, мемлекеттік сөздерін пайдаланып топқа бөлінеді.

Бағалау парақшаларындағы критерийді түсіндіру.

Білу

(7 минут)

Үй тапсырмасы

«Астана»Күләш Ахметованың өлеңін «Ыстық доп» әдісі арқылы мәнерлетіп оқыту. «Қаршы борату» әдісі арқылы топтар бір-біріне ашық және жабық сұрақтар қояды.

Мәнерлеп оқиды. Сұрақтарға жауып береді.

Түсіну

10 минут

1.Қызығушылықты ояту.

Сабақбасында таратылған сөздерге не? Деген сұраққа жауап беретін бір ғана сөзді тауып сөз тіркесін құрастырту арқылы жаңа сабақтың мағынасын ашу

Қасиетті тіл

Ана тіл

Мемлекеттік тіл

Құдіретті тіл деген сөздер пайда болады

Не? сұрағына жауап беретін сөзді тауып жазады, сөз тіркесін әр топ оқып береді.

Қолдану 10 минут

Жаңа сабақ тақырыбы қалай аталады екен? Деген сұрақ қойылады.

Оқулықпен жұмыс.

-Іштей оқыту, тізбектете оқыту

Топпен жұмыс

Әр топқа бірдей тапсырмаарқылы өлеңнің шумағын қалай түсінгендерін анықтау

Төменде берілген сөздерге қатысты ақын қолданған сөздерді тауып көр, жаз, өз сөзіңмен түсіндір

Сұрақ-жауап

-Ақынның туған тіл деп отырғаны қай тіл?

Келесі шумақтағы туған тіл деп отырған сөз тіркесінің орнына қазақ тілі деген сөз тіркесінқойып оқып көр, не түсіндің?

Өлең ұйқасады ма?

Оқулықпен жұмыс

Өлеңді жеке және тізбектете оқиды

Топпен жұмыс

Топтар берілген тапсырманы бірлесіп топта орындайды.

Сұраққа жауап береді.

Қазақ тілі деген сөз тіркесін қойып оқып көріп,қлеіді ұйұас жолдарына мән береді.

Талдау 3 минут

Сергіту сәті:

Белгісіз басшы

Топпен жұмыс

1-топ.

Тіл уралы 5 мақал-мәтел тауып

2-еуінің мағынаын түсіндірді.

2-топ

«5 жолды» өлең шығарады.

Не?

Қандай?

Не істеді?

Сөйлем

М.Сөз

3-топ

Сурет салады «Туған тіл»

4- топ Қайталанып тұрған сөз тіркестерін пайдаланып, өлең құрастырады.

Туған тілім…

Туған тілім…

Туған тілім…

Туған тілім…

Бір оқушы сыртқа шығады Қалғаноқушылар белгісіз басшы дайындап, соның іс-қимылын қайталайды.Оқушы сыныпқа кіргенде тек белгісіз басшыны іздейді.

1 – топ

Мақал –мәтел жазады, мағынасын түсіндіреді.

2 – топ

«5 жолды өлең »шығарады.

3 – топ Сурет салады

4- топ Өлең құрастырады.

Постерлерін қорғайды.

Жинақтау

«Шынжыр» әдісі берілген сөзге қатысты 4 топ 4 сөйлем құрау арқылы мәтін құрастырады.

1-топ. Бай тіл

2- топ. Мемлекеттік тіл

3- топ. Ақындар, жазушылар

4- топ. Құрметте

Сөзге байланысты сөйлем құрастыру.

Бағалау

Бағалау парақшалары арқылы әр топ өздерін бағалайды.

Рефлексия

-Топта өзара жұмыс істеу сендерге ұнады ма?

-Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

-Не белдіңдер, не үйрендіңдер?

Үй тапсырмасы: өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап келу.Өз ойынан өлең шығару немесе шағын эссе жазу

Алған әсерлерін жазып, қорапқа салады.

Пәні:Әдебиеттік оқу.

Мұғалімі:Назарбекова Фарида Кыдыралиевна

Өтілетін күні:16.01.15ж

Сыныбы:2 «Ж»

Сабақтың тақырыбы: Ж. Смақов «Айтшы әжетай»

Сабақтың мақсаты: :Оқушыларды Ж.Смақовтың «Айтшы әжетай» өлеңімен таныстыру және мазмұны мен идеясын меңгерту.

Оқушыларды сауатты, мәнерлі,әсерлі оқуға баулу.Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту

Күтілетін нәтиже::Оқушыларды Ж.Смақовтың «Айтшы әжетай» өлеңімен таныстыру және мазмұны мен идеясын меңгереді. Сауатты, мәнерлі,әсерлі оқуға дағдыланады.Шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренеді, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамиды.

Қолданылатын әдіс- тәсілі: «Шынжыр »әдісі, «Ішіне, Сыртына» әдістері

Пайдаланған модульдер:Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу, оқытуды басқару және көшбасшылық, таланты және дарынды балаларды оқыту, сыни тұрғыдан ойлануға үйрету.

Ресурстар, дерек көздері:Әдебиеттік оқу( 2-сынып ) оқулығы, әдістеме,ғаламтор.

Көрнекі құралдар: оқулық, интербелсенді тақта, маркер, суреттер,

Ж. Смақов туралы біледі.

Сабақтың кезеңдері

«Блум»

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

1.Психологиялық сәт

«5» болсын алар бағамыз

Білімнен бақыт табамыз

Өнерменен өрістеп,

Өсе берсін санамыз

2.Топтарға бөлу

Тәрбиеші, құрылысшы, жылқышы, дәрігер

.Сәлемдеседі, өлең жолдарын бірге айтады.

Топқа мамандық атауымен бөлінеді.

Білу

(7 минут)

Үй тапсырмасымен жұмыс: «Мысық пен тышқандар»

1.Ертегіні мәнерлеп оқыту

2.Мазмұнын айтқызу

3.Тәрбиелік мәнін ұғындыру

Өткен сабақты бекіту:

Өткен сабақ бойынша қысқаша түсінік беріп, жаңа сабақпен байланыстыру.

Сөзжұмбақ шешу: Миға шабуыл

ә

ж

е

а

т

а

к

а

р

ы

н

д

а

с

а

ғ

а

н

е

м

е

р

е

1.Әкеңнің шешесі кім?

2.Әкеңнің әкесі кім?

3.Ер баламен бірге туған жасы кіші қыз бала?

4.Бірге туған, өзіңнен жасы үлкен ер бала?

5.Ұлдың баласы?

Үй тапсырмасының мазмұнын айтқызу.

Өткен сабақты бекітіп, жаңа сабақ тақырыбын Сөзжүмбақ

Арқылы

ашады.

Түсіну

10 минут

Мағынаны тану

Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Ж.Смақовтың «Айтшы әжетай» өлеңін мәнерлеп оқу.

Мазмұнын түсіндіру

А) Іштей оқу

Ә) Тізбектей оқу

Дәптермен жұмыс:

Ақтабан-белгілі бір аттың жеке аты.

Қаракөл қойы-қойдың түрі

Оқулықпен жұмыс

Өлеңді іштей және тізбектете оқиды, дәптермен жұмыс жасайды.

Қолдану 10 минут

Белгілі балалар ақыны Жақан Смақов туралы мәлімет

Автор суреті, Ж.Смақов 1932ж Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Ынталы ауылында дүниеге келген.Ж.Смақовтың «Сыйлық», «Қаз-қаз бас», «Жастық сыры», «Ойындар мен жұмбақтар» өлеңдер жинағы басылды.Бұлардан басқа «Біздің атай Түсекең», «Қартаймайтын кісі екен», «Менің бөпем», «Ғажайып бұлттар», «Саяхат» деп аталатын сурет кітапшаларын бастырды.

Талдау 3 минут

Сергіту сәті:

Әжем менің әлі де

Ұқсамайды кәріге

Шай қайнатып береді.

Біздің үйдің бәріне

Топпен жұмыс

1-топ.

. Ата –асқар тау.

Ана-бауырындағы бұлақ,

Бала –жағасындағы құрақ.

Нақыл сөздің мағынасын түсіндіру.

Осы нақыл бойынша қандай сурет салуға болады?

2-топ

«Әжетай» «5 жолды» өлең шығарады.

Не?

Қандай?

Не істеді?

Сөйлем

М.Сөз

3-топ

Кестемен жұмыс:

Туыстық атауы Мамандығы

Атасы Тәрбиеші

Нағашысы Монтер

Жеңгесі Жылқышы

Ағасы Сауыншы

Жиен ағасы Құрылысшы

Апасы Егінші

Жездесі Қойшы

4- топ

Туыстық атауларын топтастыр. «Ішіне, Сыртына»әдісі арқылы

Әке жағынан туыс Шеше жағынан туыс

Бірге айтады

1 – топ

Сурет салып, қорғайды.

2 – топ

«5 жолды өлең»шығарады.

3 – топ Туыстық атауының мамандығын сәйкестендіру.

4- топ Туыстық атауларын топтап жазады.

Постерлерін қорғайды.

Жинақтау

«Шынжыр» әдісі берілген сөзге қатысты 4 топ 4 сөйлем құрау арқылы мәтін құрастырады.

1-топ. Әже

2- топ. Ардақты

3- топ. Мейірімді

4- топ. Аналардың анасы

Сөзге байланысты сөйлем құрастыру.

Бағалау

Бағалау парақшалары арқылы әр топ өздерін бағалайды.

Рефлексия

-Топта өзара жұмыс істеу сендерге ұнады ма?

-Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

-Не белдіңдер, не үйрендіңдер?

Үй тапсырмасы: өлеңді мәнерлеп оқып, жаттап келу.Өз ойынан өлең шығару немесе шағын эссе жазу

Алған әсерлерін жазып, қорапқа салады.

Сабақ жоспарлары сайты,      www.jospar.kz - 1152308

Пікірлер (0)

Пікір жазылған жоқ, алғашқы болыңыз!

Сайт редакциясының

Электронды почтасы:

bioustaz@mail.ru

Блогтағы жазбалар